Медиа ақпараттық сауаттылық МҰҒалімдерге арналған ресурстық кітап


«Қазақстан журалистері этикалық кодексінде»



Pdf көрінісі
бет35/138
Дата07.12.2022
өлшемі5,8 Mb.
#55506
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   138
«Қазақстан журалистері этикалық кодексінде» 
былай делінген: 
2.2. Журналист өзіне жүктелген қоғамдық жауапкершілікті сезі-
неді және оның қызметі қоғамдық мүддеге залал келтірмеуін 
үнемі қадағалайды.
2.3. Журналист қоғамдық тәртіптің тұрақсыздығын, әлеуметтік 
араздықты қоздыруды болдырмас үшін дәлелденбеген ақпарат-
тан, асығыс және тексерілмеген ақпаратты жариялау мен тара-
тудан бас тартады немесе аталған ақпараттың тексерілмеген 
сипатын көрсетеді.
44
45
II БӨЛІМ. АҚПАРАТТЫҚ СТАНДАРТТАР МЕН ЖАҢА МЕДИА ДӘУІРІНДЕГІ ЭТИКА 
II БӨЛІМ. АҚПАРАТТЫҚ СТАНДАРТТАР МЕН ЖАҢА МЕДИА ДӘУІРІНДЕГІ ЭТИКА 


2.2. ӨЗІН-ӨЗІ РЕТТЕУ МЕХАНИЗМДЕРІ 
Енді, осы жерде негізі сұрақ туындайды. Кодекстер мен стан-
дарттар қалай жұмыс істейді? Егер оларды орындамаған 
жағдайда не болады?
Байқағанымыздай, стандарттар мен талаптардың барлығы бір-
дей халықаралық та, ұлттық та заңнамамен тікелей реттелмейді. 
Ашық жала жабу, қылмыстың кәмелет жасына толмаған жәбірле-
нушілері жайлы дербес деректерді таратуды қоспағанда, көбіне 
ақпарат таратушы өзінің жасаған әрекетін заңды түрде ақтап ала 
алады. Этикалық нормалар заңнамалар күшімен қадағалауға 
келмейтін қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеу үшін қажет. 
Бұл да өте нәзік нәрсе. Қатты тартсаң, сөз бостандығы шекте-
леді, ол елдің авторитарлы құрдымға кетуіне бір табан жақын-
датады. Сәл босатсаң, жалған ақпарат, жала жабу, жүгенсіздік 
қоғамды жайлап кетеді.
Реттеудің демократиялық қоғам мақұлдап, бекіткен жалғыз тәсілі 
– журналистік қауымдастықтың өзін-өзі реттеуі. Журналистер 
кәсіби ережелер туралы өзара келісіп, ережелерді жинақтап жур-
налистердің этикалық кодексін дайындайды.
Қазақстан журналистерінің этикалық кодексі 2012 жылдың 30 
қазанында Журналистер одағы және Бас редакторлар клубы 
басқармаларының бірлескен отырысында Қазақстан Республи-
касы журналисінің этикалық кодексі қабылданды. Кодекс тоғыз 
бөлімнен және сегіз бап пен бірнеше тармақтардан тұрады. 
Айта кетерлік жайттардың бірі, кодекс мемлекет деңгейінде емес 
қоғамдық бірлестіктердің деңгейінде ғана қабылданған
Кодекс өзіндік тәртіп пен моральдық-этикалық бағдардың құралы болып табылады, жұртшылық тарапынан журналистер мен 
бұқаралық ақпарат құралдарына сенім мен құрмет көрсетуге қол жеткізуге ықпал етеді.
Ал кодекстің қорытынды бөлімінде: 
- Аталған Кодекс журналистердің - Қазақстан азаматтарына және қатысы бар. 
- Журналистің Кодекске қарым-қатынасы - ар-ұятына байланысты. Кодексті ұстануға немесе бұзуға мәжбүрлеуге жол берілмейді 
деп көрсетілген. Десе де Қазақстан журналистеренің этикалық кодексінде кодекс бұзылған жағдайда қандай жауапкершілік қолда-
нылатыны немесе оны кімдер қадағалайтыны беймәлім күйінде қалған. 
Кодекстің «Сөз басы» бөлімінде келесідей мәселелер жазылған: 
- Бұқаралық ақпарат құралдарының жұртшылықты объективті 
ақпаратпен қамтамасыз етудегі маңызды рөлі мен миссиясын 
сезіне отырып, 
- жалпыадамзаттық құндылықтар мен моральдық-этикалық үл-
гі-қалыптарға жақындықты тұтастай бөлісе отырып, 
- сөз бостандығы мен ой-пікір білдіру журналистің ажырамас 
құқығы, еркін бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің міндетті 
шарты екенін мойындай отырып, 
- Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын, БҰҰ-ның 
Баспасөз бостандығының бүкіләлемдік хартиясын, Қазақстан 
Республикасының Конституциясы мен қолданыстағы заңнамала-
рын басшылыққа ала отырып, 
Қазақстан журналистері Қазақстанның журналистері мен бұқара-
лық ақпарат құралдары қызметкерлерінің моральдық-этикалық 
қағидаттары мен кәсіби қызметінің нормаларын қалыптастыра-
тын Қазақстан Республикасы журналисінің Этикалық кодексін 
(бұдан әрі қарай - Кодекс) қабылдады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет