Мәдібаева қанипаш қайсақызы



бет55/85
Дата01.03.2023
өлшемі1,9 Mb.
#70870
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   85
Қыз-келіншек жиылып
Қызықпенен артқан жер…
Жырда дәл, түскен қолданыс, ақын тілінің аса зерлі өрнектері төгілген сөз оралымдары мол.
“Сарыарқа” толғауында өткен тарихқа азғана тоқталған ақын, өз уақытының көп сергелдеңін баяндауға көшеді.
Әуел жеңіп орыс Еділді алды,
Сарытау, Аштарханның жерін алды.
Артынан Еділден соң Нарынды алды,
Тоғайдың ағаш, қамыс талын да алды.
Аржақтан Қайыпалды, Науша қашып,
Тарлықтың сонан бері қаптағаны
Су мен нуды орыс ұстап,
Қазақтың мұнан жұтап жалынғаны.
Қуалап Исатайды өлтірген соң
Заманның сонан бері тарылғаны.
Бір қазақ еркек болса Махамбеттей,
Мұнан да ақсыз күні жазымдады.
.Кіндігін, кірін жуып кеткен жерден,
Қысылмай ер кете еркіменен?
“Үш қиянда” ата жұрттан қилы замандарда ауа көшкен белгілі хандарды, би-жырауларды, батырларды атаған ақын, енді өз уақытында қуғын көріп, қорлық кешкен замандас жұртты түгендейді. Ол – Исатай, Махамбет, Бекқожа, Тұрлан, Өтен, Жалмұхамбет, Бертін, Алдаш, Қаныбек, Дәуіт, Ербөлек, Есет, Әлен, Құсен сынды ерлер.
Нағашы жұртқа тұрмыс жайымен ауа көшіп барған Мұрат өз туған жерінің салтанат сәттерін, қимастығын езіле жырлайды. Жүректі мұң орайды. Сағыныш шабағы сабалайды. Мұрат үшін қарын тойған жер – қазына тапқан жер емес. Оның тіршілік тірегі өз кіндігінің қаны тамған жерде. Ол жердің елі де, өзі де бөлек! Жететін ештеңе жоқ. Ақынның сол көңілі мына шумақта қалай-қалай сайрайды десеңізші.


Дүйсе мен Тоқпақ жайлайды Жездібайды,
Төрт түлік айналасы малға жайлы.
Тай сойған екі кісіге біздің елде
Кетуші едік сараң деп Мәтеш байды.
Адайды сегіз арыс аралайды,
Көрмедім әлі күнге осындайды.
Мұраттың “Жалпыға айтқаны” дейтін ұзақ толғауы адам ғұмыры, күнделік тіршіліктегі арман-мұраты, табар тиянақ-тұғыры, жарық дүниенің нұры, бары мен жоғы жайлы. Шортанбайдың “Бала зары”, “Алдамшы жалған” толғауының сарыны бар. Шығармада дүниенің алуан түрлі шарттары, не жақсы, не жаман; адам қоғамындағы алар орнымыз қайсы дегендей жайлар қамтылады.
Жалғаншы фәни заманда
Топырақтан жаратқан
Осы бір жүрген адамды,
Асырап, сақтап өсірген.
Бір жасаған құдайым
Он сегіз мың ғаламды…
Шығарма тіліне дәстүрлі сөз қолданыстар орнын тауып орныққан. Мұраттың өзіндік өрнектері, сөз айшықтары да аз емес. Ақын сурет жасауға шебер.
Бесқаруын белге ұстап, темір қазық жастанып, елпең-елпең жүгіре, ертеңнен шапса, кешке озса, еңкуден салса, төске озса, егіз қоян шекелі, күдері белді, күпшек сан, мұсылман боп дінді ашқан дегендей ілгерідегі жыраулар қолданыстары айшықтаған толғау ежелгі жыр дәстүрімен шыққан. Жырда түрлі құбылыстың көркем, әсіре теңеуі, айшықты бейнесі, қимыл-қозғалыс шақтың суреті мол. Алтын тоқпақ, бозқырау күн, көкорай шалғын, күміс қазық, қос тұлымды қара нар, жібектей жал, қызыл киім, күрең ат, қиылған қара қас, әшекейлі қара кер, көзі жүз сом алтын зер. Сырдың біткен талындай, базардың алуа балындай, тастан алған зередей, ақ балтыр, желбегей күрең ат, т.б. айшықты сөздер жырды құлпырта, түлете түскен.
Қимыл-қозғалыс сәттің түрлі құбылыстардың қалпын ашар қолданыстар жырды ширатып, шындықтың суретіне көшіреді.
Қырлардан қырға қараса,
Қырық шалғысын күніне
Он екі сілкіп тараса,
Қу төңкере аспаннан,
Үш түлеген баппенен,
Дауылпаз соқса астынан
Шектегей күрең атпенен, –
деп, келетін жолдары сілкініп, серпіліп, күн астында жортып жүрген дала батырының бейнесін жеткізіп тұр емес пе! Батырлық эпостың мақамын түлетіп тұр емес пе! Мына бір сурет қалай сызылған!
Бауыры шұбар, сырты көк
Қаршыға құсқа жарасар!
Бауыры шұбар, сырты көк қаршыға!
“Топқа түскендей толғауында” Мұрат ара-тұра ежелгі дәстүрлі сарында өзін-өзі көтермелей сөйлеп, құнын-бағасын білдіріп отырады. Өнерінің артығын айтады. Дүние шартын, нақыл-ғибрат сөз айтады. Толғауда өлең сөздің өлшеусіз құнын көлденең тастап отыру, өнердің құнын көтере сөйлеу арыны айқын.
Ақын бұрын-соңды жыр үлгісінде кездеспеген тың тіркестер жасайды. Шешен тілді жыршы ақынның айтуында




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет