Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары


«Функционалды диагностика» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары



бет13/36
Дата18.04.2023
өлшемі1,2 Mb.
#84046
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   36
Байланысты:
±9@K››0 ›>AK

22. «Функционалды диагностика» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары

77. Қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын меңгеруге ынталы тұлғалар үшін қажетті алдыңғы білім деңгейі – «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары, интернатура, медициналық-биологиялық іс (дәрігер – санаты) бойынша жоғары медициналық білім, интернатура.


78. Оқыту ұзақтығы:
1) «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша интернатура және жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде - 864 сағат/16 апта;
2) біліктілікті арттыру циклдерінде – 54/1-ден 216/4 сағат/аптаға дейін, оның ішінде сертификаттау циклдерінде – 108 сағат/2 апта;
3) оқу аптасының ұзақтығы 54 сағатты құрайды, оның ішінде 36 – аудиториялық (академиялық) сағат, 18 сағат – тыңдаушының өзіндік оқуы (өздік жұмысы). 1 академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минутты құрайды.
79. «Функционалды диагностика» мамандығы бойынша біліктілік арттыру мен қайта даярлау циклдерінде (таңдау компоненті) даярлаудың ұсын тақырыптары (бағыттары) мыналар:
«Функционалды диагностикадағы инновациялық технологиялар»;
«Кардиологиядағы функционалды диагностика»;
«Балалар кардиологиясындағы функционалды диагностика»;
«Пульмонологиядағы, балалар пульмонологиясындағы функционалды диагностика»
«Неврологиядағы, балалар неврологиясындағы функционалды диагностика»
«Функционалды диагностикадағы дәлелді медицина мәселелері»
«Клиникалық электроэнцефалография цереброваскуляр паталогияда»
«Клиникалық электрокардиография (ЖИА, миокард инфаркті, перикардиттер, жүректің туа біткен және жүре пайда болған ақаулары кезінде электрокардиография және инновациялық кардиовизор бытыраңқы компьютерлік диагностика)»


23. «Клиникалық зертханалық диагностика» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары
80. Қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын меңгеруге ынталы тұлғалар үшін қажетті алдыңғы білім деңгейі – «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары, интернатура, медициналық-биологиялық іс (дәрігер – санаты) бойынша жоғары медициналық білім, интернатура.
81. Оқыту ұзақтығы:
1) қайта даярлау циклдерінде - 864 сағат/16 апта;
2) біліктілікті арттыру циклдерінде – 54/1-ден 216/4 сағат/аптаға дейін, оның ішінде сертификаттау циклдерінде – 108 сағат/2 апта;
3) оқу аптасының ұзақтығы 54 сағатты құрайды, оның ішінде 36 – аудиториялық (академиялық) сағат, 18 сағат – тыңдаушының өзіндік оқуы (өздік жұмысы). 1 академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минутты құрайды.
82. «Клиникалық зертханалық диагностика» мамандығы бойынша біліктілік арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылып отырған тақырыптары (бағыттары) мыналар:
«Клиникалық зертханалық диагностикадағы инновациялық технологиялар»;
«Зертханалық зерттеу әдістерін талдау»;
«Клиникалық зертханалық диагностикадағы дәлелді медицина мәселелері»;
«Жұқпалы аурулардың зертханалық диагностикасы»;
«Гемостаз жүйесінің зертханалық диагностикасы»;
«Жұқпалы аурулардың диагностикасындағы серологиялық әдістер»;
«Паразитологиялық зертханалық диагностика»;
«Иммунологиялық статусты кешенді зерттеу»;
«Молекулярлық-биологиялық және генетикалық зертханалық диагностика»;
«Аурулар диагностикасындағы зерттеудің иммуноферментті әдістері»;
«Диагностикадағы зертханалық және аспаптық зерттеу әдістері»;
«Ағзаның биологиялық сұйықтықтарын микроскопиялық зерттеу»;
«Цитологиялық зертханалық диагностика»;
«Заманауи токсикологиялық зерттеу әдістері»;
«Зертханалық зерттеулернің сапасын сырттай бағалау»;
«Анемиялардың дифференциалды зертханалық диагностикасы».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет