Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары


«Сәулелік терапия (радиология)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары



бет12/36
Дата18.04.2023
өлшемі1,2 Mb.
#84046
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   36
Байланысты:
±9@K››0 ›>AK

20. «Сәулелік терапия (радиология)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары

68. Қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын меңгеруге ынталы тұлғалар үшін қажетті алдыңғы білім деңгейі – «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білім.


72. Оқыту ұзақтығы:
1) интернатура және жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін «Емдеу ісі», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша қайта даярлау циклдары – 864 сағат/16 апта;
2) біліктілікті арттыру циклдерінде – 54/1-ден 216/4 сағат/аптаға дейін, оның ішінде сертификаттау циклдерінде – 108 сағат/2 апта;
3) Оқу аптасының ұзақтығы 54 сағатты құрайды, оның ішінде 36 – аудиториялық (академиялық) сағат, 18 сағат – тыңдаушының өзіндік оқуы (өздік жұмысы). 1 академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минутты құрайды.
73. «Сәулелік терапия (радиологиямамандығы бойынша біліктілік арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылып отырған тақырыптары (бағыттары) мыналар:
«Сәулелік терапиядағы инновациялық технологиялар»
«Қатерлі ісіктер қатарына қарсы қолданылатын жоғары технологиялық сәулелік терапия»;
«Жеке таралатын қатерлі ісіктерге қарсы қолданылатын сәулелік терапияның өзекті мәселелері»;
«Сәулелік терапияның таңдаулы мәселелері».
21. «Сәулелік диагностика (рентгенология, компьютерлік магнитті-резонанстық томография, ультрадыбыстық диагностика, радиоизотопты диагностика)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары

74. Қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын меңгеруге ынталы тұлғалар үшін қажетті алдыңғы білім деңгейі – «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білім, интернатура.


75. Оқыту ұзақтығы:
1) «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде 864 сағат/16 апта;
2) біліктілікті арттыру циклдерінде – 54/1-ден 216/4 сағат/аптаға дейін, оның ішінде сертификаттау циклдерінде – 108 сағат/2 апта;
3) Оқу аптасының ұзақтығы 54 сағатты құрайды, оның ішінде 36 – аудиториялық (академиялық) сағат, 18 сағат – тыңдаушының өзіндік оқуы (өздік жұмысы). 1 академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минутты құрайды.
76. «Сәулелік диагностика(рентгенология, компьютерлік магнитті-резонанстық томография, ультрадыбыстық диагностика, радиоизотопты диагностика)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылып отырған тақырыптары (бағыттары) мыналар:
«Сәулелік диагностикадағы инновациялық технологиялар»
«Дифференциалды рентгендиагностика»
«Шұғыл рентгендиагностика»;
«Рентгендік маммография»;
«Фтизиорентгенология элементтері бар рентгенологияның өзекті мәселелері»;
«Ультрадыбыстық диагностиканың, соның ішінде балалардың ультрадыбыстық диагностикасының өзекті мәселелері»;
«Радиоизотопты және радионуклидті диагностика, соның ішінде балалардың радиоизотопты және радионуклидті диагностиканың өзекті мәселелері».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет