Медицина факультеті



бет33/62
Дата26.05.2022
өлшемі0,51 Mb.
#35643
түріҚұрамы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   62
Байланысты:
Медициналық химия

7. Оптикалық изомерлерге, асимметриялық көміртек атомына (хиральды орталық), энантиомерлерге, рацематқа анықтама беріңіз. Сүт қышқылының Фишердің проекциялық формулаларын жазыңыз.

Оптикалық изомерия (немесе энантиомерлер) — бір құрылымдық формулаға ие, бірақ айнадағы кескіндерімен сәйкес келмейтін молекулалар. Олардың түстері, балқу және қайнау температулары бірдей, бірақ жарықтын поляризациялану жазықтығын бір изомері оң жаққа бұрса, екінші изомері сол жаққа бұрайды. Мысал ретінде таксолды алуға болады. Оптикалық изомерлердің түстері, қайнау және балқу температуралары бірдей болады. Алайда, физикалық қасиеттері әр түрлі. Көміртек атомы басқа төрт түрлі атомдармен немесе топтармен байланысса хиральды болып есептеледі. Хиральдық атомы көп болған сайын оның оптикалық изомерлері де артады.


Құрамында төрт түрлі топпен байланысқан көміртек атомы бар органикалық молекулалар хиральді молекулалар деп аталады. Рацемат - тек хиралдылығымен ерекшелінетін тең мөлшердегі объектілердін, көбінесе химиялық кұрамы бірдей, бірак поляризация жазыктығын әр бағытта айналдыратын екі оптикалық активті заттың коспасы.
Хираль орталығы - бұл төрт түрлі атом немесе атомдар тобы байланысқан көміртек атомы. Хиральды қосылыстар - құрамында хиральды көміртегі атомдары бар қосылыстар. Хиральды орталықтардың қасиеті хирализм деп аталады. Хиральды орталық негізінен sp3 будандастырылған, себебі ол төрт түрлі ковалентті байланыс түзетін атомдардың төрт түрлі тобын алып жүруі керек.

Хиралық орталықтар қосылыстардың оптикалық изомериясын тудырады. Басқаша айтқанда, хиральды орталықтары бар қосылыстар оның айна бейнесімен сәйкес келмейді. Демек, хиральды орталығы бар қосылыс пен оның айна бейнесіне ұқсас молекуласы екі түрлі қосылыс. Бұл екі молекула бірге энантиомерлер деп аталады.


Табиғатта сүт қышқылы (2-гидроксипропион қышқылы) СН3СН(ОН)СО2Н екі антипод түрінде табылған. L-(+)- сүт қышқылы және D-(−)- сүт қышқылы.Асимметриялық атомның шарты бейнесін жазықтықта көрсету үшін Э. Фишердің проекциялық формулалары қолданылады. Оларды атом жазықтығына атом ассиметриясымен байланысты проециялап алады. Ереже бойынша тек айқыштану сызығы және орын басушылардың символы сақтап ассиметриялық атом өзі түсіріледі. Орын басушылардың жазықтықта орналасуын түсіну үшін көбіне проекциялық формулаларда үзік вертикальді жолақтар сақталады, бірақта ол барлық жағдайда орындалмайды



8. Бренстед бойынша қышқылдық пен негіздік. Бренстедтің протолитикалық теориясына сәйкес қышқылдарға анықтама беріңіз. Бренстед қышқылдарының жіктелуі. Қышқыл орталықтағы атомның табиғаты.

1923ж Бренстед пен Лоури бір мезгілде қышқылдармен негіздердің протолиттік теориясын ұсынды. Бұл теорияға сәйкес қышқыл деп пропон беретін заттарды, негіз деп протон қосып алатын заттарды айтамыз. Протон беріп қышқыл негізге яғни протон аксепторына айналады. Қышқыл протон донор болып саналады және қосарланған қышқылға айналады. Қышқылдармен негіздер ретінде бейтарап молекулалар оң және теріс иондар кездеседі. Кейбір заттар бір реакцияда протон доноры ретінде протонға ынтықтылығы жоғры заттарға протондар берсе, ал басқа реакцияда протонға ынтықтылығы төмен заттан протонды алып, протон аксептор қызметін атқарады. Мұндай заттар алифолиттер деп аталады. Қышқылдар мен негіздерді бүл теория бойынша протолиттер деп, ал олардың бірімен-бірі әрекеттесуін протолиттік тепе-теңдік дейді. Протолиттік, яғни Бренстед — Лоури теориясы бойынша, қышқылдар дегеніміз сутек ионын (Н+) беретін молекула не ион (донор).


Қышқылдар – құрамында металға алмаса алатын сутектің бір немесе бірнеше атомы бар және суда ерігенде сутек иондарын Н+ түзетін химиялық қосылыстар.
•Негіздер– ерітінділерінде бір немесе бірнеше гидроксид иондарын түзіп, диссоциацияланатын күрделі заттар. Егер элемент бірнеше гидроксид түзетін болса, оның тотығу дәрежесі рим цифрымен көрсетіледі. Мысалы, Cu(OH)2 – мыс (ІІ) гидроксиді, CuOH – мыс (І) гидроксиді
2) 1923ж Бренстед пен Лоури бір мезгілде қышқылдармен негіздердің протолиттік теориясын ұсынды. Бұл теорияға сәйкес қышқыл деп протон беретін заттарды, негіз деп протон қосып алатын заттарды айтамыз.Протон беріп қышқыл негізге яғни протон аксепторына айналады. Қышқыл протон донор болып саналады және қосарланған қышқылға айналады.
3) vҚышқылдар мен негіздер туралы жалпы түсінікті Қазақстан ғалымы М.И.Усанович ілімі берді.Усанович ілімі бойынша,қышқылдар дегеніміз катиондарын беріп аниондармен немесе электрондармен әрекеттесетін қосылыстар,ал негіздер аниондарын немесе электрондарын беріп катиондармен әрекеттесетін қосылыстар.Усановичтің проттолиттік ілімі бойынша қышқылдардың барлық түрі протонды бөліп шығарады,ал негіздер бардық протондарды қосып алатын қасиетке ие.


9. Спирттерге анықтама беріңіз, олардың жіктелуі. Қаныққан біратомды спирттердің гомологтік қатары. Номенклатура. Біріншілік, екіншілік, үшіншілік спирттер. Мысалдар келтіріңіз, спирттердің құрылымдық формулаларын және олардың аттарын жазыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет