Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары


«Пульмонология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары



бет7/36
Дата18.04.2023
өлшемі1,2 Mb.
#84046
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   36
Байланысты:
±9@K››0 ›>AK

10. «Пульмонология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары

41. Қосымша медициналық білім беру бағдарламаларын меңгеруге ынталы тұлғалар үшін қажетті алдыңғы білім деңгейі – «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білім.


42. Оқыту ұзақтығы:
1) «Педиатрия» «Емдеу ісі», «Жалпы практика дәрігері» мамандығы бойынша интернатура және жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде - 864 сағат/16 апта, ересектер пульмонологиясы бойынша қайта даярлаудан өткендер - 432 сағат/8 апта; балалар пульмонологиясынан қайта даярлаудан өткендерге - 432 сағат/8 апта.
2) біліктілікті арттыру циклдерінде – 54/1-ден 216/4 сағат/аптаға дейін, оның ішінде сертификаттау циклдерінде – 108 сағат/2 апта;
3) оқу аптасының ұзақтығы 54 сағатты құрайды, оның ішінде 36 – аудиториялық (академиялық) сағат, 18 сағат – тыңдаушының өзіндік оқуы (өздік жұмысы). 1 академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минутты құрайды.

43. «Пульмонология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша біліктілік арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылып отырған тақырыптары (бағыттары) мыналар:


«Пульмонологиядағы инновациялық технологиялар»
«Емдеуге жатқызуға дейінгі және емдеуге жатқызу сатысындағы шұғыл пульмонология, оның ішінде балалар пульмонологиясы»
«Өкпенің, оның ішінде балаларда кездесетін бронх обструкциялық ауруларлар»
«Пульмонологиядағы дәлелді медицина мәселелері»
«Өкпенің интерстициальды ауруы, соның ішінде балалардағы өкпенің интерстициальды аурулары»
«Пульмонологиядағы антибактериалды терапия, оның ішінде балаларға арналған антибактериалды терапия»
«Пульмонолог дәрігер тәжірибесіндегі спирография»
«Тыныс алу жеткіліксіздігінің диагностикасы және түзету (инвазивті емес өкпе вентиляциясы, оттегі терапиясы)»
«Пульмонология мен фтизиатриядағы дифференциалды диагностика»
«Алғашқы көмек дәрігерінің тәжірибесіндегі пульмонологияның өзекті мәселелері»
«Ұйқы кезінде тыныс алудың бұзылуы».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет