Мәдібаева қанипаш қайсақызы



бет54/85
Дата01.03.2023
өлшемі1,9 Mb.
#70870
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   85
Еділді тартып алғаны –
Етекке қолды салғаны.
Жайықты тартып алғаны –
Жағаға қолды салғаны.
Ойылды тартып алғаны –
Ойындағысы болғаны.
Маңғыстаудың үш түбек
Оны дағы алғаны.
Үргеніш пен Бұхарға
Арбасын сүйреп барғаны,
Қоныстың бар ма қалғаны?!
Мал мен басты есептеп,
Баланың санын алғаны…
Аңғарсаңыз, жігіттер
Замананы тағы да,
Бір қырсықтың шалғаны!
Мұраттың қимай отырған, өксігін ойлап отырған мекені толып жатқан қымбатына, қырына қоса мынадай жер.
Тұлпар мініп ту алған,
Дұшпанын көріп қуанған,
Алмасын қанға сауарған,
Аруақты ерлердің
Абыройын төккен жер,
Керегесін кескен жер,
Кесіп бұршақ еткен жер,
Ердің соңы – Исатай
Бармағын тістеп өткен жер.
Ұлтының азаттығы үшін алысып, арпалысқан көп батырдың жан беріп, шаһит болған жері.
Ердің соңы Исатай деуі қандай дәл кесім, көрегендік. Енді бас көтерер шама қалмағанын, қазақтан хал кеткенін ақын осындай бір кесімді сөздермен естіртеді.
Бұл жерде жеңіс сәті де көп болып еді. Жеңіліс те аз болмаған. Енді дұшпанға қарсы шауып, не өлім, не өмір дейтін күн өткен. Бостандықты қорғап шығар күйден қазақ айрылған…
Енді бұрынғы тарихты, батырлықты баян етіп отырған жырау өз заманының күйіне, Шортанбай шерткен зар сарынына көшеді. Азған адам, алынған пара, арам іс, мұсылманның баласы, шапағат-қайыр, т.б. қолданыстар – Шортанбай толғауларындағы да негізгі сөздер. Мұрат толғап отырған ел билеушісінің сиқы, ел мінезі, қолдан кеткен билік – зар заман әдебиетінің негізгі сарындары.
Саламат қайтып сақтасын,
Берсең түгел келмейді,
Базарға қосқан аманат
Болмаса игі еді масқара.
Байдан кетіп салауат
Пақырдан кетіп қанағат.
Діні басқа біреулер
Ел билейді аралап.
Бір пәледен мың пәле
Өсіп кетті балалап.
Замана қайтып түзелсін
Қоңсыдан туған би болды,
Бұ сықылды күй болды,
Көрген жұртқа таң болды,
Азамат ердің баласы
Айдарына малы жоқ.
Топ көрерге зар болды.
Қара кісі хан болды,
Қоспақтан туған қортықша
Қатарға шығып пар болды
Асылсыздың баласы.
Ақшасына сүйеніп,
Айтқан сөзі пұл болды.
Шыр көбелек айналып,
Заманының адамы,
Заманың мұндай сұм болды!
Заман кейпін бар қиырдан шолып келіп Мұрат ендігі зор қауіпті алға тартады.


Мен қауіп өткеннен айтамын:
Ақ борықтай иілген,
Кейінгі туған баланың
Ұстай ма еді білегін,
Шая ма еді жүрегін,
Шашын, мұртын қойдырып,
Ащы суға тойдырып.
Бұза ма еді реңін
Адыра қалғыр заманның,
Мен жаратпаймын сүреңін!…
“Үш қиян” құрылымы, стилі бөлек толғау. Ақын арғы тарихтың қилы кезеңдерін суреттегенде әр жайға бөлек-бөлек мақам стильмен келеді. Жақсы күндер, жеңіс сәттер, батырлар бейнесі эпостық жырлардың мақамымен үдете, айшықтала келеді, ендігі күннің жайында дүние құбылыстарын термелей, түйіндей сөйлеу мәнері басым. Жыр түрінде бейнелі, шуақты оралымдар мол. Дәстүрлі қолданыстар ежелгі жыр-дастандармен туысып жатқан тұстарда әсіресе жиі.
Құйрығы гүлдей малынған, тұлпар мініп ту алған, емендей белін бүгілтіп, жібектей жалын төгілтіп, табаны жерге тимеген, маңдайы күнде күймеген, біртіндеп садақ асынған, біртіндеп жауды құшырған, қорамсаққа қол салған, балығы тайтай тулаған, бақасы қойдай шулаған.
Орманбет би өлген жер, он сан ноғай бүлген жер, т.б.
Мұрат салтанатты көш кейпін бұрын-соңды кездеспеген суретпен ашады.
Қырғауылдай қызыл нар,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет