Медиа ақпараттық сауаттылық МҰҒалімдерге арналған ресурстық кітап


калық кодексінің 4-бабының 1-тармағына сәйкес



Pdf көрінісі
бет33/138
Дата07.12.2022
өлшемі5,8 Mb.
#55506
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   138
калық кодексінің 4-бабының 1-тармағына сәйкес, «Журналист объ-
ективтілік, қасақана емес қадам жасау қағидаттарын ұстанады». Сон-
дай-ақ, мүмкіндігінше тәуелсіз сарапшылардың бағасы берілуі керек.
Жеделдік – сайттағы жаңалықты жариялау мен сюжеттің эфирге шығу 
жылдамдығы. Бұл стандарт қоғамның объективті ақпарат алу құқығымен 
байланысты. Себебі, уақтылы берілмеген, кешірек және «жартылай» 
берілген ақпарат болған оқиғаны толық суреттей алмайды. Сондықтан 
«Журналистік этиканың халықаралық принциптерін» (ЮНЕСКО) негіз-
ге алған жөн: «Халық және жекелеген тұлғалар шынайы және нақты 
ақпарат арқылы шынайылықты көруге құқығы бар. Сондай-ақ байланыс 
құралы мен мәдени айырбас көзі ретінде БАҚ арқылы өз көзқарасын біл-
діруге құқығы бар» (1-қағида). Интернет басылымдардың оперативтілігі 
(жеделдігі) – оқиға болған минутта және секундта жаңалықтың берілуі. 
Алайда оперативтілікпен қатар басқа да стандарттарды – дәлдік және 
жан-жақтылықты сақтауды естен шығармау керек. Комментарий, са-
рапшы пікірін жинау үшін уақыт керек. Сондықтан медиа сарапшылар 24 
сағаттың ішінде оқиға жарияланбаса, оперативтілік стандарты сақтал-
маған болып есептеледі. Сондай-ақ, бір оқиға туралы ақпарат жылдам 
жарияланып, бірақ 24 сағаттың ішінде толықтырулар мен түзетулер 
енгізілмесе, стандарт бұзылды деп саналады. 
42
43
II БӨЛІМ. АҚПАРАТТЫҚ СТАНДАРТТАР МЕН ЖАҢА МЕДИА ДӘУІРІНДЕГІ ЭТИКА 
II БӨЛІМ. АҚПАРАТТЫҚ СТАНДАРТТАР МЕН ЖАҢА МЕДИА ДӘУІРІНДЕГІ ЭТИКА 


 
Нақтылық (дереккөзге сілтеме) – кез келген ақпараттың нақты дереккөзі болуы қажет. Қазақстан журналистері этикалық 
кодексінің 2-бабының 3-тармағына сәйкес, «Журналист қоғамдық тәртіптің тұрақсыздығын, әлеуметтік араздықты қоздыруды болды-
рмас үшін дәлелденбеген ақпараттан, асығыс және тексерілмеген ақпаратты жариялау мен таратудан бас тартады немесе аталған 
ақпараттың тексерілмеген сипатын көрсетеді». Осы кодекстің 3-бабының 2-тармағына сәйкес, «Журналист кәсіби міндеттерін орын-
дау барысында ақпарат алудың заңды тәсілдерін қолданады, ақпарат көзіне қысым көрсетпейді».
Халықаралық журналистер федерациясының декларациясында журналист қайдан шыққанын өзі білетін фактілерге ғана сүйене оты-
рып, ақпарат таратуы керек деп жазылған. Сонымен қатар, журналистің маңызды ақпаратты елемеуіне болмайды және құжаттарды 
бұрмалауға жол берілмейді. (3-қағида). Этикалық нормалар кодексіне сәйкес («Кәсіби журналистер қоғамы», 1996) журналист «мүм-
кіндігінше ақпарат келіп түскен дереккөзді көрсетуі тиіс. Қоғам сенімді дереккөзден алынған ақпаратқа қол жеткізуге құқылы». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет