166
дарын өзге сөздер ала бастайды. Мысалы, «армия» мағына-
сындағы
қол, шерік сөздерімен қатар
әскер сөзі айтыла
бастағанын көреміз, сондай-ақ
ару сөзінің орнына
сұлу сөзі,
«ел» мағынасындағы
байтақ сөзінің орнына
ел, жүз (Орта
жүз, Ұлы жүз),
абаданның орнына
алғыр сөздері кездеседі.
Керісінше, бір алуан атаулар белгілі бір ұғымда қалыптаса
түскен. Мысалы, «этникалық бірлік» (осы күнгі
халық)
мағынасында бұрын
жұрт, ел, халық сөздері талғаусыз бірінің
орнына бірі жұмсала берсе, біз сөз етіп отырған дәуірде
халық
арабизмі бел ала бастайды. Ол әсіресе
қазақ сөзімен тіркесге
тұрақтала түседі:
Қазақ деген халқыңыз (Бұхар). Бұрын ак-
тивтеу қолданылып келген
алаш сөзімен қатар енді
қазақ
сөзі жиірек келеді. Мысалы, Бұхардың «Шүршіт келем деген
сөз бар-ды» деген толғауының Г.Н.Потанин жазбаларындағы
мәтінінде:
Он сан қазақ тізгіні деген жол бар (бұрынғы
он сан
алаштың орнына).
Бұл кезеңдегі ақындар тілінде лексиканың нормалана түсуі,
дәстүрлі поэтизмдердің ығыса бастауы анығырақ сезіледі.
Көтеш, Шал ақындарда
ару сөзі де,
бикеш сөзі де жоқ, олардың
орнына
қыз, қатын сөздері бар, бұларда «жауынгар, жасақшы»
мәнінде
аламан, шора, азамат сөздері де жоқ,
жауынгер сөзі
бар.
Қарашы сөзімен келетін дәстүрлі образды ендігі ақындар
Достарыңызбен бөлісу: