оңалту шараларын өткізу нақты құрылған мақсатының барабарлығын және бағдарлануы, қолжетімділігі. МО бойынша клиникалық хаттамаларымен, емдеу және клиникалық диагностика хаттамаларымен сәйкес емделушілерге ұсынылатын, МО көрсетілген ересектер мен балалар тұрғындарына МО көлеміндегі барлық кезеңдерде жүзеге асырылады.
Медициналық оңалту көлемі
МО-ның көлемі төмендегідей бөлінеді:
І оңалту – бұл медициналық оңалту бойынша клиникалық хаттамаларға сәйкес реанимация және қарқынды терапия немесе мамандандырылған бейінді бөлімшелерде ұсынылатын емдеу- диагностикалау және жекелеген оңалту қызметтерінің көлемі;
ІІ А оңалту – бұл медициналық оңалту бойынша клиникалық хаттамаларға сәйкес халықаралық өлшемдерге сәйкес республикалық орталықтардың, көп бейінді стационарлардың, ОО МО бөлімшелерінде БӘФ бұзылушылығы бар емделушілерге ұсынылатын оңалту қызметтерінің көлемі;
ІІ Б оңалту - бұл медициналық оңалту бойынша клиникалық хаттамаларға сәйкес халықаралық өлшемдерге сәйкес республикалық орталықтардың, көпбейінді стационарлардың, ОО МО бөлімшелерінде БӘФ ауыр бұзылушылығы бар емделушілерге ұсынылатын оңалту қызметтерінің көлемі;
Ересектер және балалар тұрғындарына МО үш негізгі және екі қосымша кезеңдерін (мүгедектер және балалар үшін-оңалтуды қолдаушы, балалар үшін-қайта оңалту) енгізеді.
Медициналық оңалтудың негізгі кезеңдері
Негізгі кезеңдер:
бірінші кезең (ерте) – стационарлық жағдайда (реанимация және қарқынды терапия немесе мамандандырылған бейінді бөлімше) аурудың жіті және асқынған кезеңінде немесе жарақаттануда алғашқы 12-48 сағат ішінде қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда, сондай-ақ амбулаториялық жағдайда аурудың жіті және асқынған кезеңінде немесе жарақаттануда МО көрсету.
МО МТК мамандары тікелей науқастың төсегінде мобильдік жабдықтарды пайдаланумен немесе стационарлардың МО бөлімшелерінде (кабинеттерде) ұсынылады.
екінші кезең (жалғастырушы) - медициналық оңалту бойынша клиникалық хаттамаларға сәйкес, ерте қалпына келтіру кезеңі ішінде немесе жарақаттануда МО көрсетуді нозологияға, емделушінің ауырлық жағдайына, халықаралық өлшемдерге сәйкес БӘФ бұзылушылығына байланысты және "ІІ А оңалту" немесе "ІІ Б оңалту" көлемінде және республикалық орталықтардың, көпбейінді стационарлардың, ОО-ның МО бөлімшелерінде МТК өткізеді.
үшінші кезең (кейінгі) - аурудың кейінгі қалпына келтіру кезеңі ішінде МО көрсету нозологияға, емделушінің ауырлық жағдайына, халықаралық
өлшемдерге сәйкес БӘФ бұзылушылығына байланысты жүзеге асырылады және «ІІ амбулаториялық оңалту» көлемінде АЕҰ-да МТК өткізеді.
«Амбулаториялық ІІ оңалту» БӘФ бұзылушылықтары сақталған кезде
«амбулаториялық І оңалту» көлемінен кейін емделушілерге тағайындалады.