МӘС ҚОЛДАНАТЫН ЖІКТЕМЕ МЕН КРИТЕРИЛЕРІ
МӘС бөлімінің сараптамалық қорытындысы немесе әдістемелік және МӘС бақылау бөлімдері негізгі ағза құрылымы және тыныс тіршілігін шектеу жіктемесі негізінде ТТШ әрежесі және ағза жағдайын кешендік бағалауын және де, мүгедек-бала он алты жасқа дейін мүгедек болып есептелетін, медициналық көрсеткіштеріне ескере отырып шығарады.
Адам ағзасының негізгі қызметінің бұзылу жіктемесі
кестеде адам ағзасының негізгі қызметтерінің бұзылуы, адам ағзасының негізгі қызметтерінің жіктемесі және тыныс тіршілігі шектеулі (ТТШ) негізгі категориялары көрсетілген. Емдеу ұйымдарының мамандарына ТТШ дәрежесін бағалауын клиникалық-қызметтік берілген зерттеулер және 88у нысанында көрсетілген бағытталған диагнозы МӘС сарапшылары өткізетінің ескерген дұрыс.
Яғни, емдеу ұйымдары мамандарымен анықталған, қызметтік бұзылуы айқындалатын дәрежесін дұрыс,объективті бағалау, бір немесе бірнеше категориялары бойынша ТТШ дәрежесін бағалау үшін маңызды мағынасы бар, сол немесе басқа мүгедектілік топтарын анықтау үшін негіз болып табылады.
4 кесте – Адамның ағзасының негізгі қызметінің және ТТШ негізгі категорияларының бұзылуының жіктемесі
Адамның ағзасының негізгі қызметі бұзылуының жіктемесі
|
Тыныс тіршілігі шектеулі негізгі категорияларының бұзылуының жіктемесі
|
ағза құрылымының психикалық бұзылуы (қабылдау, назары, есі, ойлауы, сөйлеуі, эмоция, ерік, парасат, санасы, тәртібі, психомоторлық қызметі);
сенсорлық қызметтің бұзылуы (көру, есту, иіс сезімі, түйсіну және сезуінің бұзылуы);
тірек-динамикалық қызметінің бұзылуы (бас қозғалғыш дене, аяқ-қол қызметі және үйлестіру қозғалыстары);
қан айналым, тыныс алу, ас қорыту, бөлуі, зат алмасу және қуат, ішкі секрециялар, қан айналу, иммунитет
қызметтерінің бұзылуы.
|
өзіне өзі қызмет ету қабілеттілігі;
өзі бетінше қозғалу қабілеттілігі;
оқуға қабілеттілігі ;
еңбек әрекетіне қабілеттілігі;
бағдарлануға қабілеттілігі ;
қарым-қатынасқа қабілеттілігі; 7)өз тәртібін бақылау;
ойын және танымдық әрекет қабілеттілігі;
қозғалу белсенділігіне қабілеттілігі.
|
Ағза қызметінің бұзылуын біліну дәрежесіне қарай жіктеу:
бірінші дәреже – қызметтердің шамалы білінетін бұзылуы;
екінші дәреже – қызметтердің орташа білінетін бұзылуы;
үшінші дәреже – қызметтердің айқын білінетін бұзылуы;
төртінші дәреже – қызметтердің едәуір немесе өте айқын білінетін бұзылуы.
Тыныс тіршіліктің шектелуінің біліну дәрежесіне қарай жіктеу:
өзіне өзі қызмет көрсету қабілетінің шектелуі:
бірінші дәреже – көмекші құралдарды пайдалана отырып, өзіне өзі қызмет көрсету қабілеті;
екінші дәреже – көмекші құралдарды пайдалана отырып және (немесе) өзге адамдардың көмегімен өзіне өзі қызмет көрсету қабілеті;
үшінші дәреже – өзін өзі күтуге қабілетінің болмау және басқа адамдарға толық тәуелді болуы;
өз бетімен жүріп-тұру қабілетінің шектелуі:
бiрiншi дәреже – қажет кезінде көмекші құралдарды пайдалана отырып, неғұрлым көп уақыт жұмсап және қашықтықты қысқарту арқылы өз бетiмен жүріп-тұру қабілеті;
екiншi дәреже – көмекшi құралдарды пайдалана отырып және (немесе) басқа адамдардың көмегiмен өз бетiмен жүрiп-тұру қабілетi;
үшiншi дәреже – өз бетiмен жүріп-тұруға қабілетсiздігі және басқа адамдарға толық тәуелдi болуы;
оқуға қабілетінің шектелуі:
бірінші дәреже – оқу үрдісінің арнайы тәртібін сақтай отырып және (немесе) қосымша құралдарды пайдалана отырып жалпы үлгідегі оқу орындарында оқуға қабілеттілігі;
екiншi дәреже – тек арнайы оқу орындарында немесе арнайы бағдарламалар бойынша үй жағдайында және\немесе көмекші құралдарды пайдалана отырып және (немесе) өзге адамдардың көмегімен оқуға қабілеттілігi;
үшінші дәреже – білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқуға қабілетсiздiгі;
еңбек қызметіне қабілетінің (еңбек қабілетінің) шектелуі:
бірінші дәреже – біліктілігін төмендеткен немесе өндірістік қызметтің көлемін азайтқан жағдайда, еңбек қызметін орындауға қабілеті, өз мамандығы бойынша жұмысты орындау мүмкіндігінің болмауы;
екінші дәреже – көмекші құралдарды пайдалана отырып, арнайы жасалған жағдайларда және (немесе) арнайы жабдықталған жұмыс орындарында және (немесе) басқа адамдардың көмегімен еңбек қызметін орындауға қабілеті;
үшінші дәреже – еңбек қызметіне қабілетсіздігі;
бағдарлануға қабілетінің шектелуі: бірінші дәреже – көмекші құралдарды пайдаланған жағдайда бағдарлай білуге қабілеті;
екiншi дәреже – қажет кезінде көмекші құралдарды пайдалана отырып, басқа адамдардың көмегін талап ететiн бағдарлануға қабілетi;
үшінші дәреже – бағдарлануға қабілетсіздігі (дезориентация);
қарым-қатынас жасау қабілетінің шектелуі:
бірінші дәреже – ақпаратты меңгеру, қабылдау және беру жылдамдығының төмендеуімен, көлемінің кішіреюімен сипатталатын қарым- қатынас жасау, қажет кезінде көмекші құралдарды және (немесе) ымдау тілі маманының қызметін пайдалану қабілеті;
екінші дәреже – көмекші құралдарды пайдалана отырып және (немесе) басқа адамдардың көмегімен қарым-қатынас жасауға қабілеттілігі;
үшінші дәреже – қарым-қатынас жасауға қабілетсіздігі;
өзінің мінез-құлқын бақылау қабілетінің шектелуі:
бірінші дәреже – өзінің мінез-құлқын өз бетімен бақылау қабілетінің ішінара төмендеуі;
екінші дәреже – өзінің мінез-құлқын тек қана бөгде адамдардың көмегімен ішінара немесе толық бақылау қабілеті;
үшінші дәреже – өзінің мінез құлқын бақылау қабілетсіздігі;
ойын және танымдық қызметке қабілетінің шектелуі:
бірінші дәреже – ағзаның қандай да бір жүйесінде баланың одан әрі дамуын және әлеуметтік-рөлдік ұстанымының қалыптасуын шамалы дәрежеде қиындататын кемістіктің болуына орай ойын қызметі белсенділігінің төмендеуі. Орнын толтыру құралдары мен түзеу әдістерін қолданудың қажеттігі. Жүзеге асырылу үдерісіне баса назар аударуды және жеке тәсілді талап ететін танымдық және ойнау қызметі;
екінші дәреже – уәждеменің едәуір төмендеуіне немесе ағзаның негізгі жүйелерінің айқын қызметтік жеткіліксіздігіне немесе соматикалық денсаулықтың бұзылуына орай танымдық және ойын қызметін нәтижелі жүзеге асырудың мүмкін болмауы. Орнын толтыру құралдары мен түзеу әдістерін қолданудың тиімсіздігі;
үшінші дәреже – ойын қызметіне қабілетінің болмауы немесе өте айқын төмендеуі және басқа адамдарға толық тәуелділік;
қозғалыс белсенділігіне қабілетінің шектелуі:
бірінші дәреже – жүру ұзақтығының қысқаруы және сапасының нашарлауы, өздігінен жүріп-тұруға жалпы қабілетінің сақталуы кезінде қарапайым орнын толтыру құралдарын немесе тіректі пайдалану, жекелеген қозғалу актілерін орындау немесе жасына қарай көзделген қашықтықты еңсеру кезінде тұрақты көмекті пайдалану аясында еңсеретін қашықтық алыстығының азаюы. Ұсақ манипулятивтік қозғалыстардың дамуы екі эпикриздік мерзімге артта қалған. Дене жағдайын ұстау қабілетінің төмендеуі қосымша фиксация құралдарын пайдалану қажеттілігінсіз қозғалу тәртібінің сақталуын талап етеді;
екінші дәреже – жүру арқылы қашықтыққа қозғалыстың көмекші құралдар орнын толтыра алмайтындай бұзылуы. Қозғалыс кезінде ересектер тарапынан тұрақты көмек қажет. Денені белгілі бір жағдайда ұстап тұру қабілетінің шектелуі фиксацияның, түзеудің әдістері мен т.б. қосымша тәсілдерін талап етеді. Тепе-тең қозғалу сапасының өте айқын төмендеуі мен санының азаюы, манипулятивтік қозғалыс дамуының айқын бұзылушылығы байқалады;
үшінші дәреже – кеңістікте қозғалу, дене жағдайын сақтау мен манипулятивтік қызмет қабілетінің өте айқын шектелуі немесе толық болмауы. Қозғалыс қызметін сырттан тұрақты күтіммен немесе көлік құралын (кресло-арба) пайдалану есебінен толық ауыстыру, сондай-ақ толық көлемдегі тұрақты қосымша күтім қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |