Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет77/180
Дата14.03.2022
өлшемі2,1 Mb.
#27901
түріБағдарламасы
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   180
үшкілсіз көйлек кию – өлімнің символы), ал тон, жең сөздері 
Абылайдың портретін беруге қажет образдар үшін алынып тұр.
Сол сияқты: «Доңғалақ арба жүре алмас, Екі арысы сынған 
соң» деп, доңғалақ, арба, арыс деген тұрмыстық сөздерді қол- 
данғанда, жырау тағы да бұларды сол арбаның арысы сынып, 
жүре алмаған суретін беру үшін емес, өзге тақырыпқа қажет 
образдар үшін келтіріп отыр. Бұлар – еңсесі биік боз орданың 
бүлінген (ойрандалған) соң мортық болатыны, төрде отырған 
қарт  бабаның  (ел  көсемінің)  мал  кеткен  соң  төресінен 
жаңылатыны,  малдан  айрылған  соң  қос-қос  орданың  қосыла 
қона  алмайтыны  т.т.  осылар  типтес  шындық  туралы  «фило-
софияны»  білдіруге  керек,  осылармен  параллель  түсетін 
«тұжырым» үшін айтылған арба мен арыстар.
Ақтамберді  жең,  жаға,  жамау  деген  қарапайым  сөздерді 
«жырласа», олар да образ қажетін өтеп тұр: «Жеңіме жамау 
түскенін,  Жарлылық,  сенен  көремін.  Жағама  қолдың  тиге- 
нін,  Жалғыздық,  сенен  көремін»  (бірі  кедейліктің,  екіншісі 
жалғыздықтың  образдарын  күшейтетін  құралдар  ретінде 
келтірілген).
Дегенмен  Шал,  Көтеш  сияқты  ақындар  өлендері  арқылы 
қазақ әдеби тіліне тұрмыстық лексика өзінің тура мағынасында 
сынамаланып  ене  бастады  деуге  болады.  Алдыңғы  дәуірлер- 
дегі  тәрізді,  XVIII  ғасыр  поэзиясында  да  қазақ  халқының 
негізгі күнкөріс шаруашылығы – малға қатысты сөздер елеулі 
орын  алады.  Әсіресе  образдардың  көпшілігі  мал  өсірумен 
шұғылданған  қауым  тіршілігінен  алынғандықтан,  тіркестер 
құрамындағы  «малдық»  сөздер  едәуір:  ақ,  сары  атан  еспелі, 
ел жайлауға көшкен жұрт... Семіз жарау байда бар, Құйрығы 
бітеу  қойда  бар.  Қызыл  турам  ет  болса,  Қызғаныш  болар 
аз  күні  (Бұхар).  Көз  болып  қой-бұзауға  шамаң  келсе,  Біреуге 
тамақ үшін жалынарсың (Шал). Желіде құлын жусаса, Керме-
де тұлпар бусанса, Сәні келер ұйқының (Ақтамберді).


162
Мал  шаруашылығына  қатысты  лексика  тобының  ішінде 
қоспақ  өркеш  сары  атан,  арғымақ,  тұлпар  тәрізді  «қадірлі» 
мал  атауларынан  бастап,  жабы,  тоқты,  бұзау,  лақ  тәрізді 
поэзия  тіліне  енетін  «қасиеті  жоқ»  мал  атаулары  да,  оларға 
қатысты етістіктер мен сын есімдер де ендігі өлең тілінен орын 
ала бастайды.
XVIII  ғасырдың  II  жартысында  қазақ  даласында  сауда-
саттық  пен  егіншілік  кәсібі  жандана  түскенмен,  сол  тұстағы 
әдеби тілде осы салаларға қатысты жеке сөздер мен тіркестер 
сирек ұшырайды, олар: саудагер, базар, орақ, ору, масақ, теру, 
егін салу сияқты бес-он сөз ғана. Бұл кезде ақшаға, әр алуан 
товар  өлшемдеріне,  сауда  бұйымдарына  байланысты  сөздер 
халықтың сөйлеу тілінде орын алғаны сөзсіз, ақындар жырла- 
ған  тақырып  тарлығы  мен  мұралардың  сараң  жеткендігінен, 
мұндай  элементтердің  әдеби  айналымдағы  көрінісін  беру 
мүмкіндігі болмай отыр. Керісінше, қоғам өмірінің бұл екі са-
ласы да XVIII ғасыр ақын-жырауларының тілінен гөрі эпостық 
жырларда  көбірек  ұшырайды:  «Ішкендерін  сұрасаң,  Шекер 
менен  май  болған»  («Қамбар»).  «Қыз  Жібек»  жырынан  қара 
нан,  деміне  нан  пісу,  сексен  аршын,  пұл,  диқан,  қант,  шай 
сөздерін, «Қамбар», «Айман-ІІІолпан» жырларынан баға-пұл, 
базарға салу, борышқа қалу т.б. «сауда» сөздерін кездестіреміз. 
Бұл  көрініс  –  негізінен,  XIX  ғасырдың  белгісі,  өйткені  осы 
жырлардың  біздің  қолымызға  тиген  варианттары  –  өткен 
ғасырда жырланғандар, ал XIX ғасырда сауда мен кәсіпке бай-
ланысты сөздердің әдебиет үлгілері тілінде едәуір орын алғаны 
мәлім.
Талданып  отырған  кезендегі  әдеби  тілдің  лексикасында 
көзге  түсетін  саланың  бірі  –  дерексіз  (абстракт)  ұғым  атау-
лары.  Тағы  да  мазмұн  мен  түрдің,  яғни  әдебиет  тақырыбы 
мен тілінің арасындағы тікелей іліктестік заңы үлкен рөл ой-
найды.  Жалпы  дүние,  адамзат  тіршілігі  туралы  толғауларда 
осыларға  қатысты  абстракт  категориялардың  атаулары  жиі 
қолданылады.  Олардың  көпшілігі  –  -лық  жұрнағы  арқылы 
қазақ тілі түбірлерінен жасалғандар. Мысалы, Ақтамберді жы-
рау жарлылық, жалғыздық, кемшілік, қорлық, зорлық; әділдік, 
бірлік, тірлік, татулық сияқты туынды есімдермен қатар та-


163
лап, талқы, үміт, кеңес, күрес, тілек, бақыт, дау, күш, өлім, 
ажал, ақыл, ой, сезім, арман тәрізді түбір сөздерді қолданады. 
Үмбетей жырау адамдық, арамдық, сұмдық, ерлік, шешендік, 
билік,  мінез,  қылық,  абырой,  ындын,  ант,  пана,  мін,  бітік, 
бақ,  тілеу,  қызық,  береке  сөздерін  ой  кәдесіне  жаратады. 
Шал ақында ашу, ақыл, жолдастық, ойран, жаман іс, бақыт, 
байлық, саулық, бәле, өнер, бақ, иман, тірлік, кедейлік сөздері 
өлең тіліне қатыстырылған.
Ал  Бұхар  жырауда  дерексіз  ұғым  атаулары  сан  жағынан 
жоғарғы көрсетілгендерден 3-4 есе көп. Бұған жырау мұрасының 
молырақ  жеткені  бір  себеп  болса,  оның  шығармаларының 
негізінен  ой  толғайтын,  ақыл-насихат  айтатын  мазмұны 
екінші  себеп  деуге  болады.  Бұхар  да,  өзге  жыраулардай,  екі-
үш түрлі көзден алынған дерексіз есімдерді пайдаланады. Бір 
тобы  –  -лық  жұрнағы  арқылы  жасалғандар.  Бұлардың  негізі 
көбінесе  қазақ  сөздері  болып  келеді.  Екінші  топты  қазақтың 
түбір сөздері және өзге тілдік жұрнақтармен жасалған есімдер 
құрайды. Үшінші топқа араб, парсы сөздері жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет