Мектеп – кеме,
Білім - ... .
А) Өзен. В) Мұхит. С) Көл. Д) Көлшік. Е) Теңіз.
13. Достық туралы мақалды табыңыз.
А) «Көп қорқытады» В) «Өнер алды-қызыл тіл» С) «Жаман жолдастан таяғым артық»
Д) «Білім кілті-тіл» Е) «Сөздің көркі-мақал»
14. Туған жер - Отан туралы мақалды табыңыз.
А) Аққу көлін аңсайды, адам туған жерін аңсайды. В) Жаман айтпай, жақсы жоқ.
С) Өнер алды-қызыл тіл. Д) Сөз сүйектен өтеді. Е) Ештен кеш жақсы.
15. Мақалды толықтырыңыз.
Ғалыммен жақын болсаң, қолың жетер, залыммен жақын болсаң ... кетер.
А) Басың В) Жолың С) Жүрегің Д) Гүлің Е) Кітап
16. «Человека прославляет труд» мақалының қазақша баламасын табыңыз.
А) Еңбек етсең емерсің. В) Ердің атын еңбек шығарады. С) Не ексең, соны орарсың.
Д) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарының тіленбей. Е) Көз қорқақ , қол батыр.
17. Мақалды толықтырыңыз: «Аз ... алтын, көп ... күміс»
А) Негіз. В) Өмір. С) Ақыл. Д) Сөз. Е) Ой.
18. Мақалды толықтырыңыз. «... өмір – сөнген көмір.»
А) Еңбексіз. В) Бақытсыз. С) Ақшасыз. Д) Сенсіз. Е) Жұмыссыз.
19. Достық туралы мақалды табыңыз.
А) Өнерлінің өзегі талмас. В) Досы көппен сыйлас, досы азбен сырлас. С) Отан оттан да ыстық .
Д) Ұрлық түбі – қорлық. Е) Ер дәулеті – еңбек.
20. Мақал-мәтелдерді жинастыратын сөздікті табыңыз.
А) Синонимдік. В) Фразеологиялық . С) Түсіндірмелі. Д) Орфографиялық . Е) Омонимдік.
21. Мақалды аяқтаңыз: Ер қанаты - ... .
А) серігі. В) қару. С) табандылық . Д) жылқы. Е) ат.
22. Мақалдың жалғасын табыңыз.
Жеті жұртың тілін біл,
Жеті түрлі ... ... .
А) елге құрмет. В) тіл біл. С) тас жарады. Д) білім біл. Е) ұлт жоқ .
23. Достық тақырыбындағы мақалды табыңыз.
А) Ұрлық түбі-қорлық . В) Отан-оттан да ыстық . С) Ата-баланың қорғаны. Д) Жақсыны жолдасынан таниды.
Е) Бес саусақ бірдей емес.
24. Мақалды толықтырыңыз.
«Қоянды қамыс өлтіреді,
Батырды ... өлтіреді».
А) Қыз. В) Ой. С)Жігіт. Д) Соғыс. Е) Намыс.
25. Мақал-мәтелдерден антонимді табыңыз.
А) Еңбек етсең емерсің. В) Мың досың болса да аз, бір қасың болса да көп. С) Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады. Д) Мектеп-кеме, білім-теңіз. Е) Оқу инемен құдық қазғандай.
Сөздің тура және ауыспалы мағынасы.
1-нұсқа.
1. Сөздің ауыспалы мағынасын табыңыз.
А)Тұлпар-батырлар мінген жүйрік ат. В)Бала қыздың алдына асыл тұқымды тұлпарды тарта берді
С) Тұлпар туған шұбар ат Д) Халықтан небір тұлпарлар шығады. Е) Түп атасы-араб тұлпары.
2. Ауыспалы мағынада берілген сөз тіркесін табыңыз.
А) Қара жұмыс. В) Ескі үй. С) Күзгі орман. Д) Қалың кітап. Е) Сары бояу.
3. Ауыспалы мағынада берілген сөз тіркесін көрсетіңіз.
А) Үлкен мектеп В) Көрші ауыл С) Қызыл тіл Д) Жаңа қала Е) Жазғы кеш
4. Ауыспалы мағынада қолданылған сөзі бар сөйлемді табыңыз.
А) Туды жоғары ұстау. В) Атасы баласын иіскеді. С) Ұлттық намысты жоғары ұстайық.
Д) Адамгершілік туралы айту. Е) Әдеби кітаптарды оқу.
5. Тура мағынада берілген сөзді көрсетіңіз.
А) Қабағын түйді В) Ақ жүрек С) Алтын ғасыр Д) Жарқын жүзді Е) Қызыл алма
6. Қара деген сөздің тура мағынасында қолданылған жерін көрсетіңіз.
А) Қара қарындаш. В) Қара дауыл. С) Қара ниет. Д) Қара жүрек. Е) Қара тер.
7. Тура мағынасында қолданылып тұрған сөзді көрсетіңіз.
А) Жуан жіп. В) Жуан дауыс. С) Жуан ауыл. Д) Жуан жол. Е) Жуан сіңірлі.
8. Ауыспалы мағынада жұмсалып тұрған сөзді табыңыз.
А) Салқын ауа. В) Суық жел. С) Суық қолды. Д) Кеңпейіл. Е) Мамық төсек.
9. Тура мағынада айтылған сөздері бар сөйлемді табыңыз.
А) Адамның басы. В) Таудың басы. С) Бас дәрігер. Д) Істің басы. Е) Жиналыстың басы.
10. Тура мағыналы сөзді табыңыз.
А) Суық сөз. В) Ыстық ықылас. С) Ақ ниетті. Д) Жақсы адам. Е) Терең ойлы.
11. Ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөзді көрсетіңіз.
Жаңбырсыз жер жетім, жақсысыз ел жетім.
А) Жаңбырсыз. В) Ел. С) Жер. Д) Жақсысыз. Е) Жетім.
12. Ауыспалы мағыналы сөзді табыңыз.
А) Ол досына алтын сағат сыйлады. В) Кешке қызық кино басталды. С) Түн салқындай бастады.
Д) Айман оған жылы лебізін білдірді. Е) Күзде жапырақтар сарғаяды.
13. Ауыспалы мағынада тұрған сөзді көрсетіңіз.
А)Жануардың терісі. В)Көліктің дөңгелегі. С)Таудың басы. Д)Құстың қанаты. Е)Адамның көзі.
14. Тура мағыналы сөзді көрсетіңіз.
А) Асыл жан. В) Сөзге сараң. С) Терең құдық . Д) Арам ой. Е) Жібек мінез.
15. Ауыспалы мағынадағы сөзді табыңыз.
А) Қисық бұтақ . В) Қызыл гүл. С) Білімді оқушы. Д) Қоңыр дауыс. Е) Қара сиялы қалам.
16. Тура мағыналы сөзді табыңыз.
А) Сен менің оң қолымсың. В) Қолды болып жүрме. С) Ол қол ұшын берді. Д) Қолы жеңіл.
Е) Қолыңды көтер.
17. Тура мағыналы сөзді көрсетіңіз.
А) Жылы жүзді. В) Жылы сөз. С) Жылқы жылы. Д) Жылы өң. Е) Су жылы.
18. Ауыспалы мағыналы сөзді табыңыз.
А) Ақырын қозғалу. В) Жел мінез. С) Жүйрік ат. Д) Ұйқыдан ояту. Е) Бұзаулы сиыр.
19. Тура мағыналы сөзді көрсетіңіз.
А) Баласы өсті. В) Бұл ойды мен өсірген емеспін. С) Өсу жолы-бұл емес. Д) Халық саны өсуде.
Е) Сен өсіріп сөйлеме.
20. Сөздің тура мағынасын табыңыз.
А) Арқасынан таяқ үзген жоқ . В) Ол әке-шешеден ерте қол үзді. С) Нариман-тепсе, темір үзетін жігіт. Д) Бала нанның жартысын үзіп берді. Е) Қарт әбден күдер үзген екен.
21. Ауыспалы мағынада тұрған сөз тіркесін табыңыз.
А) Терең ой. В) Ұзын арқан. С) Тар жол. Д) Үлкен үй. Е) Қара шаш.
22. «Күн» сөзіне тіркесетін ауыспалы мағынадағы сөзді көрсетіңіз.
А) Жабық . В) Бүгінгі. С) Кешегі. Д) Ашық . Е) Бес.
23. Ауыспалы мағыналы сөз тіркесін анықтаңыз.
А) Жеңіл жүк. В) Қисық ағаш. С) Ауыр сөз. Д) Қоңыр түс. Е) Сынық айна.
24. Ауыспалы мағынада тұрған сөздерді көрсетіңіз.
А) Қара бояу, қалың киім, суық су. В) Қара жүрек, қалың жұрт, суық хабар. С) Қалың шөп, адал ас, қара көз. Д) Суық жел, бет әжімі, ұлпа қар. Е) Қоңыр сиыр, көк көйлек, жасыл жапырақ
25. Ауыспалы мағынада жұмсалып тұрған сөзді табыңыз.
А) Мамық төсек. В) Суық жел. С) Кеңпейіл адам. Д) Суық қолды адам. Е) Салқын ауа.
Қазақстан.
1-нұсқа.
1. Сөйлемді толықтырыңыз: Алматы ... жылдан астана болды.
А) 1931. В) 1929. С) 1927. Д) 1930. Е) 1928.
2.Мемлекеттік тудағы көк түс ненің белгісі екенін белгілеңіз.
А) Қуаныштың, бейбітшіліктің. В) Адалдықтың, тазалықтың. С) Жамандықтың, бейбітшіліктің.
Д) Қуаныштың, жеңістің. Е) Еркіндіктің, бақыттың.
3. Ертеде қазақтар киіз үйдің ортасына қандай темір ошақ қойғанын белгілеңіз.
А) Үш сирақты. В) Бес қанатты. С) Үш қанатты. Д) Алты сирақты. Е) Төрт сирақты.
4. Астана қаласы орналасқан өзеннің атауын белгілңіз.
А) Есіл. В) Қаратал. С) Тобыл. Д) Ертіс. В) Обаған.
5. Елбасының «Қазақстан-2030» жолдауын жариялаған жылын белгілеңіз.
А) 1998. В) 2000. С) 1981. Д) 1999. Е) 1997.
6. Латын алфавиті қолданылған жылдарды белгілеңіз.
А) 1937-1957ж.ж. В) 1929-1940ж.ж. С) 1928-1938ж.ж. Д) 1927-1937ж.ж. Е) 1929-1957ж.ж.
7. Көктемгі мерекелерді табыңыз.
А) Республика күні В) Жеңіс күні, Республика күні С) Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл
Д) Конституция күні, Жеңіс күні Е) Жеңіс күні, Халықаралық әйелдер күні
8. Алматы және Талдықорған өңірлерінің атауын табыңыз.
А) Солтүстік Қазақстан. В) Күріштің отаны. С) Сарыарқа. Д) Жетісу. Е) Жібек жолы.
9. Киіз үйге қатысты сөздерді табыңыз.
А) Биік, аласа В) Ағаш, кірпіш С) Шаңырақ, кереге Д) Сурет, кескін Е) Қабырға, төбе
10. Ядролық қаруға қарсы қоғамдық қозғалыстың атауын белгілеңіз.
А) «Экология» В) «Жас-Алаш» С) «Жер Ана» Д) «Жасыл ел» Е) «Невада-Семей»
11. Киіз үй неден тұратынын белгілеңіз.
А) Кірпіштен В) Балшықтан С) Қағаздан Д) Шүберектен Е) Киізден
12. «Шахмат» сөзінің қазақшаға аударғанда білдіретін мағынасын анықтаңыз.
А) Патша өлді В) Патша тірілді С) Патша бар Д) Патша келді Е) Патша сайланды
13. Қазақстан Конституциясының құрамындағы тараулардың санын көрсетіңіз.
А) 5 В) 25 С) 10 Д) 15 Е) 9
14. Мемлекеттік рәміздер қабылданған жылды белгілеңіз.
А) 1996 В) 1993 С) 1995 Д) 1992 Е) 1998
15. Қазақстан Республикасы Конституциясының күнін атаңыз.
А) 30-мамыр. В) 30-тамыз. С) 25-қазан. Д) 1-мамыр. Е) 22-наурыз.
16. Қазақстанның қазіргі астанасын белгілеңіз.
А) Алматы. В) Семей. С) Қызылорда. Д) Астана. Е) Қарағанды.
17. Шахмат ойыны пайда болған елді табыңыз.
А) Үндістан В) Қазақстан С) Грекия Д) Қытай Е) Франция
18. Мемлекеттік тудағы қыран құс ненің белгісі екенін атаңыз.
А) Бостандықтың. В) Тыныштықтың. С) Бейбітшіліктің. Д) Тазалықтың. Е) Адалдықтың.
19. Сарарқаға жататын қалаларды табыңыз.
А) Алматы,Тараз,Шымкент,Қызылорда. В) Қарағанды,Жезқазған,Ақмола,Павлодар. С)Қостанай Арқалық, Павлодар, Ақтөбе. Д) Ақмола,Шымкент,Тараз. Е) Көкшетау,Петропавл,Ақтөбе.
20. Баланың ең алғашқы қадам басуына байланысты дәстүрді табыңыз.
А) Мүшел той. В) Бесікке бөлеу. С) Ат қою. Д) Шілдехана. Е) Тұсау кесу.
21. Қазақ тілі қай тілдер тобына жататынын көрсетіңіз.
А) Латын В) Түркі С) Қытай Д) Грек Е) Славян
22. Көкшетаудағы суы тұщы, мөлдір көлдің атауын анықтаңыз.
А) Бурабай В) Зайсан С) Алакөл Д) Балхаш Е) Сасықкөл
23. Алғаш рет спорттық ойындар пайда болған елін көрсетіңіз.
А) АҚШ В) Үндістан С) Грекия Д) Қазақстан Е) Қытай
24. Күн мен түн теңелетін айды белгілеңіз.
А) Наурызда В) Мамырда С) Сәуірде Д) Қаңтарда Е) Ақпанда
25. 1929-1997 жылдары Қазақстанның астанасы болған қаланы анықтаңыз.
А) Орынбор В) Алматы С) Қызылорда Д) Астана Е) Ақмешіт.
Қазақстан. 2-нұсқа.
1. Мемлекеттік елтаңбада шаңырақ бейнесі нені білдіретінін көрсетіңіз.
А) Киелі шамшырақты В) Адалдық, тазалықты С) Бес құрлықты Д) Еркіндік, биік арманға самғауды Е) Отанымыздың біртұтастығын
2. Қазақстан оңтүстікте қандай мемлекетпен шектесетінін белгілеңіз.
А) Ресеймен. В) Қытаймен. С) Маңғолиямен. Д) Өзбекстанмен. Е) Ауғанстанмен.
3. Желтоқсан оқиғасы болған жылдарды белгілеңіз.
А) 1988ж. В) 1989ж. С) 1990ж. Д) 1986ж. Е) 1987ж.
4. 1 мамырда болатын мейрамның атауын табыңыз.
А) Қазақстан халықтарының бірлігі мейрамы. В) Жаңа жыл. С) Конституция күні.
Д) Наурыз мейрамы. Е) Республика күні.
5. Қазақстанның ұлттық теңгесі шыққан жылды көрсетіңіз.
А) 1993 ж. В) 1994 ж. С) 1990 ж. Д) 1991 ж. Е) 1992 ж.
6. Қазақстанның «Швейцариясын» атаңыз.
А) Қарағайлы. В) Баянауыл. С) Қарқаралы. Д) Бурабай. Е) Алма Арасан.
7. Ту бетіндегі ою-өрнек бейнесі нені білдіретінін көрсетіңіз.
А) Қазақ елінің өзіндік ерекшелігін В) Киелі шамшырақты С) Бес құрлықты
Д) Еркіндік, биік арманға самғауды Е) Адалдық, тазалықты
8.Тайпаларды басқарған адамды белгілеңіз.
А) Елші В) Хан С) Би Д) Сұлтан Е) Батыр
9. Қазақстан облыстарының санын белгілеңіз.
А) 16. В) 17. С) 13. Д) 14. Е) 15.
10. Наурыздың қандай мейрам екенін көрсетіңіз.
А)Адамдар мейрамы. В)Жаңа жыл мейрамы. С)Еңбек мейрамы. Д)Ардагерлер мейрамы. Е)Жастар мейрамы.
11. Қазақ драма театрының ең бірінші қойған пьесасын табыңыз.
А)«Ревизор» В)«Айман-Шолпан» С)«Еңлік-Кебек» Д)«Абай» Е)«Қозы Көрпеш-Баян сұлу»
12. Ойлауға үйрететін қазақ халқының ұлттық ойынын табыңыз.
А) Қыз қуу. В) Ақ сүйек. С) Тоғызқұмалақ. Д) Ханталапай. Е) Бәйге.
13. Еуропаша Жаңа жылды атаңыз.
А) 16 желтоқсан. В) 1 мамыр. С) 9 мамыр. Д) 1 қаңтар. Е) 8 наурыз.
14. Күз айын көрсетіңіз.
А) Шілде В) Желтоқсан С) Наурыз Д) Қыркүйек Е) Қаңтар
15. Мұсылман мәдениетінің орталығы болып саналатын қаланы анықтаңыз.
А) Қызылорда В) Түркістан С) Ақмола Д) Тараз Е) Ақмешіт
16. Халықаралық әйелдер күнін белгілеңіз.
А) 8 наурыз В) 30 тамыз С) 1 қаңтар Д) 22 наурыз Е) 9 мамыр
17. Мемлекеттік тудың ені мен ұзындығын анықтаңыз.
А) Ені-2 метр, ұзындығы-1 метр В) Ені-2 метр, ұзындығы-3 метр С) Ені-2 метр, ұзындығы-
2 метр Д) Ені-3 метр, ұзындығы-2 метр Е) Ені-1 метр, ұзындығы-2 метр
18. Киіз үй қай халықтың баспанасы болғанын табыңыз.
А) Түрік. В) Украин. С) Татар. Д) Орыс. Е) Қазақ.
19. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік күнін белгілеңіз.
А) 22 наурыз. В) 16 желтоқсан. С) 1 қаңтар. Д) 1 қыркүйкек. Е) 25 қазан.
20. Отырар қаласының алғашқы атауын белгілеңіз.
А) Фараб. В) Ақмола. С) Ақмешіт. Д) Шабғар. Е) Шымкент.
21. Шешесінің әкесі балаға кім болатынын табыңыз.
А) Шеше. В) Нағашы ата. С) Балдыз. Д) Әке. Е) Аға.
22. Ежелгі Отырар қай облыста екенін табыңыз.
А) Солтүстік Қазақстан. В) Жамбыл. С) Оңтүстік Қазақстан. Д) Қызылорда. Е) Алматы.
23. Наурыз мерекесінде пісірілетін тағамды белгілеңіз.
А) Тұшпара. В) Қуырдақ. С) Бауырсақ. Д) Көже. Е) Палау.
24. Елтаңбаның жоғарғы жағында не бейнеленгенін көрсетіңіз.
А) Ай. В) Жұлдыз. С) Жер. Д) Ұшақ. Е) Қала.
25. Қазақстанда мекендейтін аңды анықтаңыз.
А) Арыстан. В) Піл. С) Кенгуру. Д) Маймыл. Е) Түлкі.
Қазақстан.
3-нұсқа.
1. Түркістан қаласының ертедегі атауы.
А) Фараб В) Отырар С) Ақмешіт Д) Шабғар Е) Ақмола
2. Ұлттық валютамыз айналымға енгізілген жылды белгілеңіз.
А) 1991 жылы 16 желтоқсан В) 1990 жылы 25 қазан С) 1992 жылы 4 маусым
Д) 1993 жылы 15 қараша Е) 1995 жылы 30 тамыз
3. Ту бетіндегі киелі шамшырақты білдіретін бейнені табыңыз.
А) Ұлттық өрнек В) Аспан түстес ашық көк С) Алтын күн Д) Бүркіт Е) Бүркіт, күн
4. Қазақстандағы христиандар мейрамын көрсетіңіз.
А) Ораза айт, құрбан айт В) Рождество, пасха С) Республика күні, Жеңіс күні
Д) Жаңа жыл, 1 мамыр Е) Наурыз мерекесі
5. Осы күнге дейін сақталған ежелгі қалалардың атауларын табыңыз.
А) Түркістан және Алматы В) Түркістан және Тараз С) Отырар және Ақмола
Д) Алматы және Шымкент Е) Шымкент және Тараз
6. Соңғы Конституцияның шыққан жылын көрсетіңіз.
А) 1992 В) 1995 С) 1993 Д) 1989 Е) 1991
7. Діни мейрамдарды көрсетіңіз.
А) Наурыз мерекесі В) Халықаралық әйелдер күні С) Жаңа жыл Д) Тәуелсіздік күні
Е) Ораза айты, құрбан айты
8. Тұңғыш қазақ драма театры орналасқан қаланың атауын белгілеңіз.
А) Алматы В) Тараз С) Ақмола Д) Қызылорда Е) Орынбор
9. Астана қаласы қай жылдан Қазақстанның елордасы болғанын көрсетіңіз.
А) 1997. В) 1992. С) 1991. Д) 1995. Е) 1996.
10. Қазақ хандығындағы ең жоғарғы билеушіні белгілеңіз.
А) Бай В) Әкім С) Хан Д) Сұлтан Е) Би
11. Тудағы қыран ненің белгісі екенін белгілеңіз.
А) Тыныштықтың В) Бостандықтың С) Жалғыздықтың Д) Еркіндіктің Е) Бақыттың
12. Алтай тауының ортасында орналасқан көл атауын көрсетіңіз.
А) Ақсу. В) Көксу. С) Лепсі. Д) Марқакөл. Е) Қаратал.
13. Музыкалық аспапты жасайтын адамды белгілеңіз.
А) Дәрігер В) Зергер С) Сәулетші Д) Шебер Е) Ұста
14. Мемлекеттік 1-ші әнұран қашан қабылданғанын табыңыз.
А) 1995 жылы, 16 қыркүйекте. В) 1992 жылы, 4 маусымда. С) 1993 жылы, 15 мамырда.
Д) 1990 жылы, 1 қаңтарда. Е) 1994 жылы, 5 мамырда.
15. «Невада-Семей» қоғамдық қозғалысы басталған жылды белгілеңіз.
А) 1989 ж. В) 1995 ж. С) 2000 ж. Д) 1992 ж. Е) 2005 ж.
16. Қазіргі Қазақстан астанасы орналасқан облыстың атауын белгілеңіз.
А) Ақмола облысы В) Оңтүстік Қазақстан облысы С) Қызылорда облысы. Д) Ақтөбе облысы
Е) Қостанай облысы.
17 Аптаның бірінші күнін анықтаңыз.
А) Сейсенбі. В) Дүйсенбі. С) Жұма. Д) Бейсенбі. Е) Сәрсенбі.
18. Экологияның анықтамасын белгілеңіз.
А) Жануарларды зерттейтін ғылым. В) Өсімдіктерді зерттейтін ғылым. С)Адамдарды зерттейтін ғылым. Д) Сөз мағынасын зерттейтін ғылым. Е) Қоршаған ортаны зертейтін ғылым.
19. «Тілашар» тойы қашан өткізілетінін белгілеңіз.
А) Балабақшаға барғанда.. В) Бала мектепке барғанда. С) Бала енді жүре бастағанда.
Д) Жоғары оқу орнына түскенде. Е) Мектеп бітіргенде.
20. Оқу жылы қай айда басталатынын белгілеңіз.
А) Маусымда В) Қаңтарда С) Наурызда Д) Қыркүйекте Е) Қазанда
21. Қазақстанның жеміс-жидекке, мақтаға бай өлкесін белгілеңіз.
А) Шығыс Қазақстан. В) Оңтүстік Қазақстан. С) Сарыарқа. Д) Солтүстік Қазақстан.
Е) Батыс Қазақстан.
22. Елтаңбаның бес бұрышты жұлдызы ненің белгісі.
А) Құрмет. В) Өмір. С) Бес құрлық. Д) Еркіндік. Е) Байлық.
23. Бұқаралық ақпарат құралдарын көрсетіңіз.
А)Әңгіме, ертегілер. В)Газет-журналдар. С)Романдар, повестер. Д)Сабақтар, курстар. Е)Бейне фильмдер
24. Мақала, очерк қандай стильге жатады.
А) Ресми. В) Публицистикалық. С) Әдеби. Д) Ғылыми. Е) Сөйлеу.
25. Түркістан қаласы Қазақстанның қай жерінде орналасқанын белгілеңіз.
А) Солтүстік батыста. В) Солтүстік. С) Батыс. Д) Оңтүстік. Е) Шығыс.
Қазақстан. 4-нұсқа.
1. Алматыдағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театры ... атында.
А) Ғ. Мүсірепов. В) Қ.Қуанышбаев. С) М.Әуезов. Д) А.Құнанбаев. Е) М.Лермонтов.
2. Дүниедегі ең қымбат адамды табыңыз.
А) Ана. В) Әже. С) Аға. Д) Әке. Е) Апа.
3. Әжелерді, аналарды, апа-қарындасты құтықтайтын халықаралық мерекені табыңыз.
А) Мұғалімдер күні. В) Наурыз мерекесі. С) Халықаралық әйелдер күні. Д) Білім күні.
Е) Тәуелсіздік күні.
4. Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан қалаларды белгілеңіз.
А) Астана, Көкшетау. В) Ақтау, Атырау. С) Жамбыл, Шымкент. Д) Орал, Петропавл.
Е) Қостанай, Ақтөбе.
5. Зергерлік бұйымдарды белгілеңіз.
А) Алаша, көрпе, төсеніш. В) Кесе, қасық, пышақ. С) Кітап, дәптер, қалам.
Д) Шолпы, білезік, сырға, қапсырма. Е) Қару-жарақ, ер-тұрман, қоржын.
6. Тілдер мерекесі қай айда өтетінін анықтаңыз.
А) Қыркүйек. В) Маусым. С) Қараша. Д) Қазан. Е) Мамыр.
7. Қазақстан егемендігін қашан жариялады.
А) 1997 ж. В) 1988 ж. С) 1995 ж. Д) 1990 ж. Е) 1999 ж.
8. Қыс мезгілінің айын көрсетіңіз.
А) Ақпан. В) Сәуір. С) Наурыз. Д) Қыркүйек. Е) Шілде.
9. Наурыз мейрамын көрсетіңіз.
А) 22 наурыз. В) 9 мамыр. С) 1 қаңтар. Д) 8 наурыз. Е) 25 қазан.
10. Қазақстанның ежелгі қалаларын белгілеңіз.
А) Тараз, Жезқазған, Семей. В) Шымкент, Алматы, Отырар. С) Түркістан, Тараз, Отырар.
Д) Ақтөбе, Түркістан, Атырау. Е) Павлодар, Қарағанды, Ақтау.
11. Мектеп бітіргенде оқушы қандай білім алатынын анықтаңыз.
А) Кәсіби білім. В) Арнайы орта. С) Жоғары білім. Д) Орта білім. Е) Бастауыш білім.
12. Барсакелмес қорығы қайда орналасқанын көрсетіңіз.
А) Алматы облысында. В) Оңтүстік Қазақстан облысында. С) Торғай облысында.
Д) Арал теңізінің қасында. Е) Семей облысында.
13. Қазақстанмен шектесетін мемлекеттерді көрсетіңіз.
А) Әзірбайжан, Ресей, Литва, Иран, Ауғанстан. В) Ресей, Түркіменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай. С) Түркіменстан, Әзірбайжан, Иран, Ауғанстан. Д) Өзбекстан, Қырғызстан, Иран, Ауғанстан. Е) Қытай, Ресей, Ирак, Ауғанстан.
14. Әкеңнің әкесі сізге кім болатынын көрсетіңіз.
А) Ата. В) Бауыр. С) Нағашы. Д) Көке. Е) Баба.
15. Алғашқы қазақ суретшісін табыңыз.
А) С. Өтемісов. В) Г. Исмаилова. С) А.Ғалымбаева. Д) Ә. Қастеев. Е) С. Ғұмаров.
16. Қазақстанның солтүстігінде орналасқан қалаларды көрсетіңіз.
А) Атырау, Орал. В) Көкшетау, Қостанай. С) Маңғыстау, Ақтөбе. Д) Алматы, Қызылорда.
Е) Шымкент, Жамбыл.
17. Қазақтың ұлттық ойын түрлерін көрсетіңіз.
А) Алтыбақан, асық ойнау, тоғызқұмалақ . В) Бәйге, тұсаукесер. С) Арқан тарту, дойбы, шахмат.
Д) Қыз қуу, шахмат, жүгіру. Е) Аңшылық , көкпар.
18. Бір жыл неше күннен тұратынын анықтаңыз.
А) 363. В) 364. С) 365. Д) 263. Е) 632.
19. Қазақстанның ең ірі өзендері .
А) Есіл, Нұра, Жайық, Сырдария. В) Арал, Балқаш, Іле, Ертіс. С) Ертіс, Сырдария, Іле, Жайық.
Д) Есіл, Балқаш, Іле, Ертіс. Е) Жайық, Сырдария, Іле, Есіл.
20.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасында не бейнеленгенін табыңыз.
А) Пырақтар. В) Қырандар. С) Күн сәулесі. Д) Ою-өрнектер. Е) Қыран құс.
21. «Екінші Мекке» деп атанған қаланы анықтаңыз.
А) Түркістан. В) Шымкент. С) Қызылорда. Д) Семей. Е) Тараз.
22. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің белгісін көрсетіңіз.
А) Отаншылдығы. В) Жері. С) Табиғаты. Д) Рәміздері. Е) Ауа райы.
23. Елтаңбаның түсі қандай екенін анықтаңыз.
А) Көгілдір, қызыл. В) Қызыл, жасыл. С) Алтын, көгілдір. Д) Көк, қызыл. Е) Алтын, жасыл.
24.Наурыз мерекесінің ең басты тағамы не?
А) Қазақша ет. В) Наурыз көже. С) Палау. Д) Салма. Е) Тұшпара.
25. Қазақстанның жер көлемін анықтаңыз.
А) 1600 мың шаршы шақырым. В) 2700 мың шаршы шақырым. С) 3700 мың шаршы шақырым.
Д) 1500 мың шаршы шақырым. Е) 1700 мың шаршы шақырым.
Қазақстан.
5-нұсқа.
1. XIX ғасырдың басында «Ақмешіт бекінісі» атанған қаланы анықтаңыз.
А) Алматы. В) Қызылорда. С) Ақтау. Д) Жамбыл. Е) Астана.
2. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алған уақытын көрсетіңіз.
А) 1992ж. В) 1988ж. С) 1990ж. Д) 1991ж. Е) 1989ж.
3. Республика астанасы Астана қаласына қашан көшірілгенін белгілеңіз.
А) 1991ж. В) 1997ж. С) 1995ж. Д) 1996ж. Е) 1993ж.
4. Күзден кейін келетін жыл мезгілін көрсетіңіз.
А) Апта. В) Қыс. С) Жаз. Д) Күз. Е) Көктем.
5. Шабғар деп Қазақстанда қай қаланы атаған.
А) Тараз. В) Шымкент. С) Түркістан. Д) Отырар. Е) Алматы.
6. Сөйлемді аяқтаңыз: 22 қыркүек – Қазақстан халықтарының ... .
А) Білім күні. В) Жаңа жыл. С) Жеңіс күні. Д) Тілдері күні. Е) Тәуелсіз күні.
7. Жаз айларын көрсетіңіз.
А) Маусым, шілде, тамыз. В) Наурыз, сәуір, мамыр. С) Қаңтар, ақпан, желтоқсан.
Д) Наурыз, шілде, мамыр. Е) Қазан, қараша, желтоқсан.
8. Қазақстан елінің ақшасы.
А) Теңге. В) Сом. С) Динар. Д) Манат. Е) Йен.
9. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңындағы тарау санын анықтаңыз.
А) Төрт. В) Бес. С) Алты. Д) Он. Е) Үш.
10. Білім заңының қабылдануы қай қатарға тән, белгілеңіз.
А) 1999 жыл, 7 маусым. В) 1999 жыл, 5 қаңтар. С) 1997 жыл, 21 ақпан. Д) 1998 жыл, 7 қазан.
Е) 1993 жыл, 5 сәуір.
11. Толықтырыңыз: Тудағы қанатты қыран ... белгісі.
А) бақыттың. В) еркіндіктің. С) заманның. Д) уақыттың. Е) қуаныштың.
12. Балаларға білім беретін адамды табыңыз.
А) Мұғалім. В) Инженер. С) Дәрігер. Д) Аспазшы. Е) Сәулетші.
13. Тұсаукесер тойы қашан тойланатынын көрсетіңіз.
А) Бала 1 жасқа толғанда. В) Бала 2 жасқа толғанда. С) Бала 3 жасқа толғанда. Д) Бала 4 жасқа толғанда. Е) Бала 5 жасқа толғанда.
14. Швеция мен Алакөлді мекендейтін құсты көрсетіңіз.
А) Бірқазан. В) Сұңқар. С) Реликті шағала. Д) Бұлбұл. Е) Бүркіт.
15. Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылданған жылын көрсетіңіз.
А) 1991 жылы В) 1992 жылы. С) 1993 жылы. Д) 1994 жылы. Е) 1995 жылы.
16. «Түріктер мекені, елі» деген мағынаны білдіретін қаланы табыңыз.
А) Отырар. В) Жамбыл. С) Алматы. Д) Түркістан. Е) Астана.
17. Қазақстанның орналасқан жерін анықтаңыз.
А) Еуразия құрлығында. В) Орта Азияда. С) Таяу Шығыста. Д) Батыс Еуропада. Е) Азияда.
18. «Қазақфильм» киностудиясынан шыққан тұңғыш фильмді анықтаңыз.
А) «Дала қызы». В) «Туған жер». С) «Алтын мүйіз». Д) «Аманкелді». Е) «Алдар көсе».
19. Қазақстан Республикасы қай елмен шектесетінін көрсетіңіз.
А) Иран. В) Ресей. С) Татарстан. Д) Түркия. Е) Армения.
20. Қоршаған ортаны қорғаудың дүниежүзілік күнінің мақсаты:
А) Табиғатты қорғау мәселесіне халықты шақыру. В) Білім алуға халықты шақыру.
С) Мәдениетке шақыру. Д) Қонаққа шақыру. Е) Денсаулық сақтауға шақыру.
21. Алтын күн, қыран, ою-өрнек бейнеленген рәміз.
А) Ту. В) Әнұран. С) Елтаңба. Д) Ұлттық валюта. Е) Штандарт.
22. Бәйтеректің биіктігі.
А) 90 м. В) 97 м. С) 56 м. Д) 60 м. Е) 69 м.
23. Мектепте қосымша кітап оқитын орынды анықтаңыз.
А) Асхана. В) Шеберхана. С) Дәріхана. Д) Кітапхана. Е) Емхана.
24. Астананың орналасқан жерін табыңыз.
А) Сарарқа даласы. В) Көкшетау бауыры. С) Науырзым қорығы. Д) Бетпақ даласы.
Е) Оңтүстік аймағы.
25. Көне түркі ескерткіштеріне жататын жазбаларды көрсетіңіз.
А) Алтын адам. В) Қожа Ахмет Йасауи кесенесі. С) Айша бибі кесенесі. Д) Орхон-Енесей жазбалары. Е) Алаша хан кесенесі.
Ұлы адамдар.
1-нұсқа.
1. «АЗиЯ» зерттеу кітабының авторы, белгілі қоғам қайраткерін белгілеңіз.
А) М.Әуезов В) М.Шаханов С) О.Сүлейменов Д) Ә.Кекілбаев Е) М.Жұмабаев
2. Мәншүк Мәметова Ұлы Отан соғысында кім болғанын белгілеңіз.
А) Пулеметші В) Жауынгер С) Ұстаз Д) Құрлысшы Е) Дәрігер
3. Қожа Ахмет Йасауи кесенесін салдырған адамды табыңыз.
А) Абылай хан В) Геродот С) Әмір Темір Д) Анақарыс Е) Төле би
4. Е.Г.Брусиловскийдің жазған операсын белгілеңіз.
А)«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» В)«Ақан сері-Ақтоты» С)«Абай» Д)«Қыз Жібек» Е)«Еңлік-Кебек»
5. Шоқан Уәлихановтың шын атын көрсетіңіз.
А) Ибраһим. В) Мұхаммед. С) Қанапия. Д) Сәдуақас. Е) Мұхамедханафия.
6. «Біржан – Сара» операсының авторын табыңыз.
А) Біржан сал В) М.Төлебаев С) Қ.Сағырбайұлы Д) Ш.Қалдаяқов Е) С.Тастанбекқызы
7. Шығыс қыздарынан тұңғыш рет Батыр атағын алған кім екенін белгілеңіз.
А) С.Тыныштықұлова В) Б.Римова С) Ә.Өмірзақова Д) Х.Бөкеева Е) Ә.Молдағұлова
8. Қалибек Қуанышбаев кім екенін анықтаңыз.
А) Тарихшы. В) Батыр. С) Актер. Д) Суретші. Е) Жазушы.
9. Талғат Бегелдиновтың туған жерін белгілеңіз.
А) Қостанай облысы. В) Астана қаласы. С) Ақмола облысы. Д) Көкшетау қаласы.
Е) Солтүстік Қазақстан облысы.
10. Төле бидің өмір сүрген уақытын белгілеңіз.
А) 18-19 ғасыр В) 16-17 ғасыр С) 17-19 ғасыр Д) 17-18 ғасыр Е) 16-18 ғасыр
11. Жәңгір ханның хан болып тарихта қалған баласын табыңыз.
А) Есім. В) Марат. С) Тәуке. Д) Қасым. Е) Батыр.
12. Қазақтың көне музыка мәдениетінің өкілдерін табыңыз.
А) Біржан сал, Сара. В) Ш.Қалдаяқов. С) Н.Тілендиев. Д) Қорқыт, Әбу Насыр Әл-Фараби.
Е) Ақан сері, Ақтоты.
13. Орта жүздің биін табыңыз.
А) Малайсары В) Төле би С) Әйтеке би Д) Баян Е) Қазыбек би
14. Мұқан Төлебаев кім екенін анықтаңыз.
А) Зерттеуші. В) Композитор. С) Ұстаз. Д) Ақын. Е) Күйші.
15. Е.Брусиловский «Гәкку» әнін қай операда пайдаланғанын табыңыз.
А) «Құлагер» операсы. В) «Қыз Жібек» операсы. С) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» .
Д) «Абай». Е) «Ер Тарғын» операсы.
16. Рейхстагқа жеңіс туын тіккен батырды табыңыз.
А) Р.Қошқарбаев В) Т.Бегелдинов С) Т.Мұсабаев Д) Н.Әбдіров Е) М. Момышұлы
17. XYIII ғасырда қазақ халқының бостандығы үшін күрескен ханды белгілеңіз.
А) Уәлиұлы Абылайхан В) Шығайұлы Есімхан С) Әбілқайыр хан Д) Жәңгір хан Бөкейханұлы
Е) Жолбарыс хан
18. Дұрыс жауабын белгілеңіз. Шәкен Айманов - ...
А) сазгер В) режиссер С) ойшыл Д) суретші Е) мұғалім
19. Қазақтың бұлбұлы атанған әншіні табыңыз.
А) С.Майқанова В) Ә.Қашаубаев С) К.Байсейітова Д) Ф.Шәріпова Е) Б.Римова
20. Ұлы жүздің төбе биін табыңыз.
А) Әйтеке би. В) Қазыбек би. С) Төле би. Д) Әлібай би. Е) Әлібек би.
21. Жамбыл Жабаевтың өмір сүрген жылдарын белгілеңіз.
А) 1890-1970 В) 1899-1989 С) 1895-1994 Д) 1846-1945 Е) 1890-1985
22. И.В.Панфиловтің кім болғанын көрсетіңіз.
А) Генерал. В) Солдат. С) Ефрейтор. Д) Лейтенант. Е) Капитан.
23. Қазақ фольклорын зерттеген орыс ғалымын белгілеңіз.
А) В.Радлов В) Геродот С) Г.Гегель Д) М.Горький Е) М.Олкот
24. Б.Момышұлы кім екенін көрсетіңіз.
А) Қайраткер. В) Әнші. С) Суретші. Д) Сазгер. Е) Жауынгер-жазушы.
25. Әбділдә Ақшораев айналысқан спорт түрін табыңыз.
А) Күрес. В) Тоғызқұмалақ. С) Шахмат. Д) Теннис. Е) Бокс.
Ұлы адамдар.
2-нұсқа.
1. «Қазақфильм» киностудиясы кімнің атында екенін белгілеңіз.
А) Е.Өмірзақов В) Ш.Айманов С) А.Жұбанов Д) Қ.Жандарбеков Е) Б.Римова
2. Т.Әубәкіров ғарышқа ұшқан жерді табыңыз.
А) Байқоңыр В) Көкшетау С) Ақтөбе Д) Ақтау Е) Ереймен
3. Ш.Аймановтың туған жерін белгілеңіз.
А) ОңтүстікҚазақстан облысы В) Қарағанды облысы С) Талдықорған облысы
Д) Павлодар облысы Е) Алматы облысы
4. Қазақстан Республикасының тұңғыш ғарышкерін табыңыз.
А) С.Абдрахманов В) Т.Әубәкіров С) В.Волков Д) Н.Әбдіров Е) Т. Мұсабаев
5. Әбілхан Қастеев кім екенін анықтаңыз.
А) Тарихшы. В) Зеттеуші. С) Сазгер. Д) Суретші. Е) Жазушы.
6.Жасынан ұшқыш болуды армандаған екі мәрте Кеңес Одағының батырын белгілеңіз.
А) Н.Әбдіров В) Т.Бегелдинов С) М.Мәметова Д) И.Панфилов Е) Ә.Молдағұлова
7. Кіші планетаға аты берілген қазақтың ғалымын белгілеңіз.
А) Шоқан Уәлиханов. В) Мұхтар Әуезов. С) Қаныш Сәтпаев. Д) Тұрар Рұсқұлов.
Е) Ахмет Байтұрсынов.
8. Әбу насыр Әл-Фарабидің туған қаласын көрсетіңіз.
А) Дамск. В) Самархант. С) Тараз. Д) Отырар. Е) Сайрам.
9. Ә.Қастеевтің «Қарындасым» портреті қай өнер түріне жататынын анықтаңыз.
А) Саз өнері. В) Графика. С) Мүсін өнері. Д) Кино өнері. Е) Театр өнері.
10. 1925 жылы Парижде ән шырқаған әншіні көрсетіңіз.
А) Роза Рымбаева. В) Нағима Есқалиева. С) Әміре Қашаубаев. Д) Құрманғазы Сағырбаев.
Е) Дина Нүрпейісова.
11. «Тіл құрал» оқулығының авторын белгілеңіз.
А) Л.Хамиди. В) Ш.Уәлиханов. С) А.Байтұрсынов. Д) С.Сейфуллин. Е) Ж.Аймаутов.
12.Сидней олимпиядасының чемпионын белгілеңіз.
А) Серік Қонақбаев. В) Жақсылық Үшкемпіров. С) Дәулет Тұрлыханов. Д) Бекзат Саттарханов.
Е) Ермахан Ыбырайымов.
13. «Музыканың ұлы кітабын» жазған ғалымды табыңыз.
А) Әлишер Науаи. В) Әл Беруни. С) Әбу Әли ибн Сина. Д) Әбу Насыр Әл Фараби. Е) Ұлықбек.
14. Ғылым академиясының тұңғыш президентін белгілеңіз.
А) Ахмет Байтұрсынов. В) Нұрғиса Тілендиев. С) Қаныш Сәтпаев. Д) Тұрар Рысқұлыв.
Е) Марат Омаров.
15. «Диуани лұғат –ат түрік» кітабының авторын көрсетіңіз.
А) Ахмет Яссауи. В) Махмұд Қашқари. С) С. Кеңесбаев. Д) Жүсіп Баласағұни. Е) Әбу Насыр әл-Фараби.
16. «Қазақ» газетінің бас редакторын анықтаңыз.
А) Мұхамеджан Сералин. В) Ешмұхамед Абылайханов. С) Рахымжан Дүйсебаев. Д) Ахмет
Байтұрсынов. Е) Міржақып Дулатов.
17. Қазақ халқын жоңғарлардан қорғаған батырды табыңыз.
А) Тоқтар. В) Мәншүк. С) Бауыржан. Д) Райымбек. Е) Талғат.
18. Қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаушы адамды белгілеңіз.
А) Шоқан Уәлиханов. В) Қаныш Сәтпаев. С) Дина Нүрпейісова. Д) Әбілхан Қастеев.
Е) Гүлфайруз Ысмайылова.
19. «Жеті жарғы» заңдар жинағын жазуға қатысқандарды белгілеңіз.
А) Райымбек, Абылай. В) Қабанбай, Бөгенбай. С) Ақан сері, Сүйінбай. Д) Төле би, Қазыбек би.
Е) Наурызбай, Қожабай.
20. Әлия Молдағұлова кім болғанын көрсетіңіз.
А) Биші. В) Әнші. С) Күйші. Д) Мерген. Е) Ақын.
21. Қазақтың алғашқы академигін көрсетіңіз.
А) Ғ.Айдаров. В) С.Королев. С) Қ.Сәтпаев. Д) Ж.Жабаев. Е) Н.Сауранбаев.
22. Алматыдағы мемлекеттік академиялық опера және балет театры ... атында.
А) Шәкен Айманов. В) Күләш Бәйсейітова. С) Әміре Қашаубаев. Д) Абай Құнанбаев.
Е) Қалибек Қуанышбаев.
23. Қазақтың тұңғыш кинорежиссерін белгілеңіз.
А) А.Әшімов. В) Ш.Айманов. С) Д.Жолжақсынов. Д) Қ.Тастанбеков. Е) Қ.Байсейітов.
24. «Екінші Аристотель» деп атанған ғалымды анықтаңыз.
А) Платон. В) Анақарыс. С) Әл-Фараби. Д) Қ.И.Иасауи. Е) Әли ибн Сина.
25. Әл Фараби кім болғанын белгілеңіз.
А) Ғалым. В) Биші. С) Қоғам қайраткері. Д) Суретші. Е) Жазушы.
Ұлы адамдар.
3-нұсқа.
1. «Невада-Семей» қозғалысының президентін табыңыз.
А) С.Әбдильдин. В) Амантай қажы. С) О.Сүлейменов. Д) М.Шаханов. Е) Р.Сейсембаев.
2. Әйтеке кім болғанын анықтаңыз.
А) Тілмаш. В) Әнші. С) Би. Д) Суретші. Е) Хан.
3. Мемлекеттік елтаңбаның авторларын анықтаңыз.
А) Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков. В) Шота Уәлиханов, Жадыра Дәрібаева.
С) Нұрсұлтан Назарбаев, Шәмші Қалдаяқов. Д) Жандарбек Мәлібеков, Шәмші қалдаяқов.
Е) Шәкен Ниязбеков, Жандарбек Мәлібеков.
4. «Қарлығаш әулие» , қарлығаш би аталған кім, белгілеңіз.
А) Бәйдібек би. В) Бөлтірік шешен. С) Төле би. Д) Қазыбек би. Е) Әйтеке би.
5. Атақты «Отырар сазы» оркестірінің бас дирижерін белгілеңіз.
А) Құрманғазы Сағырбаев. В) Аблахат Есбаев. С) Дина Нүрпейісова. Д) Нұрғиса Тілендиев.
Е) Мұқан Төлебаев.
6. Шешенге ең қажетті қасиетті табыңыз.
А) Келісімпаз болу. В) Көп тіл білу. С) Сөзге тапқырлық . Д) Көп сөйлеу. Е) Өзін көрсету.
7. Талғат Мұсабаев кім екенін табыңыз.
А) Әртіс. В) Әнші. С) Ғарышкер. Д) Тарихшы. Е) Ақын.
8. Қазақстан Республикасы мемлекеттік Әнұранының әнін жазған кім?
А) Н.Назарбаев. В) Ш. Сариев. С) Ш. Қалдаяқов. Д) Ж. Нәжімеденов. Е) Ш. Айманов.
9. Абылай қазақ елінде хан болған жылдарын көрсетіңіз.
А) 1825-1853ж. В) 1725-1770ж. С) 1771-1781ж. Д) 1734-1761ж. Е) 1756-1786ж.
10. Қазақтың кәсіби операсының негізін қалаған композиторды анықтаңыз.
А) А.В. Затаевич. В) Е.Г.Брусиловский. С) Н.Тілендиев. Д) Л.Хамиди. Е) Ахмет Жұбанов.
11. Құрманғазының шәкіртін атаңыз.
А) Дина. В) Мұқан. С) Дәулеткерей. Д) Қазанғап. Е) Ескендір.
12. Бауыржан Момышұлы кім екенін анықтаңыз.
А) Үш мәрте Кеңес Одағының батыры. В) Сазгер, әнші. С) Мұғалім, оқытушы. Д) Жазушы, батыр. Е) Ұшқыш.
13. Ш. Айманов еңбек еткен саланы көрсетіңіз.
А) Кино өнері. В) Кәсіпкер. С) Жазушы. Д) Мүсін өнері. Е) Саз өнері.
14. Мемлекеттік тудың авторын анықтаңыз.
А) Шоқан Уәлиханов. В) Шәкен Ниязбеков. С) Шота Уәлиханов. Д) Нұрғиса Тілендиев.
Е) Қаныш Сәтбаев.
15. Ш. Аймановтың өмір сүрген жылдарын көрсетіңіз.
А) 1899-174ж. В) 1914-1970ж. С) 1904-1975ж. Д) 1915-1980ж. Е) 1916-1985ж.
16. «Қазақ хрестоматиясы» деген кітаптың авторы.
А) М.Әуезов. В) М.Жұмабаев. С) Қ.Мырзаиев. Д) Ы.Алтынсарин. Е) А.Байтұрсынов.
17.Құрманғазының шығармаларын көрсетіңіз.
А) «Салқылдақ», «Қосбасар» В) «Адай», «Сарыарқа» С) «Қыз Жібек», «Ақ тентек»
Д) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» Е) «Біржан-Сара», «Мақпал»
18. «Араб музыкасының тарихы» кітабының авторы.
А) Қ.Сағырбаев. В) Әл-Фараби. С) Н.Тілендиев. Д) Ә.Қашаубаев. Е) А.Құнанбаев.
19. Әз Жәнібек ханның кеңесшісін көрсетіңіз.
А) Жиренше шешен. В) Төле би. С) Қазыбек би. Д) Әйтеке би. Е) Бұқар жырау.
20. «Шоқан Уәлиханов» портіретінің авторын табыңыз.
А) Н.Хлудов. В) Сабыр Мәнбаев. С) Қанапия Телжанов. Д) Молдахмет Кенбаев. Е) Ә. Қастеев.
21. Абайдың әжесін табыңыз.
А) Ұлжан. В) Зере. С) Айгүл. Д) Шолпан. Е) Айғаным.
22. Қазақ музыкасын әлемге тұңғыш танытқан әншіні көрсетіңіз.
А) К.Бәйсейітова. В) Қ.Жандарбекова. С) К.Қуанышбаев. Д) Ә.Қашаубаев. Е) Б.Төлегенова.
23. Атақты «Менің Қазақстаным» әнін жазған композиторды көрсетіңіз.
А) Ш.Қалдаяқов. В) А.Жұбанов. С) Е.Брусиловский. Д) Н.Тілендиев. Е) М.Төлебаев.
24. «Тілден артық қазына жоқ ,
Тілден артық қасиет жоқ» сөздерінің авторын табыңыз.
А) А.Жұбанов. В) Н.Назарбаев. С) Б.Момышұлы. Д) С.Торайғыров. Е) Ә.Тәжібаев.
25. Қыпшақ , керей, найман руларын жан-жақты зерттеген ғалымды көрсетіңіз.
А) Т.Рұсқұлов. В) Ә.Қастеев. С) Ш.Уәлиханов. Д) А.Құнанбаев. Е) Ж.Жабаев.
Достарыңызбен бөлісу: |