Медицина факультеті


Органикалық қосылыстардың көміртек қаңқасының құрылысы бойынша жіктелуі. Циклді қосылыстарға анықтама беріңіз. Карбоциклді қосылыстардың жіктелуі



бет31/62
Дата26.05.2022
өлшемі0,51 Mb.
#35643
түріҚұрамы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   62
Байланысты:
Медициналық химия

2.Органикалық қосылыстардың көміртек қаңқасының құрылысы бойынша жіктелуі. Циклді қосылыстарға анықтама беріңіз. Карбоциклді қосылыстардың жіктелуі.
Гетероциклді қосылыстарға анықтама беріңіз.
Органикалық қосылыстарды классификациялау- негізіне көміртек молекуласының қаңқасы- көміртек атомдары тізбегінің сипаты алынады. Осыған байланысты барлық органикалық қосылыстар үлкен екі топқа бөлінеді.
I.Ациклді қосылыстар (алифатты қосылыстар)- ашық тізбекті қосылыстар көміртек және сутек атомдарынан тұрады. Тізбек түзу сызықты (нормальный) немесе тармақталған болады:
3. Циклді қосылыстар (тұйық) - көміртек атомдары цикл түзеді. Бұл қосылыстар карбоциклді және гетероциклді болып бөлінеді.
1)Карбоциклді қосылыстарды тек көміртек және сутек атомдарынан тұрады. Карбоциклді қосылыстар ациклді және ароматты болады:
ЦИКЛОПЕНТАН
ЦИКЛО-ГЕКСАН
БЕНЗОЛ
4. Гетероциклді қосылыстар циклге көміртек атомдарынан басқа да элементтердің атомдары кіретін қосылыстар. Ондай атомдарға азот, күкірт, оттек және т.б. элементтердің атомдары жатады. Гетероциклді қосылыстар мейлінше көп және әр алуан.
ФУРАН
ПИРИДИН
3.Функционалды топқа, монофункционалды, полифункционалды, гетерофункционалды қосылыстарға түсінік беріңіз. Мысалдар келтіріңіз, құрылымдық формулалар мен олардың аттарын жазыңыз.

Функционалды топ — химиялық қасиеттерді қалыптастыратын органикалық молекуладағы құрылымдық бөлік (атомдар тобы). Оған байланысты затты белгілі бір классқа жатқызуға болады. Әртүрлі молекулалардың құрамындағы бірдей болған функционалды топтар химиялық реакциялардың неғұрлым бірдей өтуіне әсер етеді. Функционалдық топтар арқылы жіктеу кең тараған әдіске жатады Заттардың қандай классқа жататын және олардың негізгі химиялық қасиеттерін сипаттайтын атомды немесе атомдар топтарын функциялық тортар деп атайды. Функциялық топтарға қарай органикалық қосылыстар бірнеше класстарға бөлінеді. Қосылыстарды бір функциялық топ болса, оны монофункционалды бір түрге бірнеше функциялық топтары барларды полифункциялық әртүрлі функциялық топтары болса гетерофункционалдық деп аталады.


Мысалдары


Бензил ацетаттың үш функционалды тобы: эфирдік (қызыл түсті), ацетилдік (жасыл эллипсте) және бензилдік (қызғылт эллипсте)
1.Оттегі атомы бар функционалды топтар:
Гидроксил тобы –ОН,
Карбонил тобы >С=O
Карбоксил тобы –COOH
Алкоксил тобы –OR (мыс. –ОСН3), т.б.
2.Азот атомы бар функционалды топтар:
амин тобы –NH2
нитроқосылыстар –NO2
нитрозоқосылыстар –NO
нитрил тобы –CN
гидразин тобы –NHNH2
амид тобы –CONH2, т.б.
3.Күкірт атомы бар функционалды топтар:
тиольдік –SH
сульфидтік >S
дисульфидтік –S–S–
сульфоксидтік >S=O,
сульфондық >SO2, т.б.
4.Қанықпаған көміртек-көміртек байланыстары бар топтар:
қосарланған және үштік байланыс –С=С–, –С≡С–
ароматтық бөліктер –С6H5, т.б.

4. Органикалық қосылыстардың функционалдық топ бойынша жіктелуі. Органикалық қосылыстардың негізгі кластарының формулаларын, функционалды топтың атауын және класс атауын келтіріңіз.
Жіктелуі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет