Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары


«Эндокринология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары



бет8/36
Дата18.04.2023
өлшемі1,2 Mb.
#84046
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36
11. «Эндокринология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары

44. Қосымша медициналық білім беру бағдарламаларын меңгеруге ынталы тұлғалар үшін қажетті алдыңғы білім деңгейі – «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білім.


45. Оқыту ұзақтығы:
1) «Педиатрия», «Емдеу ісі», «Шығыс медицинасы»,«Жалпы медицина» мамандығы бойынша интернатура және жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде - 864 сағат/16 апта; ересектер эндокринологиясы бойынша кайта даярлау циклынан өткен болса – 432 сағат/8 апта балалар бейіні бойынша; балалар эндокринологиясы кайта даярлау циклынан өткен болса - 432 сағат/8 апта ересектер бейіні бойынша.
2) біліктілікті арттыру циклдерінде – 54/1-ден 216/4 сағат/аптаға дейін, оның ішінде сертификаттау циклдерінде – 108 сағат/2 апта;
3) Оқу аптасының ұзақтығы 54 сағатты құрайды, оның ішінде 36 – аудиториялық (академиялық) сағат, 18 сағат – тыңдаушының өзіндік оқуы (өздік жұмысы). 1 академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минутты құрайды.

46. «Эндокринология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша біліктілік арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылып отырған тақырыптары (бағыттары) мыналар:


«Эндокринологиядағы инновациялық технологиялар»
«Шұғыл эндокринология»
«Ерте жастағы балалардың эндокринологиясы»
«Қалқанша безі, қалқаншаманы бездері, қант диабеті, гипоталамус-гипофизарлы жүйе аурулары бойынша эндокринологиядағы өзекті мәселелер, оның ішінде балалар эндокринологиясында»
«Жүкті әйелдердің эндокриндік аурулары ағымының ерекшелектері»
«Репродуктивті эндокринология»
«Эндокринологиядағы дәлелді медицина мәселелері»
«Эндокринологиядағы аспаптық және зертханалық диагностикалау әдістері».
12. «Нефрология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары

47. Қосымша медициналық білім беру бағдарламаларын меңгеруге ынталы тұлғалар үшін қажетті алдыңғы білім деңгейі – «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білім.


48. Оқыту ұзақтығы:
1) «Педиатрия», «Емдеу ісі», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша интернатура және жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде - 864 сағат/16 апта; ересектер нефрологиясы бойынша қайта даярлау курсы кезінде – 432 сағат/8 апта балалар бейіні бойынша; балалар нефрологиясы бойынша қайта даярлау курсы кезінде – 432 сағат/8 апта ересектер бейіні бойынша;
2) біліктілікті арттыру циклдерінде – 54/1-ден 216/4 сағат/аптаға дейін, оның ішінде сертификаттау циклдерінде – 108 сағат/2 апта;
3) Оқу аптасының ұзақтығы 54 сағатты құрайды, оның ішінде 36 – аудиториялық (академиялық) сағат, 18 сағат – тыңдаушының өзіндік оқуы (өздік жұмысы). 1 академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минутты құрайды.
49. «Нефрология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылып отырған тақырыптары (бағыттары) мыналар:
«Нефрологиядағы инновациялық технологиялар»;
«Емдеуге жатқызғанға дейінгі және емдеуге жатқызу кезеңіндегі шұғыл нефрология»;
«Амбулаториялық және стационарлық кезеңдегі балалар нефрологиясының өзекті мәселелері»;
«Амбулаториялық - емханалық нефрология»;
«Нефрологиядағы дәлелді медицина мәселелері»;
«Превентивті нефрология, сонымен бірге дені сау және науқас балаларды динамикалық бақылау (диспансерлеу) мәселелері, дені сау және науқас балаларды оңалту кезеңдері»;
«Нефрологиядағы диагностиканың аспаптық және зертханалық әдістері»;
«Жасөспірімдердің физиологиясы мен патологиясы»;
«Нефрологиядағы қарқынды емдеу (симуляциялық платформаларды пайдаланатын практикалық курс)»;
«Балаларға БМСК көрсетудің өзекті мәселелері».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет