БІЛІМ БЕРУ ЖҤЙЕСІНДЕГІ ЖАҢАША БАҒЫТТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
Қаспақбай Ә.
«Педагогика және психология» мамандығының 3курс студенті
Ғылыми жетекшісі: Тауекелова А.Е.
Қай мемлекеттіңде негізгі тірегі - асқақтаған күмбездер де, ғимараттар да,
экономикалық жағдай да емес, білімді де білікті, іскер де, белсенді адамдар.
"Біздің балаларымыз білімі жоғары жұмысшылар мен фермерлер, инженерлер,
банкирлер және ӛнер қайраткерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер, зауыттар мен
биржалардың иелері болады (Қазақстан-2030 бағдарламасы). Әрине,
"келешектің иесі - жастар". "Жастар ӛзінің ата-анасынан гӛрі заманына кӛбірек
ұксас келеді. (И.С.Кони). Сондықтан қоғам талабына сай, сол қоғамды
кӛркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз.
Қоғамның дамуына қарай ғылым мен техниканың деңгейі де, оны басқару
жүйесі де ӛзгеріп отыратыны белгілі. Осыған орай маман қызметінің мазмұны
жаңарып, жаңа мақсат, жаңа кӛзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа
мүмкіншіліктерді қажет етеді. Ондай мүмкіншілік тек білім арқылы келеді.
Білім - қоғамды әлеуметтік, мәдени-ғылыми прогреспен қамтамасыз ететін
ғажайып құбылыс, адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғары құндылық. Оның ең
негізгі қызметі - адамның менталитетін, адамгершілігін, шығармашылық
қабілетін қалыптастыру, дамыту. Осыған орай егеменді еліміз ӛзінің дамуының
ең басты алғы шарты - білім беру жүйесінің білім ғасырындағы міндеті мен
мазмұнын айқындап берді [1].
Білім беру сатыларының сабақтастығын камтамасыз ететін білім беру
процесінің үздіксіздігі, оқу мен тәрбиенің бірлігі, білім беруді басқарудың
демократиялық сипаты, білімнің, ғылымның және ӛндірістің интеграциялануы,
106
ақпараттануы, оқушыларды кәсіптік бағдарлау, білім беруді саралау,
ізгілендіру, гуманитарландыру және т.т. – білім беру саласындағы мемлекеттік
саясаттың негізгі принциптері. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының
ғылым және ғылыми-техникалық саясат тұжырымдамасында да ғылымды
демократияландыру, интеграциялау, инновациялық процестің білім, ғылым
саласында кең ӛріс алуы да атап кӛрсетілген [2].
Ұлттық білім үлгісінің негізгі бағыты - адамды қоғамның ең негізгі
құндылығы ретінде тану, оның қоғамдағы орны мен рӛліне, әлеуметтік
жағдайына, психикалық даму ерекшелігіне мән беру, сол арқылы оның рухани
жан-дүниесінің баюына, саяси кӛзқарасының, шығармашылық еркіндігі мен
белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасау, мүмкіндік
беру. Яғни, XXI ғасырдың маманы – жаратылыстану мен гуманитарлық
ғылымдар бойынша ой-ӛрісі кең, жан-дүниесі бай, ұлттық менталитеті жоғары,
кәсіби білікті маман, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай алатын,
басқаның пікірімен санасатын, кез келген ситуациядан шығудың жолын таба
алатын, жауапкершілік сезімі жоғары, қоғамда белгілі бір рӛл атқаратын,
қайталанбайтын дара тұлға болуы тиіс. Ал мұндай мүмкіндіктің негізі - жоғары
білімде. Ӛйткені жоғары білім – үздіксіз білім беру жүйесінің шешуші тетігі.
Сондықтан білімгерді тек маман ретінде ғана қарамай, оны ӛз қоғамының
азаматы, жеке тұлға, келешектің иесі, тірегі ретінде тану, соған мүмкіндік
жасау қажет. Ұлттық үлгідегі жаңа парадигманың негізгі бір мәселесі –
білімгерге іргелі де терең, тиянақты да жүйелі білім беру. Іргелі білім берудің
міндеті – адамды ғылыми ойлауға, болмысты тану, оны қабылдаудың әдіс-
тәсілдерін білуге, ӛзін-ӛзі дамытуға, ӛз бетімен білім алуға, ізденуге іштей
қажеттілігін туғызу.
Еліміздің егемендік алып, қоғамдық ӛмірдің барлық, соның ішінде білім
беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгілендіру мектепті осы
кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.Білім
мазмұны жаңа үрдістік біліктермен, ақпаратты қабылдау қабілеттерінің
дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру
бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде. Атап айтқанда:
•Есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді
пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға кӛшу;
• Білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық
құрылым жүйесіне кӛшу;
• Оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап
оқыту бағдарламасына кӛшу.
Кез-келген елдің экономикалық қуаты, халқының ӛмір сүру деңгейінің
жоғарлығы, дүние жүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің
технологиялық даму деңгейімен анықталмақ. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа
технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға
қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі.
Экономикалық күшті дамыған елдердің тәжірибесі экономика, ғылым және
107
мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі кілті екендігін кӛрсетіп отыр. Ендеше
қазіргі заманның ақпараттық технологиясын игеру міндетіміз [3].
Білім беру - аса күрделі әлеуметтік-экономикалық механизм. Оны
реформалаудың мәселелері де сан қырлы. Қазіргі кездегі Республикамызда
қолға алынған білім беру жүйесін реформалау ісі осы саланың экономикалық-
ұйымдық, құқықтық, құрылымдық жақтарын түбегейлі ӛзгертуге бағытталған
біртұтас кешенді шаралармен тығыз байланысты. Білім беру ісіндегі жаңа
үрдістің мән-мағынасы, сипаты мен бағыт-бағдарын айқындаушы дәйекті
факторлар:
•Қазақстан Республикасының тәуелсіз егеменді мемлекет болып
қалыптасуы;
•экономиканың нарықтық моделін ұстанып, меншіктің түрлі пішімдерін
дамыту;
•ұлттық білім беру ісінің әлемдік білім жүйесіне кіруі болып
отыр.1999жылы қабылданған "Білім туралы" Заңда құрылымы мен
мазмұныжағынан да жаңартылған ұлттық білім беру жүйесінің жаңа моделі
жасалды. Осы жаңа модельге сай білім беру жүйесі 4 деңгейге: мектеп жасына
дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білімге, жоғары кәсіби білімге, жоғары оқу
орнынан кейінгі кәсіби білім беруге бӛлініп, 1997 жылы ЮНЕСКО ұсынған
халықаралық білім беру жіктемесіне мейлінше сәйкестендірілді.Мектеп жасына
дейінгі тәрбиелеу мен оқыту шеңберінде 5 (6) жасар балаларды міндетті түрде
мектепалды даярлықтан ӛткізу кӛзделген. Бұл - мектепке оқуға қабылдау
барысында балаларға бірегей бастау мүмкіндігін тудыратын маңызды шара
болмақ.Жаңа модельге сәйкес орта білім беру жүйесі жалпы орта, бастауыш
кәсіби және орта білім беруді қамтиды.
Базалық білім мектеп қабырғасында беріледі. Тоғызыншы сыныпты
бітіргеннен кейін оқушылар тек кәсіптік мектептерде ғана емес, сонымен қатар
кәсіби орта білім беретін оқу орындарында да оқуын жалғастыра алады.
Жоғары кәсіби білім беру құрылымы үш сатыдантұрады: жоғары базалық
білім (бакалавриат), жоғары арнаулыбілім, жоғары ғылыми-педагогикалық
немесе мамандандырылған білім (магистратура).
Еліміздің егемендік алып, қоғамдық ӛмірдің барлық, соның ішінде білім
беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгіліктендіру мектепті
осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол
ашты.Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып,
әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда [4].
Қазір Республика оқу орындары, педагогикалық ұжымдары ұсынылып
отырған кӛпнұсқалыққа байланысты ӛздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі
бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі
нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа
идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын
оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай
таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор.Қазіргі білім беру саласындағы
оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман
108
болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық,
кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа кӛптеген адами
келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, ӛзін-ӛзі дамытып, оқу-тәрбие
үрдісін тиімді ұйымдастыруына кӛмектеседі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі тізімі:
1. Жанпейісова М.М. Технология модульного обучения. Актобе. РИПК СО,
1999.
2. Қазақстан Республикасы ―Білім мемлекеттік бағдарламасы‖ / Қазақстан
мұғалімі. – 2000. - №33-34
3. Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы. –
Алматы: Қазақстан,1994ж
4. Қазақстан Республикасында орта білімнің дамыту тұжырымдамасы. –
Алматы: Қазақстан,-1997, 34б.
Достарыңызбен бөлісу: |