Медиа ақпараттық сауаттылық МҰҒалімдерге арналған ресурстық кітап



Pdf көрінісі
бет86/138
Дата07.12.2022
өлшемі5,8 Mb.
#55506
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   138
СЛАЙД № 8
СЛАЙД № 9
2-қадам. Талқылау кезеңі мен мұғалімнің презентациясы. 
Неге біз мұндай болып юара жатырмыз? (оқушылардың жауаптарын 
тыңдаймыз)
Себебі, біз ақпараттық «фастфудты» тұтынамыз. Адамдар өз беттерінше 
тіркестер табуға, ойын нақты жеткізуге ерінеді. Дайын тіркестерді қолдану 
олар үшін үйреншікті болып кетеді. 
Оқушыларға сұрақ: Ақпараттық тұтыну несімен қауіпті? Талқылау, оқушы-
лар мысал келтіреді. 
Сыни ойлау қабілетінің жұмыс істемей қалған сәтінде қауіпті. Сыни ойлау 
бағдарды жоғалтып алмауға, дұрыс шешім қабылдауға және зияны тиетін 
нәрселерден бас тартуға көмектесетін қабілет. Сыни ойлау қабілеті тоқтап 
қалғанда адам талдау қабілетінен айрылады. Нәтижесінде адам оқығанның 
барлығына сене беретін болады. Жазылғанның барлығына сене беруге бол-
майды.
Сонымен, cыни ойлау тақырып немесе оқиғаны сізге көрсеткен тұсын ғана 
емес әр қырынан көру. Ақпаратпен қалай жұмыс жасау керек? Көзге түскен-
нің барлығын оқымау керек. Кезекті ақпаратты оқып отырғанда бұл ақпарат-
тың қандай пайдасы болатыны туралы ойланыңыз. 
Сіз танысқан жаңа ақпарат көзқарасыңызды өзгертуге көмектесе ме? Сіз 
мектеп бітіргенде, одан кейін ЖОО бітіргенде, жұмыс іздегенде сіздің қан-
ша ақпарат білетініңіз емес, ақпаратты талдау, маңызды дүниені көріп, оны 
практикада қолдана білу қабілетіңіз маңызды. Миыңызды қажетсіз ақпарат-
пен толтырмаңыз. 
3-қадам. Оқушыларға сұрақ: 
Сіздің ойыңызша, ақпараттық «фастфудтан» мүлде бас тартқан дұрыс па? 
(ауызша, тез). Оқушылардың жауаптарын тыңдау. 
138
139
АҚПАРАТТЫ ТАҒАМ ДЕП ҚАРАСТЫРСАҚ ...
АҚПАРАТТЫ ТАҒАМ ДЕП ҚАРАСТЫРСАҚ ...


Сыни ойлау қабілетінің жұмыс істемей қалған сәтінде қауіпті.
Сыни ойлау бағдарды жоғалтып алмауға, дұрыс шешім қабылдауға және зияны 
тиетін нәрселерден бас тартуға көмектесетін қабілет. Сыни ойлау қабілеті тоқтап 
қалғанда адам талдау қабілетінен айрылады. Нәтижесінде адам оқығанның бар-
лығына сене беретін болады. Жазылғанның барлығына сене беруге болмайды. 
Өзіңізге мына сұрақтарды қойыңыз:
Бұл ақпаратты қалай қолдануға болады?
Бұл ақпарат сіздің өміріңізді жақсартуға жарай ма?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет