Мәдібаева қанипаш қайсақызы


Зерттеу жұмысының жаңалығы



бет6/85
Дата01.03.2023
өлшемі1,9 Mb.
#70870
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
Байланысты:
Мадибаева-Қ.XIX-ғасыр-әдебиетінің-қөркемдік-дамуы-Оқу-құралы-2007ж.

Зерттеу жұмысының жаңалығы. Диссертацияның соны сараптамалары, жаңа пайымдаулары мына нәтижелерден көрінеді:
- Қазақ әдебиеті тарихының айтулы кезеңі ХІХ ғасыр әдебиетін әдебиеттану ғылымының зерттеу нәтижелерін негіз ете отырып, әдебиет үлгілері жөнінен алғаш рет арнайы, тұтас көркемдік жүйеде қарастыра отырып жасалған талдаулар мен тұжырымдар осы еңбектің басты ғылыми жаңалығы ретінде ұсынылады. Сол орайда диссертациялық еңбекте мынадай мәселелерге баса назар аударылды.
Біріншіден, ХІХ ғасырдағы әдебиет үлгілерінің жанрлық даралық сипаттары, өлең үлгісіндегі түр өзгешелігі, туу себептері – дәстүрлі арналар мен дәуірлік даму бағыттары аясында алғаш рет тұтас қамтылып қарастырылды. Ш. Уәлихановтың қазақ халық поэзиясын түрге бөлуіндегі ғылыми айқындылыққа, ХІХ ғасырдағы өлең түрлеріне байланысты нақтылы тұжырымдамаға алғаш рет арнайы назар аударылып, дәйектеме жасалынды.
Екіншіден, ХІХ ғасырдағы әдебиет үлгілері: қисса-дастан, тарихи жыр, айтыс, ән өлеңнің жанрлық құрылысы, даралану үрдісі, ХІХ ғасырдағы дәстүрлі поэзияның көркемдік жөннен қисындалу негіздері; зар заман ағымының тарихилық жөннен негізделу мәселелері; ХІХ ғасырдағы жаңа жазба әдебиеттің туып, қалыптасу жолдары; Абай және ХІХ ғасырдағы қазақтың жаңа жазба әдебиетінің тарихи негіздері, жанрлық мәселелері жеке-жеке тарауларда қарастырыла отырып, олардың қазақ әдебиетінің тарихындағы көркемдік жөні біртұтас жүйеде жан-жақты қамтылып, негізделді.
ХІХ ғасырдағы әдеби мұраның қазақ әдебиеті тарихындағы көркемдік құндылығы бүгінгі ғылым нәтижелері негізінде және бір мәрте пайымдалды.
Үшіншіден, еңбекте ХІХ ғасырдың Дулат ақын, Махамбеттің, Абайдың, Ыбырай сынды айтулы тұлғалары шығармашылық мұрасының қазақ әдебиеті, қазақ руханиятындағы тарихи орны, ұлттық құндылығы дулаттану, махамбеттану, абайтану, ыбырайтанудың бүгінгі деңгейіндегі таным, пайым аясында тың өрістерге тартар қырларымен негізделе түсті.
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетін зерттеуші ғалымдар еңбегінің ғылыми құндылығы арнайы қарастырылып айқындала түсті. ХІХ ғасыр әдебиетінің зерттелу тарихнамасы мүмкіндігінше тұтас қамтылып, зерттеу нәтижелерінің қазақ әдебиетінің теориялық тарихын түзудегі өлшеусіз орны аталып отырды.
Төртіншіден, ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті үлгілерінің жанрлық даралық сипатын айқындау жөніндегі ұстанымдарды тұтастай қазақ әдебиетінің ұлттық сипатына, тарихи негіздеріне сүйене отырып тұжырымдаудың қайсыбір қисынды негіздері атап көрсетілді.
ХІХ ғасырдағы жаңа жазба тіл стилінің қалыптасуындағы көркем әдебиеттің орны белгілі-бір деңгейде арнайы зерттеу нысаны болып, сол негізде мәселені айқындай түскен пайымдаулар жасалды.
Бесіншіден, ХІХ ғасырдағы әдебиет үлгілерінің даусыз, басы ашық авторсыз фольклор үлгілері өз алдына, басқа нұсқалардың ауызша әдебиет пен жазбашаға қатысын болжауда теориялық меже есебінде әдебиеттанушы ғалымдар А. Байтұрсынұлы, М. Әуезов, Қ. Жұмалиев, З. Ахметов,
Қ. Өмірәлиевтің өлеңтану тәсілдерін ескеріп отырдық.
Ауызша мен жазбаға және бір меже – М. Әуезовтің жазбаша әдебиет қоғамның рухани қалпында белгілі-бір бет, бағыт, сарын пайда болған уақытта туды деген қисынын әдеби шығарманың негізі сарын, желілері арқылы (өлең үлгісі, құрылым емесҚ.М.) қарастырып отыруда ұстандық (Мысалы, зар заман).
Алтыншыдан, тарихилық жөнін тарихтың ізі баяндалған сюжет қана емес, жанрлық үрдістегі тың сипаттар ауқымында ашу үрдісі нақтылы айқындаулармен толыға түсті.
Диссертацияның үш бөлімінде қарастырылған мәселелер өзара сабақтастықта, бірін-бірі толықтыра түсіп, ХІХ ғасырдың тарихи болмысы, жалпы көркемдік даму заңдылықтары аясында қамтылып зерттелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет