Дәрігерлік міндет – дәрігер мен науқас арасындағы, дәрігерлер арасындағы, дәрігер және қоғам арасындағы қатынасты реттейтін бұрыннан қалыптасқан талаптардан және нормалардан тұратын комплекс. Кәсіптік міндет бір жағынан дәрігерлік моральдің басты принцпі – гуманизмнің белгісі болып табылады, (адамгершілік, адамдарды сүю), ал екінші жағынан гуманизм және дәрігерлік міндет қарама-қарсылықта көрінеді. Дәрігер ешкімге де медициналық көмек көрсетуден бас таруға болмайды. Бұл моральді міндет Гиппократтың антында, Женева декларациясында және басқа да құжаттарда айтылған.
Қазіргі кезде медициналық этиканың принцптері биомедициналық этика түсінігінде тұрақталған. Ол медицина қызметкерлерінің жеке тұлғасының әлеуметтік функциясын қорғайды.
Қазіргі кезде медициналық этиканың принцптері биомедициналық этика түсінігінде тұрақталған. Ол медицина қызметкерлерінің жеке тұлғасының әлеуметтік функциясын қорғайды.
Қазіргі таңда «биомедициналық этика» үш түрде немесе модельде беріледі:
1. Гиппократ модельі. Бұл модельдің негізгі принцпі – «зиян келтірме». Дәрігер пациенттің әлеуметтік сенімін жеңеді. Медицина атас Гиппократпен тұрақтанған дәрігерлік принцпі (460-377жж.), қазіргі таңда белгілі «Антта» көрсетілген.
2. Парацельс модельлі (1493-1541 жж.) – «Қайырымдылық жасау», орта ғасырларда пайда болған. Оның негізгі мағынасы емдеудің барлық процессін құрайтын дәрігердің пациентпен контактісі болып табылады.
3. Деонтологилық модельнемесе дәрігерлік этика, 1840 ж құрылған. (авторы Петров). Негізгі принцпі «міндетті орындау».
4. Биоэтика – дәстүрлі медицинаның заманауи түрі, негізгі принцпі «адамның құқығын және мәртебесін сыйлау».
Дәрігерлік құпия
1. Медициналық көмекке жүгіну фактісі, азаматтың денсаулығының жай-күйі, оның ауруының диагнозы туралы ақпарат пен оны зерттеп-қарау немесе емдеу кезінде алынған өзге де мәліметтер дәрігерлік құпияны құрайды.
1. Медициналық көмекке жүгіну фактісі, азаматтың денсаулығының жай-күйі, оның ауруының диагнозы туралы ақпарат пен оны зерттеп-қарау немесе емдеу кезінде алынған өзге де мәліметтер дәрігерлік құпияны құрайды.
2. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында белгіленген жағдайлардан басқа, оқыту, кәсіптік, қызметтік және өзге де міндеттерді орындау кезінде дәрігерлік құпия-ны құрайтын мәліметтер белгілі болған адамдардың оларды жария етуіне жол берілмейді.
3. Дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтерді пациент-тің немесе оның заңды өкілінің келісімімен пациентті зерттепқарау және емдеу мүддесіне орай, ғылыми-зерттеулер жүргізу, осы мәліметтерді оқыту проце-сінде және өзге де мақсаттарға пайдалану үшін басқа жеке және (немесе) заңды тұлғаларға беруге жол беріледі.