Медициналық-әлеуметтік оңалтуды ұйымдастыру


Мүгедектік 5 жыл мерзімге белгіленетін функционалдық өзгерістер мен патологиялық жай-күйлері



бет33/56
Дата16.05.2023
өлшемі0,61 Mb.
#93655
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   56
Байланысты:
реабилитация умк docx

Мүгедектік 5 жыл мерзімге белгіленетін функционалдық өзгерістер мен патологиялық жай-күйлері:


  1. бірқалыпты ремиссия басталғанға дейінгі туа біткен тұқым қуалайтын зат алмасу аурулары (фенилкетонурия, целиакция, ОЖЖ қайта зақымдануы белгілерімен гипотиреоз және басқалары);

  2. тыныс тіршіліктің бұзылуына және әлеуметтік дезадаптацияға әкеп соқтыратын туа бiткен, тұқым қуалайтын аурулар мен синдромдар;

  3. асқынған лейкоз, лимфогрануломатоз;

  4. ісік үдерісінің сатысына қарамастан, хирургиялық және басқа да емдеу түрлерінен кейінгі кез келген жерде орналасқан қатерлі ісіктер;

  5. бас сүйектің көлемі үлкейген және гипертензиялық синдромды нақты гидроцефалия, ота жасалған гидроцефалия;

  6. сүйек тінінің айқын білінетін ауқымды деструкциялары (остеопороз, шеміршектің қосылуы), сүйектердің, буындардың, бұлшық еттердің қисаюына, аяқ-қол қызметтерінің II-ІІІ дәрежедегі бұзылуы бар қайталама патологиялық сынықтарға әкеп соғатын бұлшық еттердің патологиялық өзгерістері (миофиброз, диффузды кальциноз);

  7. омыртқа мен кеуде қуысының ІІІ-ІV дәрежеде қисаюы, бір немесе бірнеше аяқ-қол буындарының ірі сүйектерінің жалған буындарының контрактуралары және (немесе) анкилозына байланысты жүріп-тұру аппараты қызметтерінің бұзылуы;

  8. туа біткен кемістігі салдарынан аяқ-қолдың немесе олардың сегментінің айқын білініп бұзылуы (мутиляция, контрактуралар, синдактилиялар, артропатиялар және басқалары);

  9. органдардың жарым-жартылай немесе толық аплазиясы бар бет дамуындағы туа біткен ақауларға, сондай-ақ белгілі бір жасқа дейін оперативтік емдеуге болмайтын жұмсақ тіннің және бет сүйегінің кейіннен пайда болған ақауларына байланысты тыныс алу, шайнау, жұтыну, сөйлеу қызметтерінің айқын білінетін бұзылуы;

  10. зәр мен нәжістің тұрақты тоқтамауы, мерзімі бойынша хирургиялық емдеуге жатпайтын ішектегі, қуық пен қуық-жыныс жолдарындағы жыланкөз жаралары;


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет