Медициналық-әлеуметтік оңалтуды ұйымдастыру



бет37/56
Дата16.05.2023
өлшемі0,61 Mb.
#93655
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   56
Байланысты:
реабилитация умк docx

Оңалту потенциалы (ОП)


ОП – бұл адамның биологиялық және психофизиологиялық сипаттамаларының жиынтығы, және де, әлеуметтік-бейімдік факторлар, тыныс тіршілік аясындағы бұзылыстарды қайта қалпына келтіру немесе сол немесе
басқа белгілі бір жағдайлардағы өтеу дәрежелерін құру кезінде мүмкіндік беретін, оның потенциалдық қабілеттерін жүзеге асыру.
МӘС өткізу қағидасының 30т. сәйкес, ОП келесісі болуы мүмкін:

      • жоғары– толығымен денсаулығын қалпына келтіру, тыныс тіршілігі шектеулі барлық категориялары, еңбекке қабілеттілігі және әлеуметтік жағдайы (толығымен оңалту);

      • қанағаттанарлық – ағза қызметінің бұзылуының баяу көрінуі, тыныс тіршілік категориясын орындау көлемі шектеулі болуы мүмкін немесе техникалық көмекші (компенсаторлы) құралдар көмегімен, әлеуметтік қолдау қажеттілігі;

      • төмен – ағза қызметінің көрінетін бұзылуы, көптеген тыныс тіршілік категорияларын орындаудағы елеулі шектеулер, тұрақты әлеуметтік қолдау;

      • оңалту потенциалының болмауы – ағза қызметінің қатты көрінетін бұзылыстары, өтеу мүмкін еместігі немесе негізгі әрекет түрлерін өздігінен орындауы, басқа адамның күтімінің қажеттілігі. Оналту потенциалын анықтау үш топ факторларын кешендік бағалауына негізделеді.

  1. ОП әсер ететін медициналық факторлар:

  • аурудың клиникалық ағымы (ауру сипаты, негізгі және қосалқы ауру салдарының айқындалған деңгейі, асқыну, патологиялық үрдістің тұрақтылығы үшін емделудің тиімділігі және емделу курсын қайта өтудің қажеттілігі, аурудың қайтадан даму мүмкіндігінің болуы);

  • ағзаның қызметтік қорының болуы, адамның қалпына келу және компенсаторлық мүмкіндіктерінің дамуында ағза қабілетін анықтау (физикалық және психоэмоционалды жүктеме жағдайында жұмыс қабілетінің көрсеткіштерін және оларға бейімделудің «бағасын» анықтау);

  • өзінің мамандығы бойынша қызметін жалғастыру мүмкіндігі немесе қолжетімді ауыртпалықты анықтау және көп жүктелген еңбек үрдісінің клиникалық – еңбек ету болжамы.

  1. ОП әсер ететін психологиялық факторлар:

  • оңалтушы тұлғаның психологиялық ерекшелігі;

  • постморбидті жүйке-психикалық бұзылыстардың болуы;

  • еңбек қызметін жалғастыра алуын немесе оның түзетілу мүмкіндігін анықтау.

  1. ОП әсер ететін әлеуметтік факторлар:

  • негізгі мамандығы бойынша кәсіби дайындығы, басқа да білікті мамандықтардың болуы;

  • кәсіби дайындықтың және білім алудың жан-жақтылығы және деңгейі;

  • денсаулық жағдайы бойынша көрсетілген басқа мамандық алу мүмкіндігі (негізгі мамандықтың кәсіби жарамсыздығы кезінде);

  • тұрақты жұмысқа орналастыру үшін жағдайдың болуы;

  • оңалтушының тұрғылықты орны;

  • оңалтушының және отбасы мүшелерінің экономикалық жағдайы.

Жоғарыда аталған медициналық, психологиялық және әлеуметтік факторларды ескере отырып, оңалтудың жоғары, орташа, төмен немесе потенциалының болмауы анықталады.


      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет