§ 7. XVIII ғасырдағы әдеби тілдің грамматикалық
сипаты
Сөз етіп отырған кезең қаламгерлерінің де не өз қолдары-
мен, не замандастарының қолымен жазып қалдырған нұсқа-
лары жоқ болғандықтан, ол мұралар ауызша сақталып келіп,
ең әрі дегенде XIX ғасырдың II жартысында ғана хатқа түскен-
діктен, бұл жерде де қазақ әдеби тілінің фонетикалық не
грамматикалық сипатын тап басып суреттеу мүмкіндігі жоқ.
Дегенмен кейбір грамматикалық ерекшеліктерді көрсетуге бо-
лады.
Мұнда да негізгі грамматикалық категориялар: септеу, жік-
теу жүйесі, сын есімнің шырай түрлері, зат есімнің көпше
түрде тұлғалануы, етістіктерді рай, шақ, етіс түрлері, сөздер-
ді байланыстыру амалдары, шылаулардың негізгі сөзді мең-
геруі қазіргі қазақ тілі нормаларымен сай келеді. Алдыңғы
дәуірлерден айырмашылығы – ХVIII ғасыр мәтіндерінде ноғай-
лық тұлғалар жоқ (менім, бізім, жаталар сияқты). Сондай-ақ
шығыс септіктің ортағасырлық жазба дәстүрінде кездесетін
Достарыңызбен бөлісу: |