Медиа ақпараттық сауаттылық МҰҒалімдерге арналған ресурстық кітап



Pdf көрінісі
бет114/138
Дата07.12.2022
өлшемі5,8 Mb.
#55506
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   138
Кадрдан тыс мәтін:
Бұл балалар Баткен қалалық мектебінде оқиды. 14 қарашаға қараған түні бұл 
жасөспірімдер жүргізушіні ұрып-соғып, оны өз көлігінің жүк салғышына салып, түні бойы 
жанармай таусылғанша қаланы шарлаған. Бақытымызға орай, көлік иесі тірі қалды.
Ұсталған жасөспірімнің өкінетіні туралы қырғыз тілінде айтқан сөзі аудармасыз берілді.
Баткен облысы ІІБ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы Айсалқын Эргешбай-
қызының сұхбаты
Бұл 14 қарашада түнгі сағат 11-де болды.Оқиға таңертең тіркелді, жәбірленуші осы 
уақытта арыз жазды. Барлық күдікті жасөспірімдер ұсталды. Тергеу амалдары жүріп 
жатыр.
Кадрдан тыс мәтін:
Еңбек сіңірген мұғалім Авазбек Жамаловтың айтуынша, ата-аналар өз балаларын бақы-
лауға алмайынша, милиция жасөспірімдер арасында тәртіп орната алмайды.
Еңбек сіңірген мұғалім Авазбек Жамаловтың сұхбаты:
Интернет ойындарын ойнай отырып, жасөспірімдердің психикасы бұзылады. Сол се-
бепті олар түрлі құқық бұзушылықтар жасайды. Тыйым салынған істерге барады. Үйден 
олар мектепке барамыз деп шығады, бірақ іс жүзінде заңсыз істермен айналысады.
Кадрдан тыс мәтін.
Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуі қоғамда үлкен 
алаңдаушылық тудырып отыр. Жасөспірімдердің жасаған қылмыста-
рына тән белгілер – зорлық-зомбылық пен қатыгездік.
214
215
№6 САБАҚҚА ҚОСЫМША


ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ КЕДЕЙ ЕЛДЕРІНІҢ БІРІ 
ҚАЛАЙ ӨМІР СҮРІП ЖАТЫР 
ҚЫРҒЫЗ ҚАРАҢҒЫЛЫҒЫ
Дерек көзі: lenta.ru (https://lenta.ru/photo/2017/01/31/night/#0)
Шыққан күні: 31 қаңтар 2017 жыл
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін тәуелсіз Қырғызстанда өнеркәсіп нашарлады. Жаңа мемлекет Орта Азиядағы ең кедей мемлекеттердің 
біріне айналды. Жұмыссыздықтың өсуі халықтың кедейленуіне себепші болды, көптеген адамдар жақсы өмірді іздеп басқа елдерге кетті. 
Көптеген адамдар үшін тіпті гастарбайтердің өмірі қазір өте қолайлы болып көрінеді-шетелге кеткендер, тым болмаса, Қырғызстанның 
ақшасымен өлшегенде салыстырмалы түрде жақсы табыс табады. Республиканың өзінде орташа жалақы мөлшері 200 АҚШ долла-
рынан аспайды,ал бюджеттік сала қызметкерінің жалақысы 100 доллардан да аз. Бұл ретте, тіпті мұндай жұмыс та барлығында бірдей 
жоқ. «Лента.ру» түнде жұмыс істеуге тура келгендердің фотосуреттерін жариялап отырады. Кеншілер, полиция қызметкерлері, ескі-құсқы 
сатып алушы адамдар. Қоғам оларды байқамайтын сияқты.
Нұрлан Сулюкта қаласындағы 
шахтадан көмір тиелген 
вагоншаны шығар есікке қарай 
итеруде. Ол 1987 жылы дүниеге 
келген және шахтада 6 жылдан 
бері жұмыс істейді.
Алексей өзінің досы Вячеславпен бірге 
қоқыс полигонының аумағында түнейді. 
Ол істі болғанына байланысты жұмысқа 
орналаса алмай, полигонда жұмыс 
істей бастады. Бердік ауылында оның 
үйі мен отбасы тұрады.
Бішкектегі патрульдік милиция 
су арнасына секірген ер адамды 
іздейді. Соңғы жылдары 
республикада өз-өзіне қол жұмсау 
оқиғасы санының өскені туралы 
айтылуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет