МО өткізу үшін жалпы қарсы көрсеткіштері 5 қосымшада көрсетілген.
5 қосымша Медициналық-әлеуметтік сараптамалар өткізу тәртібі
Нысан
МО өткізу үшін жалпы қарсы көрсетілімдер болып табылатындар:
1. Әртүрлі жағдайда жиі қайталанатын немесе көп қан ету, 80г/л төмен гемоглобин деңгейімен айқындалған анемия;
әртүрлі этиологиядағы генерализацияланған жиі құрысулар;
жіті инфекциялық аурулар;
туберкулездің барлық активті кезеңнің белсенді кезеңі (A 15.0–1; A 15.5; A 15.7–9);
белгісіз жағдайда фебрильді қызба немесе субфебрильді қызба;
күрделі ілеспелі аурулардың болуы;
декомпенсация сатысындағы, әсіресе, қалпына келтірілмейтін метаболизмдік аурулар (қант диабеті, микседема, тиреотоксикоз және т.б.), бауырдың функционалдық жеткіліксіздігі, ІІІ дәрежедегі ұйқыбезінің аурулары;
жыныстық жолмен берілетін аурулар (сифилис, гонорея, трихомоноз және т.б.);
терінің іріңді аурулары, жұқпалы тері аурулары (қышыма, саңырауқұлақтық аурулар және т.б.);
десоциализацияланған тұлғадағы психологиялық аурулар (F 00; F 02; F 03; F 05; F 10–F 29; F 60; F 63; F 65; F 72–F 73);
NYHA жіктемесі бойынша IV ФК сәйкес жүрек соғысының асқынған бұзылушылығы, ЖК;
интоксикация кезінде әртүрлі іріңді (өкпе) аурулары (J 85; J 86);
кез келген жерге орналасқан эхинококк және басқа паразиттер (B 67);
оңалту бағдарламасына күніне 2-3 сағат бойы белсенді қатысатын өзге де ілеспелі ауруларды болуы.
Стационарда бірінші кезеңінде аурудың жіті және асқынған ағымында МО «І оңалту» көлемінде диагностикалау және емдеудің клиникалық
хаттамаларына сәйкес жүргізіледі.
МО екінші кезеңі стацонарда «ІІ А оңалту» немесе «ІІ Б оңалту» көлемінде, Сараптама комиссиясы мақұлдаған оңалту бойынша клиникалық хаттамаларға сәйкес бірінші кезеңнен кейін жүргізіледі.
«ІІ А оңалту» осы Стандартқа сәйкес «кардиология және кардиохирургия»,
«травматология және ортопедия», «неврология және нейрохирургия» бейіндері бойынша тағайындалады.
«ІІ Б оңалту» осы Стандартқа сәйкес, халықаралық өлшемдерге сәйкес БӘФ ауыр бұзылыстары бар науқастарға «неврология және нейрохирургия» бейіндері бойынша (неврологиялық және нейрохирургиялық аурулар ағымының ерекшеліктерін ескере отырып) тағайындалады.
Екінші кезеңде МО жалғастыруды қажет етпейтін және БӘФ ерте қалпына келген жағдайда, үйлестіруші-дәрігер халықаралық өлшемдерге сәйкес МО-ның келесі кезеңін белгілейді.
МО үшінші кезеңінде емделушілерге амбулаторлық жағдайда емделушінің ауырлығының дәрежесіне және БӘФ бұзылушылығына сәйкес кеш оңалту кезеңінде жүзеге асырылады.
Егер емделуші өз еркімен АЕҰ-ға жіті (асқынған созылмалы) ауру немесе жарақат жағдайында қаралса, жалпы тәжірибе дәрігері (учаскелік дәрігер терапевт (педиатр) медициналық көрсетілімдер болғанда «І амбулаториялық оңалту» көлемінде МО бойынша жеке қызметтерді тағайындайды. Егер БӘФ бұзылушылығы сақталған жағдайда, жалпы тәжірибе дәрігері (учаскелік дәрігер терапевт (педиатр) емделушіні үйлестіруші дәрігерге бағыттайды, ол МТК мамандарымен БӘФ халықаралық өлшемдеріне сәйкес, өзара байланыста емделушінің жағдайын бағалауды өткізеді және «ІІ амбулаторлық оңалту» көлемінде осы Стандартқа сәйкес «кардиология және кардиохирургия», «травматология және ортопедия», «неврология және нейрохирургия» бейіндері бойынша МО сәйкес тағайындайды.
МО бірінші, екінші және үшінші сатыларын аяқтаған емделушілерге халықаралық өлшемдерге сәйкес амбулаториялық деңгейде және
«кардиология және кардиохирургия», «травматология және ортопедия»,
«неврология және нейрохирургия» бейімдері бойынша шипажайларға
«Қолдаушы оңалту» көлемімен осы Стандартқа Қолдаушы оңалту еңбекке қабілеттілігін тұрақты жоғалтқан (мүгедектер) науқастарға жылына 1 рет тағайындалады.
Вегетативтік жағдайдағы емделушілерге паллиативті көмек қызметтері тағайындалады. Оңалту әлеуеті пайда болған жағдайда, халықаралық өлшемдерге сәйкес емделуші МО үшінші немесе екінші кезеңіне беріледі.