Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары


«Ревматология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары



бет3/36
Дата18.04.2023
өлшемі1,2 Mb.
#84046
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
±9@K››0 ›>AK

5. «Ревматология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары

26. Қосымша медициналық білім беру бағдарламаларын меңгеруге ынталы тұлғалар үшін қажетті алдыңғы білім деңгейі – «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білім.


27. Оқыту ұзақтығы:
1) «Педиатрия», «Емдеу ісі», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша интернатура және жоғары медициналық білімі бар мамандарды қайта даярлау циклдерінде - 864 сағат/16 апта; ересектер ревматологиясы бойынша қайта даярлау циклінда – 432 сағат/8 апта - балалар бейіні бойынша; балалар ревматологиясынан қайта даярлау циклінда – 432 сағат/8 апта - ересектер бейіні бойынша;
2) біліктілікті арттыру циклдерінде – 54/1-ден 216/4 сағат/аптаға дейін, оның ішінде сертификаттау циклдерінде – 108 сағат/2 апта;
3) Оқу аптасының ұзақтығы 54 сағатты құрайды, оның ішінде 36 – аудиториялық (академиялық) сағат, 18 сағат – тыңдаушының өзіндік оқуы (өздік жұмысы). 1 академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минутты құрайды.
28. «Ревматология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру және қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылып отырған тақырыптары (бағыттары) мыналар:
«Ревматологиядағы, соның ішінде балалар жасындағы инновациялық технологиялар»
«Тірек-қимыл аппаратының дегенеративтік және метаболикалық аурулары»
«Спондилоартропатиялармен, спондилиттермен науқастарды жүргізудің заманауи алгоритмі»
«Дәнекер тіннің жүйелі ауруларымен және жүйелі васкулиттермен науқастарды диагностикалау мен емдеудің өзекті мәселелері»
«Остеоартроз. Остеоартроз терапиясыың кешенді тәсілі»
«Буын маңының жұмсақ тіндерінің аурулары. Диагностикалық және емдік буынішілік және буын маңы манипуляциялары»
«Жіті ревматизмдік безгек. Жүректің созылмалы ревматизмдік ауруы, жүре пайда болған жүрек ақаулары (консервативтік және хирургиялық емдеу)»
«Жүкті әйелдердің экстрагенитальді патологиясы (аутоиммунды аурулар)».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет