Таңба (знак; character, symbol) — есептеуіш техникасында қолданылатын алфавиттің жеке символы. Арифметикалық амалдар таңбасы (знак арифметической операции; arithmetic operation character) — арифметикалық амалдарды анықтайтын алфавит белгісі (әдетте, +,-,*,/ ). Таңба - әлеуметтік хабардың материалдық көрсеткіші
Таңба түрлері
Белгі таңба - заттардың өз бойындағы, одан бөліп алуға болмайтын белгісі (дене қызуының көтерілуі - адам ауруының белгісі);
.Жазуға дейінгі белгілер - жазу пайда болғанға дейінгі ауызша жеткізілетін хабардың орнына немесе соған қосымша қолданылған түрлі заттардың символикалық мағыналары;
.Тыныс белгілері - сөздердің сөйлемдегі қызметіне қарай сөз соңынан немесе сөйлемдерден соң қойылатын белгілер;
.Тілдік таңба;
.Диакритикалық белгілер - жеке әріп (графема) мағынасының мәнін өзгерту немесе нақтылау үшін қолданылатын белгілер. Олар жол үстінде, астында, кейде жолдың ішінде қолданылады. Мысалы, көне славян тілінде жол үсті. Диакритикалық белгілер «титло» сөзінің қысқартылып жазылуын және кейбір дыбыстардың түсіп қалуын көрсету үшін кең пайдаланылған. Диакритикалық белгілер әріпке жаңа мағына беру үшін қолдануы мүмкін.
Осыдан бірнеше мың жыл бұрын өмір сүрген адамдар өз үңгірлеріне өмірдің ең басы аспектілерін таңбалап кеткен. Бұл – ең бірінші өздерінен кейінгі ұрпақ үшін жасалған әдіс. Біз осы суреттерге қарап, бұрынғы адамдардың қалай өмір сүргендігін, немен айналысқандығын біле аламыз. Мұндай суреттер әлемнің түкпір-түкпірінде бар, тіпті, қазақ даласында да тұнып тұр. Соның бірнешеуі туралы сөз қозғап көрмекпіз
Қорытынды
Қорытындылай келсек , адамзат қоғамына қызмет ететін салалардағы ( тіл ,мәдениет , салт дәстүр)табиғаттағы немесе адамның өз қызмет қабілетіндегіт ақпараттардың сақталуы мен қабылдауына қатысты әр түрлі таңбалық жүйелердің құрылымы мен қызметінің жалпы мәселелін зерттейтін ғылыми пән.
Мәдениеттің семиотикасы- семиотика бөлімі ,олар құрылып ,өмір сүріп жатқан қауымдастықтардағы мәтіндік және символдық формалардың қозғалысы мен өзгеру заңдылықтарын зерттейтін бөлімі .
Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет.