Медицина факультеті


Дисперсті жүйелер, дисперсиялық орта, дисперсті фаза дегеніміз не? Дисперсті жүйелердің жіктелуі жіктелуі



бет28/62
Дата26.05.2022
өлшемі0,51 Mb.
#35643
түріҚұрамы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   62
Байланысты:
Медициналық химия

46. Дисперсті жүйелер, дисперсиялық орта, дисперсті фаза дегеніміз не? Дисперсті жүйелердің жіктелуі жіктелуі.
Дисперсті жүйелер. Заттардың коллоидтық күйі. Коллоидтық химияны беттік құбылыстар және дисперсті жүйелер туралы ғылым деп атауға болады. Барлық дисперсті жүйелерге тән негізгі екі белгі бар: жоғары дисперстілік (майдалану) және гетерогенділік. Дисперсті жүйелердің гетерогенділігі мынадан көрінеді: олар өзара ерімейтін кем дегенде екі фазадан (дисперсті фазадан және дисперсті ортадан) тұрады.
Дисперсті фаза - ұнтақталған ұсақ бөлшектер. Дисперсті орта-дисперсті фаза бөлшектерін біркелкі таратушы газ, сұйық, не қатты зат. Дисперсті жүйе түсінігі коллоидты жүйе түсінігіне қарағанда кеңірек. Коллоидты жүйелер деп дисперсті фаза бөлшектерінің ұнтақталу дәрежесі жоғары гетерогенді жүйелерді айтады. Академик П.А. Ребиндердің айтуы бойынша, қазіргі коллоидты химияны дисперсті жүйелер мен беттік құбылыстардың физикалық- химиясы деп анықтауға болады. Коллоидты химия бөлшектердің ерекше-коллоидты дәрежедегі күйін сипаттайды. Мұнда ірі дисперсті жүйелер (суспензия, эмульсия т.б.) де зерттеледі.
Дисперсті жүйелердің жіктелуі және табиғаты Дисперсті жүйелер әртүрлі белгілеріне байланысты жіктелінеді. А) Бөлшек өлшеміне байланысты жіктеу. Бөлшектердің ұнтақталу дәрежесіне (дисперстілігі) байланысты дисперсті жүйелерді үш топқа бөлеміз: Ірі дисперсті жүйелер (жүзінділер, суспензия, эмульсия, ұнтақтар), бөлшектердің радиустары –10 -7 м. Коллоидтық – дисперсті жүйелер (зольдер), бөлшектердің радиустары – м. Молекулалық-иондық (шынайы) ерітінділер, бөлшектердің радиустары м кіші.
47. Зольдерді алу және олардың қасиеттері.
Зольдер - коллоидты жүйедегі дисперсті фаза бөлшектері қатты күйде, ал орта сұйық күйде болатын ерітінділер. Дисперстік фаза мөлшеріне орай ірі және майда дисперсті жүйе болады. Егер бөлшектердің мөлшері 10 -3 -10 -5 см болса, оларды ірі дисперстік жүйе дейді. Оларғасуспензиялар (қ/с), эмулсиялар (с/с) және көбіктер жатады. Дисперсті фазаның бөлшектерінің мөлшері 10 -5 -10 -7 см болса, майда дисперстік жүйедейді. Оларды коллоид ерітінділер немесе зольдер дейді. Зольдерді диспергирлеу (майдалау) және конденсациялау /ұлғайту/ әдістерімен алады. Екі жағдайда да дисперстік фаза дисперстік ортада ерімеуі тиіс. Зольдің құрамында дисперстік фазаның бөлшектері үлкен агрегаттарға бірікпеуі үшін арнайы зат - стабилизатор қосады. Золь арқылы /суспензия мен эмульсия арқылы да/ сәуле өткізгенде жарқыраған конус байқалады. Оны Тиндаль конусы дейді. Бұл дисперсті жүйенің гетерогенділігін көрсетеді және дисперсті фаза бөлшектерінің сәулені шағылыстыруынан болады. Зольдің дисперстік фаза бөлшектерінің мөлшерлері өтекішілігіне /10 -5 -10 -7 см/ қарамастан, олардың құрылымы өте күрделі. Кальций карбонатының судағы золін мысал ретінде алайық. Ол үшін мына реакцияны пайдаланамыз: СаСl 2 + Na 2 CO 3 => CaCО 3 + 2NaCl (1) Стабилизатор ретінде кальций хлоридін аламыз- оны артық мөлшерде қосамыз. СаСl 2 →Са 2+ + 2Сl
Зольдердің электрлік қасиеттері
Коллоидты ерітінділердегі фазааралық жанасу шегінде электрлік зарядтар туындайды. Коллоидты жүйенің электрлік қасиетін түсіну үшін, ондағы электр кинетикалық құбылыстарды және олармен тығыз байланыста болатын коллоидты бөлшектер мен электролиттердің өзара әрекеттесуін, сол сияқты осындағы бір фазаның екіншіден салыстырмалы жылжуынан туындайтын жайларды қарастыру қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет