Медициналық-санитарлық алғАШҚы көмек (мсак)


Пациент үш созылмалы ауру бойынша ауруларды басқару бағдарламасына (АББ)қатыса алады



бет6/7
Дата24.09.2024
өлшемі5,77 Mb.
#145420
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
мед-сан алғашқы көмек

Пациент үш созылмалы ауру бойынша ауруларды басқару бағдарламасына (АББ)қатыса алады:

  • пациентті жеке күнделігі арқылы өзін-өзі басқаруға, өз-өзіне көмек көрсетуге үйрету;
  • күнделік, электрондық денсаулық сақтау жүйесіндегі АББ арқылы пациенттің денсаулығын үздіксіз бағалау;
  • әңгімелесу арқылы пациентпен кері байланыс орнату;
  • бейінді мамандардан құралған мультидисциплинарлық топ құру.

АРТЕРИЯЛЫҚ ГИПЕРТЕНЗИЯҒА шалдыққандарды тексеру:

Пациентке орташа және төмен деңгейде қауіп төніп тұрса, мейірбике науқасты 3 айда 1 рет тексереді,

  • жоғары немесе өте жоғары қауіп төніп тұрған жағдайда медбике пациентті айына 1 рет тексереді;
  • Пациентке орташа және төмен деңгейде қауіп төніп

  • тұрса, учаскелік дәрігер науқасты 3 айда 1 реттексереді, жоғары немесе өте жоғары қауіп төніп
  • тұрған жағдайда учаскелік дәрігер пациентті айына 1 рет тексереді;
  • Жылына 1 рет несептің жалпы талдауы, тығыздығы төмен липопротеидтерді анықтау үшін қанның
  • биохимиялық талдауы және электрокардиография тапсырылады;
  • Екі жылда 1 рет артериялық қысымға (24 сағат) және эхокардиографияға тәуліктік мониторинг.

ЖҮРЕКТЕ АҚАУ БОЛСА:

  • Медбике 3 айда 1 рет тексереді;
  •  Учаскелік дәрігер 6 айда 1 рет, кардиолог жылына 1 рет тексереді;
  •  6 айда 1 рет тығыздығы төмен липопротеидтер анықталады және эхокардиография жасалады;
  •  Жылына 1 рет электрокардиограмма (24 сағат) және
  • тредмил тест (ишемия кезінде), креатинин,электрокардиограмма, эхокардиография, кең офтальмоскопия, электромиография (жүрек жеткіліксіздігі кезінде) жасалады;
  •  3 айда 1 рет қандағы гликирленген гемоглобин тексеріледі.

ЕРЕСЕКТЕР ҚАНТ ДИАБЕТІНЕ ШАЛДЫҚҚАН ЖАҒДАЙДА:

  • Медбике 3 айда 1 рет қарайды;
  • Учаскелік дәрігер 6 айда 1 рет тексереді;
  • Эндокринолог дәрігер жылына 1 рет тексереді;
  • 3 айда 1 рет гликацияланған гемоглобин мен
  • креатинин, липидтік спектрді анықтау үшін қанның биохимиялық анализі тапсырылады;
  •  Жылына 1 рет офтальмоскопия және электромиография жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет