§ 2. Жазу (графика) және емле мәселелері
Қазақ халқы сан ғасыр бойы араб жазуын пайдаланып
келді. Бұл жазу халықтың рухани-мәдени мұқтажын белгілі бір
дәрежеде өтеуге де, түркі халықтарына тән әдеби мұраларды
оқып-білуге де, өзге туысқан халықтармен қарым-қатынас жа-
сауларына да, ең негізгісі – сауаттарын ашып, хат тануға, мұсыл-
манша ғылым-біліммен танысуға да әбден жарап келді. Соған
қарамастан, XIX ғасырдың II жартысында қазақ мәдениетінде
жазу (графика) проблемасы көтерілді. Араб жазуынан өзге жа-
зуды – орыс графикасын пайдалану идеясы пайда болды.
Қазақтар үшін орыс жазуын қабылдау идеясы орыстар
тарапынан бұдан көп бұрын айтылған болатын. Этнограф
Е.Масановтың ізденістеріне қарағанда, XVIII ғасырдың II жар-
тысында (1768 жылы) Ресей үкіметі мен академиясы тарапы-
нан қазақ даласына Екінші академиялық экспедиция ұйымдас-
тырылады, ол қазақ жерінің географиялық жағдайын зерттеп,
қазақ халқының этнографиясымен танысу мақсатын көздейді.
Тұңғыш рет қазақ тілін танып-біліп, орысша-қазақша сөздік жа-
сау әрекетін бастаған осы экспедиция болатын. Мұның иници-
аторы, сірә, Ресей Ғылым академиясының рұқсатымен Петер-
бург академиялық гимназиясының инспекторы Г.Л.Бакмейстер
болса керек. Оған Өскемен қамалынан қазақ тіліне қатысты
материалдарды беріп тұрғандардың бірі генерал-майор Ска-
лон деген болды. Тұңғыш орысша-қазақша шағын сөздіктердің
бірінің құрастырушысы да – осы кісі болатын. Осы сөздіктің ба-
342
сында Скалон қазақтар үшін орыс графикасымен азбука-әліппе
тұрғызып, өзге де кітаптар жазуға болмас па еді дегенді 1774
жылы айтқан екен
213
. Бұл әрекет, әрине, ол кезде жүзеге асқан
жоқ. Дегенмен идеяның ұрығы себілді. Ол ұрық 100 жылдай
өткен соң көктей бастады: қазақ жазуы үшін орыс графикасын
іс жүзінде пайдалану әрекеті басталды. Ең бірінші болып орыс
графикасын миссионерлік пиғылдағы Н.И.Ильминский пайда-
ланды. Оның 1861 жылы шыққан «Начальное руководство к
изучению киргизского наречия» деген кітабы орыс әріптерімен
басылды. Осыдан бастап қазақтарға арналған бірнеше кітап
орыс графикасымен жарияланды. Ы.Алтынсарин өзінің
«Қырғыз-қазақ хрестоматиясын» орыс әріптерімен шығарды.
В.А.Васильевтің «Образцы киргизской народной словесно-
сти» (Вып.І. Киргизское сказки. - Оренбург, 1898) деген кітабы
көпшілікке арналған жартылай ғылыми кітапшалар және хри-
стиан дінінің миссионерлік мақсат көздеген кітаптары да орыс
жазуын пайдаланды.
А.В.Старчевский де өз сөздіктерінде орыс әріптерін пайда-
ланды. 1893, 1897, 1899, 1909, 1910, 1911 жылдары шыққан
орысша-қазақша және қазақша-орысша сөздіктер мен И.Лап-
тевтің (1900) сөздіктері орыс әріптерімен жарық көрді.
Қазақ жазуы үшін араб таңбаларынан гөрі орыс (славян)
жазуының таңбалары қолайлырақ деп табудың бірнеше мотив-
тері болды: 1) араб жазуы түркі тілдерінің, оның ішінде қазақ
тілінің, фонематикалық жүйесін дұрыс көрсете алмайтындығы
– арабша дауысты дыбыс таңбаларының өте аздығы; 2) сол
кездегі оқыту әдісімен арабша хат танытудың өте ұзақ уақытқа
созылатындығы; 3) орыс графикасын қазақ тілінің фонетика-
сына сәйкестендірудің әлдеқайда оңай екендігі; 4) орыс жазуы
орыс халқының мәдениетімен танысуға жәрдемдесетіндігі
т.т. Бұл уәждемелердің астарында, сөз жоқ, Ресейдің қазақ
жерін түпкілікті отарлап, қазақ халқының мәдени-рухани
даму бағытын орысшылдыққа бұру саясаты тұрды. Бұл сая-
сат Ыбырай Алтынсарин сияқты тұңғыш ағартушыларды да
өзіне бағындырды. Бұл жөнінде Ы.Алтынсариннің өзі бы-
213
Масанов А.Э. Очерк истории этнографического изучения казахского народа в
СССР. - Алма-Ата, 1966. - С. 74.
343
лай деп жазады: «...Жалпы білім беретін кітаптардың Азия
халықтарының ешбірінде жоқ екенін еске алып, біз мұндай
жетекші оқу құралдарын жақын жердегі орыс тілінен іздеуге
мәжбүр болдық, сондықтан бұл шығарғалы отырған кітабымыз
көздеген мақсатына сәйкес болып, орыстың ғылыми және жал-
пы пайдалы кітаптарына тікелей жол салып беруі үшін және
сол орыс кітаптарына мағынасы жағынан да, әрпі жағынан да
қайшы келмеуін көздеп, біз осы кітабымызды орыс әрпімен
бастырғанды қолайлы деп таптық»
214
.
Бұл саясаттың екінші ұшы қазақтар арасында XIX ғасырда
етек жая бастаған татар тілінен (сондай-ақ жалпы «түркіден»)
қазақ тілін орыс жазуын қолдану арқылу алшақтату әрекетіне
барып тіреледі. Мүмкін, бұл арада қазақ халқының өз тілін дер-
бес жазба тіл ретінде айырып жұмсау ниеті де көзделген болар.
Оған Ы.Алтынсарин, В.В.Радлов, А.В.Васильев, А.Е.Алек-
торов, О.Әлжанов, Т.Т.Тихоновтардың айтқан пікірлері дәлел
болды
215
. Бірақ миссионерлік, ұлы державалық мүлде де басым
болды, бұған христиан дінін уағыздайтын кітаптардың орыс
әрпімен шығуы, Н.И.Ильмийскийдің кейбір хаттарындағы
пікірлер – дәлел
216
.
Үшіншіден, орыс жазуы арқылы орыс мәдениетін, білім-
ғылымын жақын тани түсу, тілін білу сияқты адал ниет те
орын алды, өйткені сол кездегі Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов,
А.Құнанбаев тәрізді озат ойлы қазақ қайраткерлері өз халқының
тарихи тағдыры, болашағы орыстың демократиялық-прогрес-
шіл мәдениетімен тығыз байланысты болатынын жақсы
түсінді.
Сөз болып отырған кезеңде жазу мәселесі – әлеуметтік мән
алған проблеманың бірі болды. Қолданылып отырған жазудың
214
Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалар. - Алматы, 1955. - 71-б.
215
Алтынсарин Ы. Письмо к Н.И. Ильминскому от 12. IX. 1882 г., Радлов В.В.
Образцы народной литературы тюркских племен, живущих в Южной Сибири и
Дзунгарской степи. - Ч. III. Киргизское наречие. - СПб., 1870. - С. XVII; Васильев А.В
Материалы к характеристике взаимных отношений татар и киргизов. - Оренбург,
1898; Р ы н -Песковский (А.А лекторов) Мысли вслух // Тургайская газета. - №25;
Г ригорьев Е. О передаче звуков киргизского языка буквами русского алфавита //Учение
записки Казанского университета. - Вып. II. - 1882; Отыншы Әлжанов Қазақтарға
пайдалы кітаптар //Дала уалаятының газеті. - 1894. - №39.
216
Ильминский Н.И. Из переписки по вопросу о применении русского алфавита к
инородческим языкам. - Казань, 1883.
344
(араб графикасының) қазақ тілі үшін қолайсыздығы, оны-
мен сауат ашудың қиындығы баспасөз бетінде де көтерілді.
Р.Дүйсембаев, Д.Сұлтанғазин, М.Көпеев сияқты қазақ зиялыла-
ры мәселе көтеріп, араб алфавитінде қазақ дауыстыларын түгел
білдіретін таңбалардың жоқтығын, кейбір әріптердің қазақ фо-
нетикасына сай келмейтіндігін, яғни артық және жетіспейтін
таңбалардың бар екендігін, сондықтан бұл жазуды қазақ тіліне
икемдеу қажет, жоқ таңбаларды қосып, артықтарын алып та-
стау сияқты жұмыстар жүргізу керек деген ұсыныстар айтты
217
.
Бұл – қазақ жазуы үшін қолайлы графика таңдау жөніндегі
екінші түрлі пікір болды, ол араб жазуын икемдеу идеясын
ұсынды. Кейін бұл идеяны XX ғасырдың басында Ахмет
Байтұрсынов жүзеге асырды. Орыс графикасымен бірнеше
кітап, сөздіктер шыққанмен, бұл үкімет тарапынан ресми түрде
қабылданған жазу болмады
218
, сондықтан бұл да қазақ тіліне
лайықталып түзілген ұлттық алфавит түрінде қолданылмады.
Әр кітап әрқилы белгілерді пайдаланды. Жалпы орыс графи-
касын қазақ жазуында екі түрлі сипатта қолданды: біреулер
(мысалы, Ыбырай, Ильминский, Лютштер) орыс алфавитін
өзгеріссіз қолданды, қазақ тіліне тән дыбыстар орыс әріп-
терімен берілді, екінші тобы (миссионерлік кітаптар, 1897
жылғы календарь т.т.) қазақтың кейбір арнайы дыбыстарын
білдіретін қосымша таңбалар енгізді: ä (ә үшін), ö/ө/, ÿ/ү/, н’ (н
әрпінің оң жақ шекесіне кішкене сызықша қойылды).
Қазақтар үшін қолданған жаңа жазудың мұндай ала-құлалы-
ғы қолайсыздық тудыратыны, қазақ сөздерін фонетикалық
тұрғыдан дұрыс тануға кеселдік келтіретіні сол кездің өзінде-
ақ әңгіме болды. Мысалы, В.Григорьев Н.И.Ильминскийдің
жазуының ыңғайсыз жағын көрсетіп, өз таңбаларын ұсынды
219
.
П.М.Мелиоранский Г.Лютштің транскрипциясын сынады,
оның қазақ тілінің дыбыстық сыпатына сай еместігін айт-
217
Дүйсембаев Р. Харіп турасының сөзі //Дала уалаятының газеті. - 1897. - №10;
СұлтанғазинД. Қазақ сөзін қалайша жазу турасы //Сонда, 1899. - №22, 23.
218
Ол жөнінде толығырақ біздің қазақ тілінің революциядан бұрынғы кезеңде
зерттелуіне арналған мақаламыздан танысуға болады: Сыздыкова Р. Изучение
казахского языка в дооктябрьский период //Развитие казахского советского
языкознания. - Алма-Ата, 1980. - С. 3.
219
Григорьев В. В передаче звуков киргизского языка буквами русского алфавита //
Учение записки Казанского университета. - Вып. ІІ. - 1862.
345
ты.
220
Бірақ мәселе осыдан арыға бармады, шешілмеді. Оған,
бір жағынан, қазақ жазуы үшін орыс алфавитінің ресми түрде
қабылданбағандығы себеп болса, екіншіден, қазақтың ұлттық
оқу-ағарту, білім-ғылым мәселелерімен шұғылданатын ғылы-
ми не ресми мекеме, ғылыми-зерттеу институты, университет
кафедралары сияқты орталықтардың жоқтығы болды. Қазақ
жазуын (қай графикада болса да), жазу сауаттылығын (емле,
пунктуация ережелерін) реттеу ісі ешбір ғылым-білім орында-
рына не жеке адамдарға ешкімнің тарапынан жүктелмеді, оған
қажет алғышарттар әлі жоқ болатын.
Бұл кезеңде тек графика емес, қазақша сауатты жазу мәселесі
де қозғалды. Оның ішінде орыс тілінен көптеп еніп жатқан
сөздерді түпнұсқаға жуықтатып жазу ұсынысы қойылды. Мы-
салы, Д.Сұлтанғазин жандарал, жанарал, генерал болып ай-
тылып-жазылып жүрген варианттардың соңғысын жазу керек,
өйткені қазақтар үшін ол да түсінікті дейді («Дала уалаяты
газетінің» 1894 жылғы 27-нөмірінде жарияланған, жоғарыда
көрсетілген мақаласында). Орыс графикасымен шыққан кітап-
тар русизмдердің бұрыннан ауызекі сөйлеу тілінде өзгеріп
қалыптасқандарынан басқа жаңадан еніп жатқандарын орыс-
ша тұлғасында жазған. Бірақ бұл да – көтерілгенмен, түбегейлі
шешілмей қалған мәселелердің бірі болды, әр кітапта, әр басы-
лымда орыс сөздері әрқилы жазылды.
Араб-парсы тілдерінен енген сөздердің жазылуы жайында
да сөз болып отырды. Олардың халық тіліне сіңгендерін түп-
нұсқаға жуықтатпай жазу, қалғандарын өзгертпей жазу прин-
ципін қолдаған пікірлер айтылды (Рамазанұғлы Мухамедзекір
Зайсаннан хат //Дала уалаятының газеті. - 1890. - С.23; Д.Сұл-
танғазин Біздің қазақ тілі турасында бес-алты ауыз сөз // Сон-
да, 1890. - № 6 және осы автордың «Қазақ тілінше жазу тура-
дан» деген мақаласы. – Сонда, 1896. - 31-б. т.б.).
Сауатты жазуға қатысты көтерілген екінші мәселе – ты-
ныс белгілерін пайдалану жайында болды. XIX ғасырдың
екінші жартысында баяғыша араб жазуы пунктуация дегенді
көп білмейтін. Қазақ жазбалары да осы тәртіптен шыға алма-
220
Мелиоранский П.М. Краткая грамматика казак- киргизского языка. - Ч. I. - СПб:,
1894. - С. 5.
346
ды. Бірақ заман ыңғайына сай жазба дүниелердің неғұрлым
көпшілікке түсінікті, сауатты, мәдениетті болуын талап ету –
занды құбылыс. Сондықтан қазақтардың өздері араб жазуы-
мен берілген мәтіндерде әртүрлі тыныс белгілері қолданылуы
керек деген пікірлер білдіре бастайды. Бұл мәселеге алдымен
мән берген – «Дала уалаяты газеті» болды. Ол 1896 жылғы 41-
47 нөмірлерінде қазақ жазуына тыныс белгілерін қолдану тура-
лы хабарлама (ереже) жариялады. Бірақ бұл да – тек бастама,
ізгі ниет сипатында болды, ешбір ресми орын бұл ережелерді
қолдануға ешкімді міндеттемеді. Сондықтан да арабша шыққан
қазақ жазбаларында сөйлем жіктерін ажыратып, жұлдызша,
сызықша сияқты белгілермен газеттердің кейінгі жылдардағы
нөмірлерінде қолданылған тыныс белгілері болмаса, бүл ере-
желер жүйелі түрде қолданылмады.
Сөйтіп, қазақ халқының ұлттық жазу жасау және жазу
мәдениетін көтеру сияқты іс-әрекеттері XIX ғасырдың II
жартысында басталып, қазіргі біздің тіл, жазу тәжірибемізге
ұласты деп айтуға әбден болады.
Достарыңызбен бөлісу: |