Медициналық-әлеуметтік оңалтуды ұйымдастыру


ҚХЖ екінші бөлімі: Контексттік факторлар



бет18/56
Дата16.05.2023
өлшемі0,61 Mb.
#93655
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   56

ҚХЖ екінші бөлімі: Контексттік факторлар


ҚХЖ контекстік факторлары қоршаған орта және жекеленген факторларды енгізеді.
ҚХЖ 2бөлім – «Контексттік факторларға» енетіндер:

  1. Қоршған орта факторлары

  2. Жекелік фактілер

ҚХЖ ұсынған қоршаған орта факторлары осылайша, екі түрлі деңгей назарын тоғыстырады:
а) жеке тұлға- мектеп, жұмыс орын, үй жағдайын қамтумен, жеке тұлғаның тікелей айналасы. Бұл деңгей жеке адамның қақтығысатын және
отбасымен, таныстарымен, құрдастарымен, басқа адамдармен тікелей қарым- қатынастары, физикалық және материалдық қоршаған орта ерекшеліктерін енгізеді;
б) қоғам – тең мүмкіндіктерді, яғни барлық қоғам инфрақұрылымдық мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға кедергісіз, қолжетімді етуін қамтамасыз ету (транспорт, коммуникациялар, еңбекке құқығы, білім алу, мемлекеттік емес әлеуметтік құрылымдар, заңнамалық актілер шығаруда және т.б.) .
Жеке бас факторлары - бұл денсаулық көрсеткіштері немесе денсаулықтың өзгеруі болып табылмайтын, жеке адамның шегінен тұратын, жеке адам өмір сүретін және тұратын жеке сипаттамалары (жынысы, нәсілі, жасы, жаттыққандық, өмір стильі, дағдысы, тәрбиесі, білімі, мамандығы, әлеуметтік ортасы, жеке түрі мен оның мінезі және т.б.).


        1. ҚХЖ құрылымдық белгілері:


ҚХЖ әріптік-сандық жүйені қолданады, b, s, d, e әріптері,

    • (b) қызметі,

    • (s) құрылымы,

    • (d) белсенділік және қатысу,

    • (e) қоршаған орта факторларының белгісі үшін қолданылады. Пайданылушылардың пікірінше, «d» сөз алды қосымшасын тиісінше,

белсенділік және қатысу белгісі үшін «а» немесе «р»-ға ауыстыруға болады. Бұл әріптер бөлімінің жиынтық нөмірімен басталатын (бір сан) одан әрі екінші деңгей (екі сан), үшінші және төртінші деңгейлер (әрбіреуіне бір саннан) сандық кодтарын алып жүреді. Мысалы, (b) ағза қызметінің келесі жіктеу кодтары бар:
b2 – Сенсорлы қызметтер және ауыруы (бірінші деңгейдің белгісі) b210 – Көру қызметтері (екінші деңгейінің белгісі)
b2102 – Көру сапасы (үшінші деңгейінің белгісі)
b21022 – Қарама-қарсы сезгіштік (төртінші деңгейінің белгісі).
Қолданушының қажеттілігіне тәуелді, лайықты кодтардың кезкелген саны әрбір деңгейінде қолдануы мүмкін. Жеке адамның жағдайын сипаттау үшін әрбір бірден көп кодты қолдану тиімді. Кодтар тәуелсіз немесе өзара байланысты болуы мүмкін.
Барлық құрастырушылар (b, s, d, e қызметі мен ағза құрылымдары, белсенділік және қатысу, қоршаған орта факторлары) бір шкала көмегімен өлшенеді (xxx белгісі екінші деңгей домен кодының орнында тұрады):
хxx.0 мәселе ЖОҚ (ешқандай, жоқ, азғана,) 0 – 4%

    1. ЖЕҢІЛ мәселелер (мәнсіз, әлсіз,…) 5 – 24%

    2. БАЯУ мәселелер (орташа, мәнді,…) 25 – 49%

    3. Ауыр мәселелер (жоғары, қарқынды,…) 50 – 95%

    4. АБСОЛЮТТІ мәселелер (толық,…) 96 – 100%

    1. анықталмаған

    2. қолданылмайды


        1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет