СЛАЙД № 8
5.Фактілер пікірден бөлініп алынған ба? Факт ретінде ұсынылған
пікірлер бар ма? Егер бар болса, мысал көрсетіңіз
Жоқ, бөлінген жоқ. Журналист
өзінің жеке пікірін бөлмей, бағалаушы тұжы-
рымжасауға мүмкіндік береді, оларды фактілер ретінде ұсынады. «Бұл
оқушылар әрбір жауынгерлік атыс қаруын жатқа біледі. Кітап оқудың орнына
жасөспірімдер барлық бос уақытын ғаламторда
ойын ойнаумен өткізуді жөн
көреді. Жас жеткіншектер компьютерде өздерін қару асынғанмықты жауын-
гер деп елестетеді (деп санайды) «. Мәтіннің бұл бөлігі толықтай журналистің
пікірі. Ол жасөспірімдердің
жауынгерлік қаруды білетіні, бейнетүсірілімде-
гілердің барлығы бос уақыттарын ойын ойнаумен өткізетіні және өздерін
«керемет батыл жауынгер»көруді армандайтыны шынымен де факт па, оны
біле алмайды. Мүмкін, балалардың біреуі мұнда
алғаш рет келген шығар
немесе аптасына бір рет келетін және журналист айтқандай, клубта күні
бойы отырмайтын шығар. «Жасөспірімдер арасындағы қылмысқа тән белгі
– зорлық-зомбылық пен қатыгездік» –
бұл журналистің пікірі, ол факт ретінде
ұсынылған, өйткені ол ешқандай деректермен: статистикамен расталмаған.
Сюжетте көрсетілген жалғыз оқиға елдегі жасөспірімдер арасындағы қылмыс
туралы толық көрінісін бере алмайды.
Еске салайық, факт бұл орын алған
оқиға, пікір-бұл оқиға туралы ақпаратты түсіндіру. Материалда факт бар екенін
нақтылауға болады. Факт – жасөспірімдер түні бойы жүргізушіні көлігінің жүк
салғышына салып, өздерімен бірге алып жүрген.
Мұғалім үшін бағыттаушы сұрақтар:
Бұл жасөспірімдер барлық жауынгерлік қарудың
атын білетіндігі факт болып
табыла ма? Жауынгерлік атыс қаруының барлық түрлерін жатқа білетін до-
старыңыз немесе таныстарыңыз қаншалықты көп екенін анықтаңыз? Егер сіз
ойын
клубына алғаш рет кірсеңіз, сол сәтте клубта отырғандардың бәрі бос
уақыттарының барлығын осында өткізеді деп сенімді түрде айта аласыз ба?
Олармен сөйлеспей тұрып, олардың өздерін батыл
жауынгер ретінде көруді
армандайды деп қалай сенімді түрде айтуға болады?
Достарыңызбен бөлісу: