Медиа ақпараттық сауаттылық МҰҒалімдерге арналған ресурстық кітап



Pdf көрінісі
бет118/138
Дата07.12.2022
өлшемі5,8 Mb.
#55506
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   138
«БҰЛ ЖЕРДІҢ 
БОЛАШАҒЫ ЖОҚ»
Тұрғындар Дачи-СУ саяжайында өздерінің болашақта өмір сүре алатындарына сенбейді. 
Ауыл тұрғыны Мирлан Токоев ауылда ешқайсысы өз үйлерін сата алмай отырғанын айтып 
шағымданды, өйткені әуежай маңында тұру қорқынышты болып кетті. «Біз бұл үйлерді са-
тып алдық. Ал қазір сата алмай отырмыз. Қазір бұл жерлерге ұшақ құлап кетуі мүмкін екенін 
бәрі біледі», - дейді ол. Мирланның айтуынша, оның балалары әлі күнге дейін апаттан кейін 
өз өздеріне келе алмай жүр екен. Олар апат кезінде қайтыс болған достарын жиі еске ала-
ды, ал түнде оянып алып, әр ұшақты дауысы естілмей кеткенше «шығарып салып» оты-
рады. «Мемлекеттен ешқандай көмек болған жоқ. Адамдар шифер әкеліп берді, бірақ мен 
оны алмадым. Мен енді мұнда тұра алмаймын. Мұнда өмір сүру қорқынышты болып кетті. 
Бұл жердің болашағы жоқ», - деді ол. Гүлбаршын Момукеева -отбасы қоныс аударуды күтіп 
жүргендердің бірі. Апат кезінде оның үйі толығымен құлап, билік оның отбасына Бішкектің 
орталығындағы үйлердің бірінен пәтер берді. Алайда, бұл тек уақытша іс-шара — ол жал-
дамалы пәтер, Гүлбаршын өзіне жеке үй сатып алуға ақша бөледі деп үміттенеді.Құлаған 
ұшақ күйеуімен, анасымен және үш баласымен бірге тұрған Гүлбаршынның отбасының үйін 
түгелдей қиратып кетті. Сол күн туралы әңгіме бастағанда ол көршілерін еске алды. Ол көз 
жасын тыя алмады.(…)
218
219


БІШКЕК: ҮСТІНЕ АҒАШ ҚҰЛАҒАН ДЖИПТІҢ 
ЖҮРГІЗУШІСІ МЭРИЯДАН ӨТЕМАҚЫ ТАЛАП ЕТУДЕ
ҚЫРҒЫЗ ҚАРАҢҒЫЛЫҒЫ
Ақпарат көзі: Kloop (https://kloop.kg/blog/2017/05/30/bishkek-voditel-
razdavlennogo-derevom-dzhipa-potrebuet-kompensatsii-ot-merii/)
30 мамыр 2017 жыл
Үстіне ағаш құлаған «Лексус Gx 470» иесі қала билігінен өтемақы талап 
етпек. Мэрия өтемақы төлеу мәселесін сот шешетінін хабарлады. Қатты 
соққан жел 16 мамырда бүкіл қала бойынша 29 ағашты құлатты. Те-
ректердің бірі Сұлтан Ибраимов көшесіндегі Жеңіс алаңының жанында 
тұрған «Лексус GХ 470» көлігіне құлаған.Көлік иесі Элдиярдың айтуын-
ша, оның отбасы Мәңгілік алаудың жанында серуендеп жүрген.»Мен 
көлікті Мәңгілік алаудың жанында қойып, бес минутқа балаларымның 
қасына бардым. Кенеттен қатты жел оғып, үлкен ағаш менің көлігімнің 
үстіне құлады. Енді көлік қалпына келтіруге жарамсыз болып қалды», - 
деді Эльдияр. Көлік иесі өтемақы алу үшін мэрияға жүгінетінін айтты.
«Зеленстрой» муниципалды кәсіпорнының бас агрономы Эльнура Джол-
дошева сұхбатында Kloop.kg-ге берген сұхбатында өтемақы төлеу тура-
лы мәселені тек сот шеше алатынын айтты. «Біз акт жасадық және тәртіп 
бойынша бұл акт сотқа беріледі. Сосын сот шешімі бойынша өтемақы 
мәселесі анықталады. Бұл біздің құзыретімізде емес», - деді ол. Патруль-
дік милиция басқармасының баспасөз хатшысы Таалай Бұғыбаев Kloop.
kg-ге қалада көлік тұрағы арнайы жол белгілерімен көрсетілетінін айт-
ты. «Жүргізуші алдымен белгіге қарауы керек еді. Егер көлік тұрағының 
белгісі болса, онда көлікті қоюға болады, егер жоқ болса, онда болмай-
ды», — деді Бұғыбаев. Алайда, Лексус иесі көлігін аялдамадан өткеннен 
кейін қалдырған және көлік қоюға болатындығы туралы белгі жолдың бұл 
учаскесіне орнатылмаған.
(Google-maps карталарына сілтеме, онда 
белгі орнатылғанын, орнатылмағанына-
дамдардың бәрі көре алады)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет