алтын тұғыр, қисапсыз қол, ежелгі дос, асыл сөз, күпшек сан-
ды күрең сияқты бұрыннан қолданылып келген кәнігі тіркестер
болса, үшкілсіз көйлек, қу таяқты кедей, тұрымтайдай ұл,
қызыл аяқ мал дегендер басқа үлгілерде кездеспеген тіркестер.
Ертедегі қазақ поэзиясы тілінде эпитеттердің мол қолда-
нылуы сол анықтауышпен айтылатын атаулардың номинатив
мағынасында жұмсалмай, образ ретінде келетіндігінен деп
табу қажет. Мысалы, Шалкиіз қоғалы көлдер, қом сулар десе,
бұл эпитетті сол көл мен суды суреттеу үшін айтып тұрған
жоқ, әңгіме өзегі – атамекенінен айрылып қалудың зары. До-
спамбет жырау: Сіреу, сіреу, сіреу қар Үсті – кілік, асты –
мұз десе, толғау тақырыбы – қар емес, бұл жердегі «күн-түн
қатса жібімес» қар мен мұз жаугершілік замандағы «күңіреніп
күн түбіне жортқан» адамның хал-күйін, өкінішін, арманын
білдіруге қажет образдар. Бұл орайда да Бұхар алдыңғы жы-
раулар дәстүрін бұзбайды. Ол «сарысуды көбелеп» кетіп бара
146
жатқан садыр руына «Жар басына қонарсың, Жарты лашық
тігерсің» десе, айтпағы – әсте лашықтың жыртылығы, оның
тігілетіндігі туралы емес, «егер қайрылмасаң, мүсәпір халге
түсерсің» деген сесін білдіру (жар басына жарты лашық тігу
– мүсәпірліктің образы).
Тек есім сөзден жасалғандары ғана емес, өзге тұлғалармен,
әсіресе есімшелермен келген эпитеттердің қызметі бұдан да
зор. Бұлар – әрі эпитет, әрі поэтикалық сурет болып келеді.
Мысалы, жыраулар тілінен ардақты деген сын есімді кездес-
тірмейміз, оның орнына ардақтаған аяулы, ардақтап жүрген
бикеш дегендерді оқимыз. Бұхар: «Тар құрсағын кеңіткен.
Тас емшегін жібіткен Анаң бір аңырап қалмасқа» дегенінде
алдыңғы екі жолдағы есімшелі құрылымдар – бір жағынан,
көркем эпитеттер болса, екінші жағынан, сурет – ананың
портреті, үшіншіден, өлең жасап тұрған «құрылыс материа-
лы». Сөйтіп, есімше тұлғалы сөзбен келетін күрделі эпитеттер
– қазақ поэзиясында ежелден келе жатқан элементтердің бірі.
Бұл тәсілге жыраулар көбірек жүгінген.
Сонымен, Бұхар көркемдеуіш элементтерді қолданудан ба-
стап, шығарманың (өлең-толғаулардың) құрылысы мен грам-
матикасына дейін өзінен бұрынғы қазақ поэзиясы дәстүрін
жалғастырды. Оның толғаулары 7-8 буынды жыр өлшемімен
келеді. Ұйқас суреті қатаң сақталмайды. Мысалы, «Жаулық
жолын сүймеңіз» толғауының ұйқастары а, –, а, –, б, –, б, –,
–, –, –, б болып құрылған (сызықша арқылы ұйқаспайтын
тармақтарды көрсеттік). Демек, 12 жолдық толғау бөлігінде екі-
ақ ұйқас бар, олар да бес-ақ жолды қамтиды, қалған жеті жол
ұйқассыз келеді. Өлеңнің буын саны да әрдайым қатаң сақтала
бермейді. Айтпақ ойды білдіретін сөздердің сыйымдылығына
қарай кейде бір тармақтағы буындар 7-8-ден не асып, не кем
түсіп отырады:
Төс(і) аршынды сұлуың – 7 буын
Сілкіп төсек сал(а) алмас малдан соң – 10 буын
Бұл қылығың қоймасаң – 7 буын
Сонау кеудедегі дулығадай бас кетер – 13 буын
Немесе бұл жолдарды:
Бұл қылығың қоймасаң – 7 буын
Сонау кеудедегі – 8 буын
Дулығадай бас кетер – 7 буын
147
түрінде жазсақ та, тармақ жолдарының өлшемі біркелкі
шықпайды.
Бұхарда 11 буынды өлең өлшемі жоқ. Оның «Қайғысыз
ұйқы ұйықтатқан, ханым-ай» деген бір ғана шығармасы 11
буынды болғанымен, ол қара өлең өлшемінде емес: а, а, б, а
ұйқасты қара өлеңнің тармақ ішіндегі буындар өлшемі 4+3+4
немесе 3+4+4 болуы керек, ал Бұхардың аталған өлеңдерінің
тармақтары 3+5+3 немесе 2+7+3 болып келеді. Бұл – өлеңнен
гөрі белгілі бір өлшеммен айтылған қара сөзге жуық, мұнда
тіпті ұйқас та жоқ, сондықтан бұл бес жолдық шағын шығар-
маны жырау Бұхардың толғауы деп емес, «ақылшы (сенатор)»
Бұхардың шешендікпен айтылған жай сөзі деп қараған абзал.
Бұрыннан келе жатқан жыраулар поэзиясы тіліне тән және
бір белгі – бір толғаудың өн бойында белгілі бір сөздердің не-
месе тіркестердің үнемі қайталап отыруы. Бұлар – көбінесе
тармақ соңына шығарылған сөздер болады. Осы ерекшелікті
Бұхар да берік сақтайды. Оның «Ай не болар күннен соң?» деп
басталатын толғауы шығыс септіктегі есім мен есімшелерді
меңгерген соң шылауының 14 жолда 14 рет қайталауымен
құрылған. «Айналасын жер тұтқан» деген толғауында демеңіз
сөзі 12 жолдың соңында қайталап келеді. Осындай қызметті
өзге толғауларында айт («Сөз анасы сәлемді айт...Ата менен
анаңды айт» ), болмас («Ақсаңнан биік тау болмас...Өзіңнен
тумай ұл болмас» ), бар, не пайда, немене, көп, күн, жұрт, қас,
Достарыңызбен бөлісу: |