Адамның мүгедектілігін мақұлдау үшін негізімен МӘС өткізу қағидаларына сәйкес бір мезгілді келесі міндетті жағдайлар болып табылады:
Адамды мүгедек деп тану үшін мынадай бірнеше міндетті шарттардың бір мезгілде болуы қажет:
ағза қызметтерінің тұрақты бұзылуынан денсаулықтың бұзылуы;
тыныс-тіршіліктің шектелуі (адамның өзіне өзі қызмет көрсету, өздігінен жүріп-тұру, бағдарлану, қарым-қатынас жасау, өзінің мінез-құлқын бақылау, оқу немесе еңбек қызметімен айналысу қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылуы);
әлеуметтік қорғау шараларын жүзеге асыру қажеттігі негіздеме болып табылады;
Жас мөлшеріне қарай ағзада пайда болатын өзгерістер мүгедектік тобын белгілеу үшін негіз болып табылмайды.
Бірінші топ мүгедектілікті анықтау критерилері
үшінші дәрежедегі өзіне-өзі қызмет көрсетуге;
үшінші дәрежедегі жүріп-тұруға;
үшінші дәрежедегі еңбек қызметіне (еңбек ету қабілеті);
үшінші дәрежедегі оқуға;
үшінші дәрежедегі бағдарлай білуге;
үшінші дәрежедегі қарым-қатынас жасауға;
үшінші дәрежедегі өзінің мінез-құлқын бақылауға қабілетінің өте айқын білінетін шектелуіне немесе олардың ұштасуына әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттар немесе кемістіктер салдарынан болатын ағза қызметтерінің едәуір тұрақты немесе өте айқын білінетін бұзылуы бірінші топ мүгедектігін белгілеу үшін критерилері болып табылады.
Екінші топ мүгедектілікті анықтау критерилері
екінші дәрежедегі өзіне-өзі қызмет көрсетуге;
екінші дәрежедегі жүріп-тұруға;
екінші дәрежедегі еңбек қызметіне (еңбек ету қабілеті);
екінші дәрежедегі оқуға;
екінші дәрежедегі айналасын бағдарлай білуге;
екінші дәрежедегі қарым-қатынас жасауға;
екінші дәрежедегі өзінің мінез-құлқын бақылау қабілетінің айқын білінетін шектелуіне немесе олардың ұштасуына әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттар немесе кемістіктер салдарынан болатын ағза қызметтерінің тұрақты айқын білінетін бұзылуы екінші топ мүгедектігін белгілеу үшін критерилері болып табылады.