Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары


«Авиациялық және ғарыштық» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары



бет16/36
Дата18.04.2023
өлшемі1,2 Mb.
#84046
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36
Байланысты:
±9@K››0 ›>AK

28. «Авиациялық және ғарыштық» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары
95. Қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын меңгеруге ынталы тұлғалар үшін қажетті алдығңы білім деңгейі – «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білім, интернатура.
96. Оқыту ұзақтығы:
1) «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Жалпы практика дәрігері» мамандықтары бойынша интернатура және жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін қайта даярлау циклінде – 864 сағат/16 апта;
2) біліктілікті арттыру циклдерінде – 54/1-ден 216/4 сағат/аптаға дейін, оның ішінде сертификаттау циклдерінде – 108 сағат/2 апта;
3) Оқу аптасының ұзақтығы 54 сағатты құрайды, оның ішінде 36 – аудиториялық (академиялық) сағат, 18 сағат – тыңдаушының өзіндік оқуы (өздік жұмысы). 1 академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минутты құрайды.
97. «Авиациялық және ғарыштық медицина» мамандығы бойынша біліктілік арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылып отырған тақырыптары (бағыттары) мыналар:
«Авиациялық және ғарыштық медицинадағы инновациялық технологиялар»;
«Авиациялық және ғарыштық медицинадағы өзекті мәселелер»;
«Авиациялық және ғарыштық медицинадағы эфферентті терапия»;
«Авиациялық және ғарыштық медицинадағы дәлелді медицина мәселелері»;
«Авиациялық және ғарыштық медицинадағы реанимация және қарқынды терапия»;
«Авиациялық және ғарыштық медицинадағы шұғыл жәрдем»;
«Авиациялық және ғарыштық медицинадағы клиникалық фармокология»;
«Авиациялық және ғарыштық медицинадағы зерттеудің зертханалық әдістерін түсіндіру»;
«Авиациялық және ғарыштық медицинадағы диагностикалаудың аспаптық және зертханалық әдістері».
29. «Төтенше жағдайлар және апаттар медицинасы» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары
98. Қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын меңгеруге ынталы тұлғалар үшін қажетті алдығңы білім деңгейі – «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білім, интернатура.
99. Оқыту ұзақтығы:
1) «Педиатрия», «Емдеу ісі», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша интернатура және жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін қайта даярлау циклінде – 864 сағат/16 апта;
2) біліктілікті арттыру циклдерінде – 54/1-ден 216/4 сағат/аптаға дейін, оның ішінде сертификаттау циклдерінде – 108 сағат/2 апта;
3) Оқу аптасының ұзақтығы 54 сағатты құрайды, оның ішінде 36 – аудиториялық (академиялық) сағат, 18 сағат – тыңдаушының өзіндік оқуы (өздік жұмысы). 1 академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минутты құрайды.
100. «Төтенше жағдайлар және апаттар медицинасы» мамандығы бойынша біліктілік арттыру мен қайта даярлау циклдерінде (таңдаулы компонент) даярлаудың негізгі тақырыптары (бағыттары) мыналар:
«ТЖ кезіндегі шұғыл терапиялық көмек»;
«ТЖ кезіндегі шұғыл хирургиялық көмек»;
«ТЖ кезіндегі шұғыл травматологиялық көмек»;
«ТЖ кезіндегі шұғыл педиатриялық көмек»;
«ТЖ кезіндегі шұғыл акушериялық-гинекологиялық көмек»;
«ТЖ кезіндегі шұғыл психологиялық көмек»;
«ТЖ кезіндегі шұғыл токсикологиялық көмек»;
«Төтенше жағдайлар эпидемиологиясы».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет