Меңдігүл шындалиева


СНХ: Шаймерден Ахметов – Қайта өңдеу өнеркәсібі және аграрлық азық-түлік нарығын дамыту департаменті директорының орынбасары



бет30/76
Дата08.12.2023
өлшемі0,52 Mb.
#135016
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   76
Байланысты:
Шындалиева М.Б. Публ.жанрлары мен пішіндері (копия)

СНХ: Шаймерден Ахметов – Қайта өңдеу өнеркәсібі және аграрлық азық-түлік нарығын дамыту департаменті директорының орынбасары
- Қанша өндірілетінін және ол өнім қоршаған ортаға деген зиянды заттарды 30 пайызға дейін қысқартатынын айтады.
Тілші: Сарапшылардың есебі бойынша, Қазақстанның ішкі рыногында жылына 5 миллион тоннадан астам бензин және дизель отыны тұтынылады. Осы көлемге араластыру арқылы экологиялық сапасы жоғары жанармай алу үшін 250 мың тонна биоотын қажет көрінеді. Жалпы әлемде аталған өндірісінің технологиясы белсенді түрде қолға алынуда. Тек соңғы жылдарда ғана өз өндірісін құруға белсенді түрде кірісіп кеткен мемлекеттер қатары көбейсе, өзінде жоқты сатып алуға тырысып жатқандар да аз емес.
СНХ: Розақұл Халмұрадов - ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты
- Біз мұнайы жоқ мемлекет емеспіз. Сондықтан басқа өнімнен болмаса, дәл қазір биоотынды жеп отырған нанымыздан өндірудің еш қажеттілігі жоқ.
Тілші: Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлеген заң жобасында биоотынды 3 санаттағы бидайдан өндіру керек деп көрсетілген. Ал елімізде нан өнімдерін жасауға жарамды астықтың 2 пайызы ғана жоғарғы сұрыпты болса, 85 пайызы 3 санаттағы бидай.
СНХ: Розақұл Халмұрадов - ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты
- Кейбір елдер астықтың аздығынан аштықты да көріп отыр. Ал бізде бидай көп деп, оны оңды-солды шашқынымыз орынсыз.
Тілші: Биоотын өндірісі еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне кері әсерін тигізбесе құба-құп. Хош. Енді сол биоотын өндірісіне тоқталсақ. Қазір Қазақстанның жылына 2 жарым миллион тонна экологиялық таза өнім шығаруға мүмкіндігі бар. Еуропа, Қытай мен Жапония бізден биоотын алуға құлшынып отыр. Алайда білетіндердің пайымынша, оны экспорттауда біршама мәселе бар.
СНХ: Асылжан Мамытбеков – «ҚазАгро» Ұлттық холдингінің басқарма төрағасы
- Оны сату бидайдан да қиын...
Тілші: Қазіргі таңда әлемде 40 миллион тонна биоотын өндіріледі. Соның 70 пайызы АҚШ пен Бразилияның еншісінде. Саланы зерттеген мамандардың айтуынша, биоотынды кез-келген көлікке құюға болмайды. Ал біздегі көліктердің қозғалтқыштары тек 20 пайыз биотын қосылған жанармайға жарамды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет