Медицина факультеті


Коллоидты ерітінділердің агрегативті тұрақтылығы және коагуляция. Коллоидты ерітінділерді алу әдістері және олардың қасиеттері



бет30/62
Дата26.05.2022
өлшемі0,51 Mb.
#35643
түріҚұрамы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   62
Байланысты:
Медициналық химия

50. Коллоидты ерітінділердің агрегативті тұрақтылығы және коагуляция. Коллоидты ерітінділерді алу әдістері және олардың қасиеттері.
Агрегатты тұрақтылық – дегеніміз коллоидты жүйенің өзінің дисперстілік дәрежесін, яғни мицелла құрамындағы дисперстік фаза бөлшектерінің өлшемін сақтау қасиетін айтады. Коагуляция (ұю) Коагуляция (ұю) – коллоидты бөлшек- тердің бірігу үдерісі, нәтижеде ірі агре- гаттар түзіліп, агрегатты тұрақтылық жоғалады. Коагуляция бөлшектер ара- сындағы тартылу күштері бірдей заряд- талған гранулалардың тебу күштерінен артқан кезде жүреді. Коагуляция үдерісін әртүрлі факторлар туғызады: температура өзгерісі; концентрация өсімі; механикалық әсер; сәулелендіру; электролиттер қосу; ультрацентрифугалау т.б. Ең зерттелгені және ең практикалық маңыздысы-коллоидтарды электролиттермен коагуляциялау. Электролиттер, бір жағынан зольдерді тұрақтандырады, екінші жағынан, оларды артық мөлшерде қосу зольдердің коагуляциясына әкеледі.
Коллоидты жүйелерді алу әдістері: Коллоидты жүйелерді алудың негізгі екі әдісі бар: 1. Дисперстілеу - ірі дисперсті жүйелерді коллоидты дисперсті күйге дейін ұнтақтау. 2. Конденсациялау – атомдарды, молекулаларды, иондарды коллоидты дисперсті күйге дейін ірілендіру немесе біріктіру.
Ш-деңгейлік сұрақтар

1.Органикалық қосылыстардың көміртек қаңқасының құрылысы бойынша жіктелуі. Ациклді қосылыстарға анықтама беріңіз. Алкан, алкин, алкадиенге мысалдар келтіріңіз, құрылымдық формулалар мен олардың аттарын жазыңыз.

Ациклді косылыстар — көміртек атомдарының ашык тізбегінен тұратын қосылыстары. Алифатты (гректің dleiphar — май) көмірсутектер — ациклді косылыстардың карапайым өкілдері — кұрамы көміртек және сутек атомдарынан тұрады, олар каныккан (алкандар) және каныкпаған (алкендер, алкадиендер, алкиндер) болуы мүмкін. Олардың күрылымыдық формулалары жиі төмендегі кыскартылған түрде жазуға болады, мысалы: н-пентан және 2,3-диметилбутан. Сонымен катар, бір байланыстар көрсетілмейді, бірдей топтар жакшаға алынып топтар санын көрсетеді.


Алкандар — молекула құрамындағы көміртек атомдары өзара тек дара σ-байланыстар арқылы байланысқан жалпы формуласы CnH2n+2 болатын алифатты қаныққан көмірсутектер
Алкиндер — құрамында, бір үш еселі байланысы бар жалпы формуласы СnН2n-2 болатын қанықпаған көмірсутектер.
Алкадиендер — құрамында екі қос байланысы бар, жалпы формуласы СnН2n-2 болатын қанықпаған көмірсутектер. Алкадиендер — қанықпаған көмірсутектердің маңызды түрлерінің бірі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет