Медиа ақпараттық сауаттылық МҰҒалімдерге арналған ресурстық кітап


Қазақстан журалистері этикалық ко-



Pdf көрінісі
бет32/138
Дата07.12.2022
өлшемі5,8 Mb.
#55506
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   138
Қазақстан журалистері этикалық ко-
дексінің 4-бабының 4-тармағына сәйкес “Журналист өзінің қызметінде деректерді, пікірлерді, бағамдарды, болжамдарды, нұсқаларды 
және жорамалдарды жеке көзқарасы тұрғысынан нақты айыра біледі.”
Міне, сондықтан, ақпараттық өнімді дайындайтын мамандар ғана емес, тұтынушылар да этика талаптары туралы білулері керек. Мыса-
лы, сізге дүкенде сапасыз азық-түлік өнімін сатса, оны жегеннен кейін уланып қалуыңыз мүмкін. Дәл сол секілді, қоғамға сапасыз және/
немесе жалған ақпарат таратылса, қоғам да «науқастанып» қалады. Оның салдары да ауыр. Мысалы, сайлауға үміткер туралы объек-
тивті, толық ақпарат болмағандықтан, қате таңдау жасалады және т.б.
Одан бөлек, қазіргі уақытта кез келген адам ақпарат тұтынушы ғана емес, ақпарат өндіруші және ақпарат таратушы қызметін атқара ала-
ды. Сондықтан, кәсіби стандарттар туралы білген жөн. Адам теледидар сатып алғанда пайдалану туралы нұсқаулық қоса беріледі. Бірақ 
ақпаратты қабылдау, телевизиялық бағдарламаларды таңдау туралы нұсқаулар берілмейді. Кез келген адам жоғары сапалы, барлық 
стандарттар сақталған өнімді тұтынғанды қалайды. 
2.1. АҚПАРАТТЫҚ СТАНДАРТТАР 
Сонымен, медиа сарапшылар халықаралық Декаларацияға, ұлттық кодекстерге және басқа да құжаттарға сүйене отырып журналистика 
стандарттарын жасап шықты. Олар: пікірлер мен көзқарастар тепе-теңдігі, жеделділік (интернет басылымдар үшін аздап өзгертілген), 
сенімділік (ақпарат көздеріне сілтеме), факт пен пікір арасын ажырату, нақтылық, толықтық. Кейде медиа мәтіндердің қолжетімділігі 
(қарапайымдылығы) жеке стандарт ретінде қарастырылады. Кейде өте маңызды ақпарат қоғамнан «жасырылынуы мүмкін», мысалы өте 
күрделі лексикамен немесе қысқартылған сөздермен беріледі.
Стандарттардың бірнеше түріне тоқталып көрейік:
Пікір мен көзқарас тепе-теңдігі – материалда қақтығыстың барлық 
тараптарының пікірін дәлелдермен беру. 
Қазақстан журалистері эти-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет