Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары


«Аллергология және иммунология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары



бет4/36
Дата18.04.2023
өлшемі1,2 Mb.
#84046
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
6. «Аллергология және иммунология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары

29. Қосымша медициналық білім беру бағдарламаларын меңгеруге ынталы тұлғалар үшін қажетті алдыңғы білім деңгейі – «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білім.


30. Оқытудың ұзақтығы:
1) «Педиатрия», «Емдеу ісі», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша интернатура және жоғары медициналық білімі бар қайта даярлау циклдерінде 864 сағат/16 апта; ересектер аллергология және иммунологиясы бойынша қайта даярлау циклінда – 432 сағат/8 апта балалар бейіні бойынша; балалар аллергология және иммунологиясы бойынша қайта даярлау циклінде – 432 сағат/8 апта ересектер бейіні бойынша;
2) біліктілікті арттыру циклдерінде – 54/1-ден 216/4 сағат/аптаға дейін, оның ішінде сертификаттау циклдерінде – 108 сағат/2 апта;
3) Оқу аптасының ұзақтығы 54 сағатты құрайды, оның ішінде 36 – аудиториялық (академиялық) сағат, 18 сағат – тыңдаушының өз бетімен оқуы (өздік жұмысы). 1 академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минутты құрайды.
31. «Аллергология және иммунология(ересектер, балалар)» мамандығы бойынша біліктілік арттыру мен қайта даярлау циклдерінің таңдау компонентінің ұсынылатын негізгі тақырыптары (бағыттары) мыналар:
«Аллергология мен иммунология терапиясының заманауи әдістері»
«Кәсіптік пайда болған аллергиялық аурулар»
«Аллергология және иммунологияда, соның ішінде балалық шақтағы, емдеуге жатқызуға дейінгі және емдеуге жатқызу кезеңіндегі жедел жәрдем»
«Аллергология және иммунологиядағы нутрициология, оның ішінде балалардағы»
«Аллергология және иммунология диагностикасының және терапиясының инновациялық технологиялары»
«Аллергология және иммунологиядағы аспаптық зерттеу әдістері»
«Аллергология және иммунологиядағы зертханалық зерттеу әдістері»
7. «Гастроэнтерология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары

32. Қосымша медициналық білім беру бағдарламаларын меңгеруге ынталы тұлғалар үшін қажетті алдыңғы білім деңгейі – «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білім.


33. Оқыту ұзақтығы:
1) «Педиатрия», «Емдеу ісі», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша интернатура және жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде - 864 сағат/16 апта; ересектер гастроэнтерологиясы бойынша қайта даярлау циклінде – 432 сағат/8 апта балалар бейіні бойынша; балалар гастроэнтерологиясы бойынша қайта даярлау циклінде – 432 сағат/8 апта ересектер бейіні бойынша;
2) біліктілікті арттыру циклдерінде – 54/1-ден 216/4 сағат/аптаға дейін, оның ішінде сертификаттау циклдерінде – 108 сағат/2 апта;
3) Оқу аптасының ұзақтығы 54 сағатты құрайды, оның ішінде 36 – аудиториялық (академиялық) сағат, 18 сағат – тыңдаушының өз бетінше оқуы (өздік жұмысы). 1 академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минутты құрайды.

34. «Гастроэнтерология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылып отырған тақырыптары (бағыттары) мыналар:


«Гастроэнтерологияда оның ішінде балалар гастрэнтерологиясындағы инновациялық технологиялар»;
«Гастроэнтерологиялық ауруларда емдеуге жатқызуға дейінгі, емдеуге жатқызу кезеңдеріндегі шұғыл көмек »
«Гепатобилиард жүйесі мен ұйқыбезі ауруларының эндоскопиялық диагностикасы және емдеу»
«Гастроэнтерологияның өзекті мәселелері»;
«Гепатологияның өзекті мәселелері»;
«Гастроэнтерологиядағы және гепатологиядағы диагностиканың аспаптық және зертханалық әдістері».
«Дәлелді медицина тұрғысынан вирусқа қарсы терапияның заманауи мәселелері»;
«Ішектің қабынбалы аурулары бар науқастарды қараудың кешенді тәсілі».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет