Мәдениет морфологиясы. Мәдениет тілі. Мәдениет семиотикасы. Мәдениет анатомиясы. Қазақстан көшпенділерінің мәдениеті


) Мәдениет және өркениет: өзара байланыс және айырмашылық



бет3/4
Дата08.04.2023
өлшемі56,5 Kb.
#80453
1   2   3   4
Байланысты:
№9 сабак

6) Мәдениет және өркениет: өзара байланыс және айырмашылық.
Өркениет- қоғамдық қатынастар әрекеті, тәсілі ретіндегі мәдениеттің негізі. Өркениет мәниеттің дамуына жағдай туғызады, ал мәдениет өз кезегінде сол өркениетті жетілдіреді.
Өркениет ол мемлекеттер мен халықтардың материалдық құндылықтарын, рухани және әлеуметтік жағдайларын белгілі бір тарихи кезеңде анықтайды. Кез-келген өркениет жалпы халықтық техналогияның ғана қасиетін емес сонымен біргемәдениетті түсіндіреді.Өркениеттің қасиеті халықтың рухы, қарым-қатынасы,жан дүниесі,сенімі,яғни философияны құратын,ерекше өмірлік ұстанымы,өмір сүру салты. Осындай өмір сүру салты халықтың өркениетін топтастырады, оның бірігушілік, бейбітшілік өмір сүруіне кепілдік береді және тарихта дамуын қамтамасыз етеді. Мәдениет ұғымын тереңірек түсіну үшін,оған мағыналық жағындағы бар кейбір басқа ұғымдармен арақатынасын қарастырып көрейік. Осы сипатта біздің зердемізге бірінші түсетін ұғым-өркениет.
Мәдениет — өркениеттің (цивилизацияның – латынша civilis – азаматтық, мемлекеттік), адам қоғамының материалдық және рухани байлықтары. Мәдениет адамзат өркениетінің сатыларын білдіреді. Сондай-ақ, мәдени көрсеткіштер жоғарылаған сайын, адам еркіндігі де солғұрлым молая түседі.Өркениеттің өндірістің дамуына әсер етері сөзсіз. Өндірісті дамыту дегеніміз жаңа материалдық және рухани құндылықтарды жасау болып табылады, ол қоғамдық қатынастардың күрделенуіне ықпал жасайды. Табиғи ортаны игеру, қоғамды жетілдіру мәдениет дәрежесін және өркениеттілік деңгейін байқатады. Сөйтіп, мәдениет пен өркениет өзара тығыз байланыста дамиды және олар объективті негізде бір-біріне тәуелді деген қорытынды жасалынады.
7) Мәдениеттің негізгі түрлерінің негізгі параметрлерін салыстыру(архаикалық, отырықшы, индустриалды мәдениеттің өлшемдері).
Архаикалық мәдениет — адамзат мәдениетінің бастамасы. Архаикалық мәдениет қашан және қай жерде пайда болды? Бұл сұрақтарға нақты жауап беру оңайлыққа соқпайды, өйткені адамңың қалыптасу процесінің тарихы тереңде, сонау көне заманда жатыр. Ақиқатқа жүгінсек, қазіргі антропология ғылымының өзі де адамзат баласының қалыптасып, дамуына байланысты туындайтын көкейтесті мәселелерге егжей-тегжейлі жауап бере алмайды. Алғашқы қауымдық құрылыс адам баласының өсіп дамуындағы, адамдық жолға түсе бастауының ең алғашқы кезеңі болды және оның жүздеген мыңжылдықтарға созылғаны ақиқат. Оған басты дәлел ретінде адамдардың ең алғашқы еңбек құралдарының пайда болғанына 2,5 миллион жылға жуық уақыт өткендігін айтсақ та жеткілікті.
Отырықшы елдерге жылқы малы, оны мініске, жегуге үйрету көшпелі малшы тайпалардан келді. Атты әскер дәстүрі, садақтың түрлері, қылыш, ат әбзелдері де көшпелілерден келген. Мысалы, VI ғасырда түркі тайпалары пайдаланған темір үзеңгілі ертоқым келесі ғасырларда бүкіл Еуропаға таралды. Отырықшы елдер көшпелілердің қару-жарағына, киіміне еліктеді. Мысалы, VII—VIII ғасырлардағы түркілердің кісе белдіктері Қытайдан Иракқа дейінгі аралықта пайдаланылған. Таң әулеті кезіндегі Қытайда көшпелілердің киімі кең таралды, Еуропада орыс, поляк, венгр ақсүйектері киім киісінде, шаш қоюында көшпелілер үлгісіне еліктеді. Көшпелілерде б.з.д. 1-мыңжылдықта пайда болған өнердегі "аң стилі" Қытайдан Дунайға дейінгі аралықтағы отырықшы елдерге де кең таралды.Көшпелілердің өзіндік саяси мәдениеті болды. Олар ел басқарушыларын ерекше қасиетті адам, Тәңірдің жердегі өкілі деп түсінді, ерекше басқару жүйесі, империялық қызмет шендері, рәміздері, ел басқарудағы ерекше мұрагерлік дәстүрі болды. Осы мемлекеттік басқару тәртібін көшпелілер кейбір жаулап алған отырықшы елдердің саяси жүйесіне орнықтырып та отырды.
Индустриалды мәдениет Индустриалды мәдениеттің экономика, саясат, әлеуметтік және рухани өмір салаларында ерекше сипаттамалары бар, олар барлық жағынан дәстүрлі мәдениетке қарсы тұрады. Жаңартылған ( индустриалды ) мәдениеттің қалыптасуы 16 ғасырда басталды. Батыс Еуропада және өзінің апогейіне 20 ғасырдың ортасында жетті, бұл қазіргі заманғы еуропалық мәдениеттің күйіне және әлемдік өркениеттің негізіне айналды. Индустриялық қоғам машиналық өндіріс қол еңбегін алмастыратын жаппай өндірісті құратын болады. Заттар шебердің ерекше өнімі болудан қалады, бірақ сериялы түрде шығарылады және белгілі бір стандарттарға сәйкес келуі керек. Машина өндірісі дәстүрлі қоғамдарда қолданылатын адам мен жануарлардың бұлшықет энергиясын, сонымен қатар жел мен суды алмастыратын жаңа энергия көздерін пайдалануды талап етеді. Бу қозғалтқышын пайдалану басталды, ол энергияның үлкен секірісіне айналды және кейінірек пайда болатын ішкі жану қозғалтқыштарына, электр энергиясына және одан әрі - 20 ғасырдың ортасынан бастап қолданылып келе жатқан атом энергиясына дейін жол ашты. Капиталистік өндіріс тәсілі мен күрделі технологияны қолдануға негізделген жаңғыртылған мәдениет дәстүрлерден бас тартуға мәжбүр, өйткені ол үнемі жаңармай өмір сүріп, қалыпты дами алмайды. Жаңарған мәдениеттің ең маңызды ерекшелігі - дәстүрлерден бас тарту және инновацияға бағдар деп айтуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет