Медиа ақпараттық сауаттылық МҰҒалімдерге арналған ресурстық кітап


Факті мен пікірдің ара-жігін ажырату



Pdf көрінісі
бет34/138
Дата07.12.2022
өлшемі5,8 Mb.
#55506
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   138
Факті мен пікірдің ара-жігін ажыратуФакт, пайым және болжам бір-бірінен бөлек берілуі керек. Сол себепті, классикалық жаңа-
лықтар сюжетінде немесе мақалада автордың пікірін немесе бағасын білдіретін сөз болмауы керек. Біреудің көзқарасы мен бағасы 
фактінің орнына қолданылмайды.
Айқындық. Халықаралық журналистер федера-
циясының декларациясында қоғамның шындықты 
білу құқығын және ақиқатты сыйлау – журналистің 
міндеті делінген (1-қағида). Фактілерді бұрмаламай, 
сол күйінше жеткізу немесе сұхбат берушінің пікірін 
өзгертпеу, аты-жөнін, географиялық атауларды және 
т.б. дұрыс жазу.
Нақты мәселе бойынша ақпарат пен фактілерді 
толық беру «Кім? Не? Қашан? Қайда?» ғана емес
«Қалай?», «Неге?» деген сұрақтарға жауап беру. Кез 
келген тақырып терең зерттеуді талап етеді. Сон-
дықтан, журналист міндеті – ақпаратты тек сенімді 
ақпарат көздерінен алу. Халықаралық Декларацияда: 
«Журналистің бірінші міндеті – болған оқиғаны дәл 
сол сүйінде беру арқылы азаматтарды сенімді және 
объективті ақпарат алу құқығымен қамтамасыз ету».
Қолжетімділік – журналистік стандарттардың бірі, ол телекөрермен үшін маңызды. Мысалы, журналист өте маңызды мәселені халыққа 
түсініксіз тілмен (кәсіби лексины қолданып) жеткізуі мүмкін. Бұл журналистің халыққа ақпарат жеткіземін деген еңбегін зая етеді. 
Азаматтарды және топтарды кемсітуге жол бермеу – журналистиканың өте маңызды талабы. БАҚ-та қоғамға, адамдардың құқықтарына 
зиян келтіретін дүниелерді беруге, соғыс пен зорлық-зомбылықты насихаттауға, ұлттық, діни, жыныстық, аймақтық, сексуалды, нәсілдік
әлеуметтік араздастықты қоздыруға жол берілмейді. Бұл стандарттың өзектілігі соңғы уақытта, журналистер конфликілер туралы хабар 
тарату мәселелері туралы ойлана бастап, өздері куә болған әлеуметтік күйзелістер мен соғыстардың тәжірбиесін жинақтай бастағанда 
артты.
Сондықтан конфликт туралы хабар тарататын журналистер-
ге үлкен жауапкершілік жүктеледі. Сол жауапкершілікті жур-
налистер сезінуі керек. Бұл халықаралық тәжірбиеге сәйкес, 
конфликтіні түсінуге; әділ, шынайы хабар таратуға; конфликті 
себебі мен оған түрті болған жайттарды хабарлауға; адамдар 
тараптарын көрсетуге; бейбітшілікті орнатуға жұмсалған күшті 
көрсетуге міндетті.
Бұл туралы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет