Megamozg. Kz образовательный портал Казахстана. Ент, воуд, кта тақырыптық тест



бет2/9
Дата17.02.2022
өлшемі0,7 Mb.
#25795
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
k ent2013373megamozg.kz

Нағыз теңіз романтикасы деген осы.

А) Зат есім. В) Одағай. С) Есімдік. Д) Үстеу. Е) Етістік.

Есімдік

2-нұсқа


1. Мақалдың ішінен есімдікті белгілеңіз.

Қонағым, өз үйіңді де ойлап отыр.

А) Үйіңді В) Өз С) Қонағым Д) Ойлап отыр Е) Де

2. Жіктеу есімдігін табыңыз.

А) Оны. В) Соны. С) Кімде. Д) Өзім. Е) Біреу.

3. Есімдік пен зат есім тіркесін табыңыз.

А) Өткен ғасыр. В) Осы кітап. С) Жаңа жыл. Д) Төрт дәптер. Е) Биік тау.

4. Сұрау есімдігін көрсетіңіз.

А) Өзім, өзің, өзі. В) Біз, сіз, ол. С) Қандай? қанша? неше? Д) Біреу, кейбіреу, әркім.

Е) Анау, мынау, осынау.

5. Мен, сен, ол, біз, сіз есімдіктерінің түрін белгілеңіз.

А) Сілтеу. В) Жіктеу. С) Сұрау. Д) Өздік. Е) Болымсыздық.

6. Болымсыздық есімдіктерін көрсетіңіз.

А) Барлық, бәрі. В) Әркім, әрқайсысы. С) Сіздер, олар. Д) Сол, бұл. Е) Ешқайда, ешкім.

7. Тиісті сөзді табыңыз: Дүкен ... ашылады?

А) Ештеңе. В) Өзі. С) Әрбір. Д) Қандай. Е) Қашан.

8. Сұрау есімдіктерін көрсетіңіз.

А) Барша, түгел. В) Өзім, өздері. С) Ешбір, ешкім. Д) Қайсы, қай. Е) Сол, бұл.

9. Өздік есімдігін белгілеңіз.

Өз елім – менің өлең төсегім.

А) Төсегім. В) Елім. С) Менің. Д) Өз. Е) Өлең.

10. Сілтеу есімдіктерін көрсетіңіз.

А) Кім, не. В) Ешкім, ештене. С) Ешқашан, ешбір. Д) Олар, сендер. Е) Анау,мынау.

11. Белгісіздік есімдіктерді көрсетіңіз.

А) Сені, сендерге. В) Өзі, өздері. С) Әлдекім, әлдене. Д) Оларды, мені. Е) Кімге, неге.

12. Мына сөздердің ішінен болымсыздық есімдігін табыңыз.

А) Әлдене, әлдекім. В) Сол, ол. С) Анау, мынау. Д) Күллі, бүкіл. Е) Дәнеңе, дәнеме.

13. Табыс септігінде тұрған сілтеу есімдігін табыңыз.

А) Бұны. В) Бұлар. С) Бұнысы. Д) Бұнымен. Е) Бұдан.

14.Жалпылау есімдігін табыңыз.

А) Бүкіл. В) Кей шақта. С) Неге. Д) Әрқашан. Е) Дәнеңе.

15. Жіктеу есімдігін табыңыз.

А) Емен. В) Неше. С) Өзі. Д) Ел. Е) Мен.

16. Өздік есімдігін табыңыз.

А) Өркендету. В) Көрсеткіз. С) Мүлдем. Д) Өздеріңіз. Е) Көңілсіз.

17. «Ешқандай, ешқайдан» сөздеріне тән қатарды белгілеңіз.

А) Болымсыз етістік. В) Белгісіздік есімдігі. С) Өздік етіс. Д) Үстеу. Е) Болымсыздық есімдігі.

18. Есімдікті табыңыз.

А) Сонау, мына. В) Белсенді. С) Әрине, мүмкін. Д) Бәрекелді, пәлі. Е) Қызыл, көк.

19. Барыс септік жалғауында тұрған өздік есімдігін табыңыз.

А) Өзіңе. В) Өзі. С) Өзіңде. Д) Өзіміз. Е) Өзіңмен.

20. Белгісіздік есімдігін табыңыз.

А) Бәріміз. В) Біреу. С) Күллі. Д) Бәрі. Е) Барша.

21. «Анау» сөзі қай сөз табы екенін белгілеңіз.

А) Есімдік. В) Етістік. С) Үстеу. Д) Сын есім. Е) Зат есім.

22. Барыс септік жалғаулы сұрау есімдігін көрсетіңіз.

А) Неде? В) Немен? С) Неге? Д) Нелер? Е) Нені?

23. Көп нүктенің орнына лайықты сөзді көрсетіңіз.



... көріп қайттым.

А) Өзге. В) Маратқа. С) Маған. Д) Өзінде. Е) Өзін.

24. Шығыс септігінде тұрған сілтеу есімдігін табыңыз.

А) Жалпы. В) Айнала. С) Бауыр. Д) Бұлар. Е) Бұдан.

25. Сұрау есімдігінің І жақта жіктелген түрін көрсетіңіз.

А) Кімбіз? В) Қаншасы? С) Кімде? Д) Кімі? Е) Қалай?

Етістік. 1-нұсқа

1. Күрделі етістікті табыңыз.

А) Айтуды. В) Бастады. С) Барды. Д) Береді. Е) Ойланып қалды.

2. Болымсыз етістікті табыңыз.

А) Алмады. В) Қызғанды. С) Жылады. Д) Күлді. Е) Жуынды.

3. Нақ осы шақтағы етістікті табыңыз.

А) Келіп қалдым. В) Тыңдап отыр. С) Шыдамайды. Д) Келген жоқ. Е) Ұнамайды.

4. Ауыспалы осы шақта тұрған етістікті белгілеңіз.

А) Билейді. В) Биледі. С) Биле. Д) Билеу. Е) Билеген.

5. Тұйық етістікті анықтаңыз.

А) Ұнау. В) Айтыс. С) Жу. Д) Көрсет. Е) Қу.

6. Бірыңғай болымсыз етістіктер қатарын көрсетіңіз.

А) Қашты, жазба, ойна. В) Бергенбіз, ойнасам, тістеме. С) Келіпті, тыңда, оқысын. Д) Отырма, сөйлес, біл. Е) Барған жоқ, келме, қайтатын емес.

7. Болымды етістікті табыңыз.

А) Ұшпады. В) Көрсетпеді. С) Жумады. Д) Әкелмеді. Е) Сүртті.

8. Негізгі етістікті табыңыз.

А) Көр. В) Берер. С) Ашуланды. Д) Салынды. Е) Әперді.

9. Өткен шақтағы етістікті табыңыз.

А) Ақша. В) Көрмеу. С) Ақшыл. Д) Келе жатыр. Е) Бітірді.

10. Түбір етістікті табыңыз.

А) Келгелі. В) Келіп. С) Кел. Д) Келіпті. Е) Келу.

11. Қалау райды табыңыз.

А) Менікі емес. В) Бара жатыр. С) Көргім келеді. Д) Көрдім. Е) Кездесетін болдық.

12. Етістіктің нақ осы шақ түрін көрсетіңіз.

А) Қарармын. В) Келмекші. С) Естіген болатын. Д) Бара жатыр. Е) Ұғыпты.

13.Көсемшенің жұрнағы бар сөзді көрсетіңіз.

Түнде тұрып, түн ұйқынды төрт бөлдің,

Тыныш ұйықтасын деп аз сөйлеп, аз күлдің.

А) Ұйықтасын, тыныш. В) Ұйқынды, түнде. С) Күлдің, бөлдің. Д) Тұрып, сөйлеп. Е) Бөлдің, аз.

14. Шартты райдағы етістікті табыңыз.

А) Отырмас. В) Әңгімеледі. С) Барғай. Д) Кетіңдер. Е) Бармаса.

15.Ауыспалы нақ осы шақты белгілеңіз.

А) Жүр. В) Жазады. С) Жазды. Д) Отыр. Е) Жатыр.

16. Көсемшелі етістікті табыңыз.

А) Жазды. В) Келіп еді. С) Ойнау. Д) Ойланды. Е) Сөйледі.

17. III жақта тұрған сөзді табыңыз.

А) Алды. В) Алдым. С) Алдың. Д) Алдыңыз. Е) Алдық.

18. Қай сөйлемде «ма» болымсыз етістіктің жұрнағы ретінде бірге жазылатынын белгілеңіз.

А) Бала(ма) айт. В) Бұл да бір амал(ма). С) Сен ойла(ма). Д) Балдай тәтті ал(ма). Е) Ол жақсы бала(ма).

19. Қосымшасыз тұрған түбір сөзді көрсетіңіз.

А) Тон. В) Көріңдер. С) Отырғыз. Д) Жарату. Е) Сыйғыз.

20. Асты сызылған сөзге қойылатын сұрақты табыңыз.

Өз отбасымыз ұлттық дәстүрлерді сақтаймыз.

А) Қайтті? В) Қандай? С) Не істейміз? Д) Қалай? Е) Кім?

21. Етістіктің жедел өткен шағын табыңыз.

А) Жеткізер. В) Жеткізген. С) Жеткізді. Д) Жеткізеді. Е) Жеткізетін.

22. Болымсыз етістік жұрнағын белгілеңіз.

А) –дау. В) –ырақ. С) –рек. Д) –па. Е) –леу.

23. Сынып кезекшісінің атқаратын қызметін анықтаңыз.

А) Бала оқытады. В) Телевизор көреді. С) Тақта сүртеді. Д) Гүл тереді. Е) Тамақ ішеді.

24. Қимылды білдіретін сөзді анықтаңыз.

А) Тыңда. В) Түнде. С) Жоғары. Д) Дауыс. Е) Күндіз.

25.Күрделі етістікті табыңыз.

А) Отырмын. В) Отырсыңдар. С) Қыдырамыз. Д) Жазып отырмын. Е) Жуынамыз.

Етістік

2-нұсқа


1. Күрделі етістікті табыңыз.

А) Жаз бойы. В) Ақ үй. С) Барып кел. Д) Көріпкел. Е) Алтыбақан.

2. Болымды етістікті табыңыз.

А) Күлмеді. В) Жуынбады. С) Қуанбады. Д) Алды. Е) Жыламады.

3. Негізгі етістікті табыңыз.

А) Барған. В) Айтар. С) Келмек. Д) Келер. Е) Кел.

4. Осы шақтағы етістікті табыңыз.

А) Айтып кетті. В) Әкеле жатыр. С) Келді. Д) Сұрайды. Е) Барып келді.

5. Көсемшенің жұрнағын табыңыз.

А) –ар, -ер, -р. В) –мақ, -мек. С) –а, -е, -й. Д) –ған, -ген. Е) –атын, -етін, -итын.

6. Қалау райлы етістікті табыңыз.

А) Еңбек етсем. В) Амандасайын. С) Айтқысы келген. Д) Тынығыңыз. Е) Жүдеп қалыпты.

7. Сөздерге жалғанатын тиісті жұрнақтарды белгілеңіз.

Асық..., қи..., жағалас..., ұмыт...

А) –па,-ма,-па,-па В) –ба,-бе,-ма,-па С) –бе,-па,-ме,-ма Д) –ма,-па,-пе,-ме Е) –па,-ма,-па,-ме

8. Көсемшені белгіле.

А) Кет. В) Кеткелі. С) Кетпек. Д) Кеткен. Е) Кетеді.

9. Түбір сөзді табыңыз.

А) Қоныстан. В) Қондыру. С) Қону. Д) Қон. Е) Қоныстану.

10. Тұйық етістікті көрсетіңіз.

А) Қуу. В) Жабық. С) Күл. Д) Түне. Е) Кірген.

11. Болымсыз етістікті табыңыз.

А) Жаз. В) Жүзеді. С) Ашады. Д) Жазба. Е) Оқыды.

12. Шартты рай етістігін анықтаңыз.

А) Айтып келдім. В) Тыңдаса болды. С) Барғым келеді. Д) Біліп отырмыз. Е) Ойнап кел.

13. Тұйық етістікті көрсетіңіз.

А) Жуу. В) Ашық. С) Күндерде. Д) Жақсы. Е) Кірген.

14. Күрделі етістікті табыңыз.

А) Жүгірме. В) Ойнады. С) Жаздыртты. Д) Жүре бер. Е) Қуанды.

15. Өткен шақтағы етістікті табыңыз.

А) Отырармын. В) Отырдым. С) Отырмассың. Д) Отырмын. Е) Отырарсың.

16. Күрделі нақ осы шақ бар сөйлемді анықтаңыз.

А) Биыл көктем кеш келді. В) Қар еріп жатыр. С) Өзендерде мұз еріді. Д) Өзен, көлдерден сең кетті. Е) Бүгін ауа – райы жақсы болды.

17. Ауыспалы келер шақта тұрған етістікті табыңыз.

А) Келдім. В) Алдың. С) Отырмын. Д) Келемін. Е) Жүрді.

18. Екінші жақтың көпше түрінде тұрған етістікті табыңыз.

А) Жатырсың. В) Жатырсыз. С) Жатырмыз. Д) Жатырсыңдар. Е) Жатырмын.

19. Күрделі етістікті табыңыз.

А) Оқыды. В) Оқып отыр. С) Жазады. Д) Оқиды. Е) Жазбайды.

20. Шартты райлы етістіктің жұрнағын көрсетіңіз.

А) –ды, -ді. В) –ғы, -гі. С) –са, -се. Д) –ын, -ін, -н. Е) –а, -е, -й.

21. Зат есімнен жасалған туынды етістікті белгілеңіз.

А) Елпілде. В) Бағала. С) Қалашыл. Д) Тақ . Е) Есім.

22. Негізгі етістікті көрсетіңіз.

А) Отырғыз. В) Аула. С) Үйренуші. Д) Шығар. Е) Ал.

23. Тұйық етістік жұрнағын табыңыз.

А) –ып. В) –й. С) –а. Д) –у. Е) –е.

24. Етістіктің шағы қанша түрге бөлінетінін белгілеңіз.

А) 3. В) 9. С) 2. Д) 8. Е) 7.

25. Туынды етістікті көрсетіңіз.

А) Көреген, сүзеген. В) Жая, қоя. С) Жала, тала. Д) Ойна, ойла. Е) Ойшыл, ойыншыл.

Одағай


1-нұсқа.

1.Көңіл-күй одағайын табыңыз.

А) Тәйт. В) Құрау-құрау. С) Айт. Д) Шай-шай. Е) Алақай.

2. Одағай сөзді табыңыз.

А) Паһ-паһ. В) Талапты. С) Ұлдың. Д) Мырс. Е) Жеңіс.

3. Одағайды табыңыз.

А) Дүрс-дүрс В) Ойбай С) Мырс Д) Жорта Е) Ғой

4. Одағай сөздерге байланысты қойылатын тыныс белгісін табыңыз.

А) Дефис В) Үтір, леп белгісі С) Нүкте Д) Сызықша Е) Нүктелі-үтір

5. Одағай қатысқан сөйлемді табыңыз.

А) Қап, автобус кетіп қалды-ау. В) Көрсетпе! Тый көзіңнің жасын! С) Аспанды бұлт басқан. Д) Далада жаңбыр жауып тұр. Е) Гүрс-гүрс еткен мылтықтың дауысы естілді.

6. Көңіл – күй одағайын табыңыз.

А) Моһ-моһ, жануар! В) Паһ, неткен дауыс! С) Ауқау-ауқау! Д) Құрау-құрау, тұлпарым!

Е) Кә-кә, келе ғой.

7. Үтір мен леп белгісінің қойылу себебін белгілеңіз. Ойпырмай, күннің суығын-ай!

А) Еліктеуіш сөз В) Қыстырма сөз С) Одағай сөз Д) Оқшау сөз Е) Қаратпа сөз

8. Одағай сөзге байланысты қойылып тұрған тыныс белгіні табыңыз.

А)Желтоқсанда екінші тоқсан аяқталады. В)Арман, сен үйіңе бара ғой. С)Амал қанша,ақырын күту керек. Д) Әттең, қазір жанымда ағам болғанда ғой. Е) Балам, арыңды жасыңнан сақта.

9. Одағайға байланысты тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз.

А) Уа, шіркін, ән деп осыны айт! В) Сыналар, ей жігіттер, келді кезің. С) Жүрегім, ойбай соқпа енді...

Д) Япырау әттеген-ай, атын сұрамаппын ғой. Е) Өй Жиренше, жаңағы осы Қодар кім?

10. Дефис қойылуы тиіс одағай сөзді табыңыз.

А) Тәйт. В) Ойбай пәлі. С) Пәлі ойбай. Д) Әттең. Е) Ойбай ай.

11. Одағай мағынасына қарай қандай түрге бөлінеді.

А) Жандану, бейнелеуіш. В) Дара, күрделі. С) Шақыру, күрделі. Д) Көңіл-күй, шақыру, жекіру, таңдану. Е) Еліктеуіш, бейнелеуіш.

12. Берілген сөйлемге тиісті одағайды көрсетіңіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет