VII ТАРАУ ______________________________ XIX ҒАСЫРДА ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖАЗУЫ МЕН ЕМЛЕСІ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕЛЕР § 1. XIX ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ лексикографиясы Кейбір тілдердің сөз байлығы өзін зерттеп танудан бұрын
хатқа түседі. Сондай тілдердің бірі – қазақ тілі. Қазақ тілінің
фонетикасы мен грамматикалық құрылысының ғылыми тұрғы-
дан алғаш зерттеліп, ол жайындағы еңбектердің жарық көруі
XIX ғасырдың соң тұсынан басталады. Ал қазақ тілінің лекси-
кографиясы, яғни сөздіктері, өз тарихын бұдан көп бұрыннан
бастайды. Түркі тілдерінің әйгілі сөздіктері – Махмұд Қашғари
құрастырған «Диван лұғат ат-түрк» (XI ғ.), XIV ғасыр ескерткіші
– «Кодекс Куманикустер» мен орта ғасырларда жазылған әр
алуан арабша-түркіше, түркіше-арабша-монғолша, парсыша-
түркіше сөздіктерді былай қойғанда, одан кейінгі кезеңдерде
де қазақ лексикасы әрдайым хатқа түсіп отырды.
Әрине, лексикографияны құрайтын тек екі тілдік сөздіктер
емес, дегенмен сөздік жасаудың бір мақсаты – екі тілді табы-
стыру болғандықтан, лексикографияның тағдыры мен дамуы
көбінесе бір халықтың өзге халықтармен қарым-қатынас та-
рихына ұштасып жатады. Егер түркі тілдеріне, оның ішінде
қазақ тіліне қатысты алғашқы сөздіктер араб, парсы, монғол
тілдерімен жанасып жатса, соңғы екі ғасыр ішіндегі қазақ лек-
сикографиясы орыс тілімен тікелей байланысты болып келеді.
Қазақ тіліне қатысты лексикографиялық жұмыстардың
қауырт қолға алынып, дами бастаған тұсы – ХIX ғасырдың
II жартысы. Екі тілдік сөздіктер мен салыстырма түрдегі
сөздіктерді қоса есептегенде және кейбіреулерінің қайта басы-
лымдарын санағанда, Қазан революциясына дейін қазақ лек-
сикасына қатысты 40-қа жуық сөздік жарық көрген екен. Олар
мыналар: