Медиа ақпараттық сауаттылық МҰҒалімдерге арналған ресурстық кітап


«ҚАЛАҒАНЫҢЫЗША ЖӘНЕ ӨМІР СҮРІҢІЗ»: БОИНГ ҰШАҒЫМЕН АПАТҚА



Pdf көрінісі
бет116/138
Дата07.12.2022
өлшемі5,8 Mb.
#55506
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   138
«ҚАЛАҒАНЫҢЫЗША ЖӘНЕ ӨМІР СҮРІҢІЗ»: БОИНГ ҰШАҒЫМЕН АПАТҚА 
ҰШЫРАҒАН АДАМДАР ЕКІ АЙДАН БЕРІ МЕМЛЕКЕТТЕН КӨМЕК КҮТУДЕ»
ҚЫРҒЫЗ ҚАРАҢҒЫЛЫҒЫ
Ақпарат көзі: Kloop(https://kloop.kg/blog/2017/03/15/kak-hotite-tak-i-vyzhivajte-postradavshie-
ot-krusheniya-boinga-dva-mesyatsa-zhdut-pomoshhi-ot-gosudarstva/) Шығарылған күні: 
15.03.2017
«Боинг-747» Дачи-Су ауылына құлап, 39 адамның өмірін қиған қайғылы күннен бері екі ай 
уақыт өтті. Қырғызстанжәне одан тыс жерлер тұратын адамдар зардап шеккендер үшін 96 
миллион сомнанастам қаражат жинады, бірақ билік әлі күнге дейін оны қайтыс болғандар-
дың туыстары мен баспанасынан айырылған отбасыларға бөліп берген жоқ. Бүгінгі күні 
адамдар жартылай қираған ауылда қалай тұрып жатыр және неге ол жерден тезірек кет-
кілері келеді?
Исак Анарбаев 58 жаста. Ол отбасымен алты жылдан бері Бішкектің«Манас» әуежайының 
қону жолағынан 3 шақырым жердегі Дачи-Су ауылында тұрады. Анарбаев – 11 баланың 
әкесі, бірақ қазір онымен бірге екі қызы мен әйелі ғана тұрады. Апатқа дейін отбасын асырау 
үшін ол үйде тандыр нан пісіріп, оны жергілікті тұрғындарға сататын. Исақтың өзі айтқан-
дай, бүкіл көше одан нан сатып алатын. Исактың отбасы үйдің құрылысын әлі аяқтаған жоқ: 
жоғарғы қабаттары әлі салынбаған, сондықтан отбасы жертөледе тұрып жатыр. Мүмкін, 
апат кезінде оларды осы жағдай құтқарған шығар. Таңертең далағашыққан Исак бұрын көр-
шілері тұрған үйдің орнынан қираған үйінділерді көреді. Түнде, ұшақтар үйдің үстінен ұшып 
бара жатқанда, ол жиі қорқып оянатын. Қайғылы жағдай орын алған күннен бастап мемле-
кет оның отбасына әлі қолдау көрсетпегенін айтып шағымданды. Олардың отбасы еріктілер-
ден тек гуманитарлық көмек алған. Ол енді тандыр нан пісіре алмайды – құлаған ұшақ оның 
тандыр пешін қиратып кеткен. Ұшақ сынықтарыжер теліміндешашылып жатыр, сонымен 
қатар, ағаштарды қиратып, тауық қораменүйге жапсарлас салынған құрылысты бұзып кет-
кен. Бірақ Исак өзі биліктен көмек болады деп үміттенбейді. Пешті қалпына келтіру үшін ол 
туыстарынан ақша сұрамақшы немесе банктен несие алады. Бірақ өзі де, оның отбасы да 
бұл үйде ұзақ уақыт қалғысы келмейді. «Біз қауіпсіз жерге көшірсе деп отырмыз. Бұл біздің жалғыз үмітіміз, бізге басқа ештеңе қажет 
емес», – дейді Исактың туыстары. Қыздары, мектеп оқушылары Мадина мен Айсұлудың апаттан кейін денсаулықтарына шағымдана 
бастады. Жанармайдың иісінен олардың бастары жиі ауырып, құсатын болған. Көптеген физикалық зақым келтіргенімен қатар, қы-
здар психологиялық қиындықтарға тап болған. Мадина әлі күнге дейін сол апатты күнді ұмыта алмай жүр. Қайтыс болған көршілері 
туралы өлеңдер жазады. Өзінің достарының әрқайсысын ерекше суреттейді – Мадина оларменбір күні жұмақта кездесетініне сенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет