Мәдениеттанудың басқа ғылым
салаларымен байланысы
Мәдениеттануды тек қана гуманитарлық ғылымдар саласына ғана емес, жалпы теориялық пәндер қатарына да жатқызуға болады. Өйткені бұл пән адамзат баласының мәдени өміріндегі толып жатқан құбылыстарды жүйелі түрде қарастырады. Ал мәдени процестердің мәнін ашып көрсетуде түрлі ғылым салаларының өкілдерінің, атап айтқанда этнографтардың, әдебиетшілердің, социологтардың, психологтардың, тарихшылардың, демографтардың және тағы басқалары ат салысатынын ескерсек, мәдениеттанумен барлық ғылым саласының айналысатындығын айқын аңғаруға болады.
Мәдениеттану қоғамда болып жатқан түрлі процестерді (материалдық, әлеуметтіқ, саяси, адамгершілік, көркемдік тағы басқалары) барынша қамтып, мәдениет дамуының жалпы заңдылықтарын, оның өмір сүруінің принциптерін және бір-біріне этно-әлеуметгік, саяси-моральдық, ғылыми, көркемдік және тарихи сипаттамаларымен, жағдайларымен ерекшеленетін түрлі мәдениет түрлерінің өзара байланыстарымен, төуелділіктерімен зерттейді. Мәдениеттану — мәдениет туралы ғылым, сонымен қатар философиялық ілім, өйткені ол философияның басты саласы, мәдениет философиясын қамтиды.
Қорытынды
Мәдениеттану пәні әр түрлі қоғамның өмір сүруі барысындағы мәдени өмірді жан-жақты қамтып, мәдени құбылыстарға ғылыми тұрғыдан талдау жасайды. Мәдениеттауды тек гуманитарлық ғылымдар саласына ғана емес, жалпы теоретикалық пәндер қатарына жатқызуға болады, өйткені ол адамзат баласының мәдени өміріндегі сан алуан құбылыстарды жүйелі түрде қарастырады. Мәдениеттану мен көптеген ғылым салалары шұғылданады. Оның ғылым ретінде қалыптасуына антропология, тарих, психология, педагогика секілді ғылым салалары зор ықпал етті. Мәдениеттау пәнінің негізгі мәселесі адамзаттың ерекше өмір сүру тәсілі ретінде мәдениеттің қалыптасып дамуы, оның генезисі болып табылады. Бұл орайда мәдениеттанушылардың басты мақсаты – дүниежүзілік және ұлттық деңгейдегі тарихи-мәдени процестерді тарихи шындық тұрғысынан түсіндіре отырып, оларды болжай білу.
Бақылау сұрақтары
Қазақ тіліне мәдениет термині қай тілден енді? Және оның мағынасы қандай?
Мәдениет типологиясының моделін құрған қандай ойшылдарды білесіз?
Мәдениеттану пәні қандай ғылым салаларымен тығыз байланысты?
Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |