Мәдібаева қанипаш қайсақызы


Қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар



бет7/85
Дата01.03.2023
өлшемі1,9 Mb.
#70870
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   85
Байланысты:
Мадибаева-Қ.XIX-ғасыр-әдебиетінің-қөркемдік-дамуы-Оқу-құралы-2007ж.

Қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар. Зерттеу нәтижесі бойынша мынадай тұжырымдар ұсынылды.
Еңбекте ХІХ ғасыр әдебиетінің басты-басты нұсқаларын мүмкіндігінше жан-жақты (зерттелу, жанрлық, жиналу, басылым, шығармашылық ерекшелік, т.б.), ХІХ ғасыр әдебиеті көркемдік арналар, әдебиет үлгілері тарихилық-теориялық тұрғыда қарастырылды.
– ХІХ ғасыр әдебиетінің жанр, түр, үлгі жөнінен әр кезеңдегі зерттелуі қазіргі кезеңдегі әдебиеттану ғылымының көкейтесті мәселелері аясына тартылып, жекелеген мәселелердің жаңа бағыттарын айқындай түсуге беталыс жасалды.
– ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің жанрлық-стильдік жөннен жүйелену мәселелерінің қайсыбір қисындарының теориялық тарихы сараланып,
ХІХ ғасырдағы жаңа жазба әдебиет жанрлары төңірегінде біршама негіздемелер түюге ұмтылыс жасалып, оған А. Байтұрсынұлының “Әдебиет танытқыш” еңбегін мақсатты түрде қатыстырылды.
– Еңбекте көркемдік даму бағыттарын айқындай түсуде ХІХ ғасыр әдебиет үлгілері тұтас қамтылғанымен, негізгі екпін Махамбет, Ыбырай, Абай шығармалары аясында, жаңа жазба әдебиет жанрларының қалыптасуының қайсыбір алғышарттарына орайластыра қарастырылды.
– Жазба әдебиеттің қазақ әдебиеттанушы ғалымдары атап көрсетіп келе жатқан айырым белгілері жүйеленіп, қайсыбір әдебиет үлгілерінің жазба әдебиет пен ауызша әдебиетке қатысын айқындай түсу жөнінде біршама қисындаулар жасалды.
– Жекелеген әдебиет үлгілерін түрге бөлу жөніне өзіндік ұсыныстар жасалды. Мәселен, дәстүрлі айтысты айтылу жөнінен:
1. суырыпсалма
2. шығарма – жазбаша деп негіздеу; мәніне қарай:
1. бас қағысу (қалжың, қағытпа)
2. руаралық
3. әлеуметтік; жанрлық түрлерін:
Қисса-дастандардың түп-төркін, жанрлық, нәзира дәстүрі жөнінен
ХІХ ғасыр әдебиетінің фактісі есебінде арнайы қарастырып, зерттеу проблемалары алға қойылды. Қисса-дастандардың ауызша әдебиет пен жазба дәстүрге қатысы жайы, көркемдік дамудағы ықпалы біршама қозғалып, қарастырылды.
ХІХ ғасырдағы тарихи өлең, тарихи жырдың жанр проблемасы қозғалып, тұтастану сипаты, ауызша, жазбаша әдебиет дәстүрлеріне қатысы сараланды.
– Еңбекте жеке тұлға, оның шығармашылығындағы діни желілер, сарындар жайын нақтылы қарастыру кейінде де зерттеу нысаны бола беретінін ескере отырып, жалпы ХІХ ғасыр әдебиетіндегі дін мәселесінің әлеуметтік негіздеріне нақтылы құжаттарды дәйек ете отырып тоқталдық.
– Еңбекте жаңа жазба әдебиеттің туып, қалыптасуы мәселесінде абайтанудың жетістіктері жинақталып, жүйелене түсті. Сол негізде Абайдың өлең құрылысы, Абай өлеңіндегі жаңа түрлердің түп-төркіні, Абайдағы сөз жасам, Абай тілі, Абайдағы дін, дүниетаным жайы, текстологиялық мәселелер, Абай ақындығының айналасы – ХІХ ғасыр жаңа жазба әдебиетінің фактісі есебінде мүмкіндігінше қамтылып, сол негізде абайтанудың қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелеріне барлау жасалды.
– ХІХ ғасырдағы қазақтың жаңа жазба әдеби тілі мен жаңа жазба әдебиет тілінің арақатысы жүйелі түрде қойылды. Қайсыбір қисындардың жөні нақтылы жазба дерек, фактілер арқылы айқындалып, ашылды. Мәселенің қазіргі кезеңдегі зерттеу мүмкіндіктері, көкейтесті мәселелері атап көрсетілді.
Тақырып аясы, қарастырылып отырған мәселе, негізінен, ХІХ ғасыр әдебиетінің айтулы өкілдері, ХІХ ғасыр классикалық әдебиеті туғызушы Махамбет, Ыбырай, Абай шығармашылығы осы жөнде мүмкіндігінше жан-жақты қарастырылды. Оған себеп, біріншіден, бұл тұлғалардың әдеби мұрасы шын мәніндегі аса биік көркемдік өлшеммен жасалғандығы; екіншіден, белгілі бір тарихи дәуірдің саяси-әлеуметтік қажеттілігі туғызған жаңа жазба әдеби тілдің қалыптасуы осы тұлғалардың шығармашылық өрісімен тұспа-тұс келді.
– Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу тарихында мейлінше ықпалды болған әдебиет теориясының, орыс әдебиеттану ғылымының қайсыбір жалпы қисындарының таза ұлттық әдеби үрдістерді айқындаудағы мүмкіндік жөндеріне уәж айтуға тура келді.
– Диссертациялық жұмыста ХІХ ғасырдағы қазақ тіліндегі баспасөз, басқа да басылымдардың негізгі айқын сипаттарына көңіл бөлінді. Көпшілік мәселелер өз алдына арнайы монографиялық зерттеулердің нысаны болғандығы ескеріліп, солардың ғылыми нәтижелеріне қайсыбір тұста жаңа бір қисындар жөнінен пікір білдіріп отыруға тура келді. Мәселен, тарихи жыр, дәстүрлі айтыс өнері, ән өлең, дастандар, т.б.

  • Әрбір нақтылы мәселені қарастыру іштей бірнеше мәннің сараланып отыруына ұласты. ХІХ ғасырдағы қазақ өлеңінің құрылымы мен жасалу жолдары белгілі шығармашылық тұлғалардың (Махамбет, Дулат, Нысанбай, Сегіз Сері, Жанақ, Құлыншақ, т.б.) әдеби мұрасы негізінде саралана түсті. Әдеби мұраның орындалу сипаты мен көркемдік өзгешелігін аралас қолданып жүрген тұстарымызға назар аударылды. Мәселен, кітаби әдебиет, кітаби ақын, қисса, нәзира.

  • Аймақтық әдеби мектеп мәселесінің тарихи негізде танылу мәселелерін нақтылы қойылымда ашу жолдары қозғалды.

  • Жұмыста арнайы қарастырылған барлық мәселенің де зерттелу тарихы, зерттеу нәтижелері үнемі назарда болды. Мүмкіндігінше әдеби үрдістегі қайсыбір құбылыстың жаңа зерттеу мүмкіндіктері, әдебиеттанудың ендігі даму деңгейінде бой көтеріп отырған жаңа қажеттіліктері айқындала түсті, сараланды.

– Жекелеген әдебиеттанушы ғалым, зерттеушілердің ХІХ ғасыр әдебиетінің теориялық тарихын жасаудағы еңбегі нақтылы мәселеге қатысты аталып өтіліп, айқындалып отырды.
– ХІХ ғасыр әдебиетінің көркемдік дамуының зерттелу жүйесі уақыт ұсынған мүмкіндік аясында тұтас қамтылды.

  • Еңбекте әдебиеттегі тарихилық мәселесі тікелей тарихи оқиға ізімен туған тарихи жыр жанрына да қатысты; жалпы заман туғызған жаңа сарын, жазудағы жаңа үлгілерге де байланысты қарастырылды.

  • Еңбектің үш бөлімінде қарастырылған мәселенің өзара тұтас құбылыс – әдеби үрдіс, әдеби көркем даму есебіндегі спецификасы үнемі ескеріліп отырды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет