Мәдібаева қанипаш қайсақызы



бет49/85
Дата01.03.2023
өлшемі1,9 Mb.
#70870
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   85
Тырнақтай меңі болған соң.
Тарлан тартып оңған соң,
Түгіне кір қонған соң
Мінсіз, меңсіз, кіршіксіз.
Шаңқан болмай, қылаң ба?
Ту ұстап, тұлпар жаратпай,
Алдынан топ таратпай
Анадан тудым дегенмен,
Бастамаса ел ұлан ба?
Бір шумақ өлеңде үш жолы шұбыртпалы, екі жолы егіз ұйқас болып келетін өлеңдерді біз тек қана Дулаттан кездестіреміз. Бұл ол кездегі ақындардың басқаларында жоқ. Жалпы қазақ өлең құрылысының дамуын зерттеуде бұған тоқталмай кетуге болмайды [93, 108 б.]. Осы тұжырым-пікірлер Х. Сүйіншәлиев, Р. Сыздықова, Қ. Өмірәлиев зерттеулерінде де беки түсті; жанр айғақталды. Ғалым Құлмат Өмірәлиев Дулат мұрасын жанрлық, стильдік жақтан композициялық құрылым, жаңа түр табуы, сөз қолданыс, текстология жөнінде арнайы зерттеді. “Дулат өзі көтерген, сөз еткен тақырыбымен ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ақындардан оқшау, дара тұрса, өлеңдеріне тән өлшем үлгілерімен де өз кезінің поэзиясынан соншалықты ерекшеленіп тұрады.
Дулат өлеңдеріне тән өлшем-өрнектердің қайсыбірі кісіні өте көне дәуірге жетелесе, ал енді бір парасы Абай өлеңдерінің өлшем-өрнектеріне келеді” [31, 88 б.].
“Дулат көтерген тақырыбы мен ұстанған идеясында ғана ауызша поэзиядан бөлектеніп қоймаған, өлең түрі мен сөз саптауында да одан іргесін таза айырып, біржола қол үзген. Ол туындыларын жыр үлгісінде әрі айтып, әрі жазып шығара отырып кейінгі кезде, оның ішінде қазіргі әдебиетімізде лирикалық өлеңдердің жанрлық сипаты өзгеше болғандықтан, жыр өлшемімен жазылса да жыр деп аталмайды” (З.Ахметов Қ.М.) деген анықтамаға ие өлеңді – “жыр деп аталмайтын”, “ жанрлық сипаты өзгеше лирикалық өлеңді жасаған ақын” [31, 92 б.].
Ғалым Дулат шығармаларының осы бір өзгешеліктерін анықтау үшін Абай өлеңдеріне аналогия жасайды. “Келдік талай жерге енді”, “Болыс болдым мінеки”, “Сабырсыз, арсыз, еріншек”,“Көжекбайға”, өлеңдерін түйдек, ұйқас, бунақ, буын жағынан; мазмұн, мән жағынан қарастырып, Дулаттың “Сөзім бар да, көзім жоқ”, “Тырнақтай меңі болған соң” сияқты өлеңдерінің Абай лирикасымен стиль, өлең жасау тәсілі, жалпы құрылыс жөнінен туыстық жайларына тоқталады.
Орыс сыяз қалдырса,
Болыс елін қармайды,
Қу старшын, аш билер,
Аз жүрегін жалғайды.
Орыссыз жерге той болса,
Шақырған кісі бармайды.
Бітім қылып бір кісі,
Адал малын алмайды.
Қызығы кеткен ел бағып,
Қисыны кеткен сөз бағып… (Абай)

Шенділердің қылығы,
Елге істеген былығы,
Парақор би мен ұлығы
Ұйықтасам кіріп түсіме,
Өңімде қуат күшіме,
Есерлердің ісіне
Азған елдің ішінде
Ұйқы тыныш болар ма?
Дулат өлеңді барынша сауатты жазған, формаға да қатты деп қойған.
Дулаттың “Қылжың, қылжақ туысқан”, өлеңі құрылысы, өлшем-өрнегі жағынан бөлек өлең дейді ғалым. Абайдың “Келдік талай жерге енді” өлеңін еске түсіреді. Осы жөнінде “Дулатқа дейінгі қазақ поэзиясы – ауызша туған азаматтық поэзия мұндай шеберлікпен өзгеше қисындырылған күрделі үлгіні білген емес. Бұл – жаңа үлгі” [31, 100 б.].
Дулаттың “Қазақ деген ғарып жұрт”, толғауы мен Шортанбайдың “Зар заман толғауы мәндес. Арғы-бергі тарихты шола сөйлеген Дулат ақын бар шындығын алға тартады. Өз уақытының қал-күйін, болмысын жеткізеді. Толғаудың өн бойында ежелгі жыр үлгісімен үдете келетін тұстар да бар; сонымен бірге Дулаттан басталған өлеңдегі жаңа сипаттар да мол. Арғы-бергінің арасында жатқан, өнердің өтпелі көпіріндей жүк көтерген Дулат шығармашылынғының көп сырын осы бір толғаудың өзінен-ақ табуға болады. Ақын тілі кезең шындығын, айналып өтіп жатқан аласапыран тірлікке жан қайғысын қосып қараған сәтте аса нәрлі, аса дәл, ұтқыр да ұшқыр.
Орыстың заңын қуаттап,
Жол ашып елді суаттап,
Баладай алдап уатпақ:
Би дегенің би емес, –
Ел алдағыш мекері.
Шен-шекпенге құмартқан,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет