347
қазақ тілінің құрылымын баяндау, өзге түркі тілдерімен салы-
стыру сияқты жұмыстардың жүргізілуі, біріншіден, қазақ тілін
өз алдына дербес ұлттық тіл екенін танытты, екіншіден, қазақ
тіл білімі деген ғылым саласының іргетасын қалау қажеттігін
ұсынды. Бұл «қажеттікті» жүзеге асырған XX ғасырдың
алғашқы онжылдықтарында ана тілі үшін саналы қызмет еткен
Ахмет Байтұрсынов болғаны мәлім.
Қазақ тілінің құрылымдық жағынан дамуы жайында арнайы
зерттеу жұмыстарын жүргізу, пікір алысу дегендер болған
жоқ. Ал оның әлеуметтік қызметіне бұл кезеңде үлкен назар
аударылды. Дәлірек айтсақ, «жазба тілдің нормалары қазақтың
халықтық тіліне негізделуі қажет пе әлде санғасырлық дәстүрі
бар түркілік («кітаби») болуы қажет пе?» деген әлеуметтік және
саяси мәні бар проблема туды. Бұл орайда мәселе көтергендер
қазақтың демократ ойшылдары, ұлттық интеллигенцияның
озық ойлы өкілдері болды. Сонымен
қатар кейбір орыс ғалым-
дары мен ағартушылары да бұл проблемаға мойын бұрды.
Проблеманың көтерілуіне ұлттық жазба әдебиеттің әр алу-
ан жанрда дами бастағаны себеп болды. Оның өзінде де осы
дүниелер тіліне түркі халықтарының жазба дәстүрі мен татар
жазба тілінің элементтері араласу фактісі қазақтың ұлттық
әдеби тілі нормалары жайында пікірлер айтқызып, кей сәттерде
дискуссия-талас туғызды.
Ең алдымен, осы кезеңде қазақ даласына таралған әр алу-
ан мазмұндағы, әртүрлі жанрдағы жазба дүниелердің: қисса-
лардың, Ясауи, Бақырғани хикметтері сияқты кітаптардың,
кеңсе іс-қағаздарының тілінде араб, парсы сөздерінің молынан
араласуы, морфологиялық тұлғалар мен ішінара синтаксистік
амалдардың шағатайша не татарша болып келуі, араб әрпімен
жазылған мәтіндердің орфографияда «түркілік» дәстүрді
сақтауы елеңдетті. Оның үстіне қазақтар арасындағы оқу-
ағарту ісі мен кітап бастыру ісінің (молдалардан бастап кітап
шығарушыларға дейін) татарлардың қолында болғандығы да
екі түрлі мазасыздық туғызды: бірі – осы арқылы қазақтардың
мәдени-рухани дүниесінде татар мәдениеті мен тілінің бел
алу қаупі, екіншіден, орыс билеушілерінің барлық түркі
халықтарына ортақ тіл ретінде орын теуіп кете ме деген қаупі.
МАЗМҰНЫ
Автордан ....................................................................................3
КІРІСПЕ ТАРАУ
Достарыңызбен бөлісу: