«МӘҢгілік ел идеясы алаш зиялыларының ТҦЛҒалық ТҦҒыры»



Pdf көрінісі
бет45/115
Дата10.02.2023
өлшемі2,86 Mb.
#66930
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   115
Байланысты:
Conference 1.(30.11.2016) (1)

 
 
 
 
 
 
 


129 
МӘҢГІЛІК ЕЛ – БҤГІНГІ БІЗДІҢ ТҤСІНІГІМІЗДЕГІ МЕМЛЕКЕТ 
 
Нуркенова Г. 
«Педагогика және психология» мамандығының 2-курс студенті
Ғылыми жетекші Мусирова Г.Б 
«Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы».
Н.Ә.Назарбаев. 
Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арман. Ол 
арман-әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып 
тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Кӛне түркілер аңсаған 
Мәңгілік Ел – бүгінгі біздің түсінігіміздегі мемлекет. Мәңгілік Ел идеясын 
жаңғырту арқылы Қазақ мемлекеті ӛзін ежелгі Ұлы Даланың мұрагері, кӛне 
ұлттық дәстүрлердің жалғастырушысы ретінде танытуда. Сан ғасырлар бойы 
ата-бабамыздың арманы, бүгінгі ұрпақтың ақиқаты болған қасиетті тәу-
елсіздігімізді, елдігімізді сақтап, дамыған 30 елдің қатарына қосылу – Мәңгілік 
Ел болудың нысаны. Келешек ұрпақтың жарқын болашағы үшін 
әрқайсымыздың ортақ құндылықтарға ӛз үлесімізді қосуымыз шарт. Мәңгілік 
Ел идеясы – біздің мүдделерімізге, қоғамымыздағы тыныштыққа, 
ынтымақтастыққа қызмет ететін, бағыты мен бағдары анық жол болмақ. Сол 
арқылы бізді бейбітшілік пен келісімді, ұлтaрaлық татулық пен 
толеранттылықты сақтaй отырып, сындарлы сәттерден сүріндірмейтін ұлы 
мұрат. Алдына межелі мақсаттар қоя білетін, ертеңіне сеніммен қарайтын, ділі 
мен дініне берік, жастары алғыр, рухы биік, жақсылыққа жаны құштар халық 
қана тарихта «Мәңгілік Ел» болып қалатыны анық.
Бүгінгі қазақ елінің басты мақсаты – әлеуеті жоғары, экономикасы 
мығым,бірлігі жарасқан, бәсекелестікке қабілетті, ең мықты 30 елдің қатарынан 
кӛріну. Осы ретте, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 
«Мәңгілік Ел» бастамасы ұлы мақсаттарға жетелейтін игі қадам болары анық. 
Бостандық, еркіндік, тәуелсіздік – бабалар арманы. Ал тәуелсіздікке қол 
жеткізген соң оны сақтап қалу, одан да қиын. Тәуелсіздікті сақтап қалу үшін ел 
ішінде алауыздыққа жол бермеу қажет. Ал, ол үшін халыққа біртұтас идея, алға 
жетелейтін бағыт-бағдар, мақсат-мұрат керек. Бүгінде халқымыз «Мәңгілік Ел» 
идеясы – Түркі қағандарының, Қазақ хандарының қалауы, Абайдың арманы, 
Алаш қайраткерлерінің ғасырлар бойы армандаған, елді ымыраға ұйыстыратын, 
ірі мақсатқа жұдырықтай жұмылдыратын, ұлттық идеология екендігін ұғынды. 
Сондықтан да, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын әрбір азамат жалаудай 
желбіретіп, ұстанымдарын, бағыт-бағдарын кӛзінің қарашығындай сақтап, 
жоғалтпай, келер ұрпаққа аманат ете білуі қажет. «Мәңгілік Ел» идеясын іске 
асыру – бүгінгі ұрпақтың парасатты парызы, келешек ұрпаққа тағылым. Осы 
ұлы мұратты жүзеге асырсақ, бабалардың алдындағы қарызымыз бен 
балалардың алдындағы парызымыздың ӛтелері хақ. Қазақстан әлемдегі алып 
елдердің қатарынан ӛз орнын алса, әлемге танылған елдің ұландары ел мен 


130 
жердің иесі болатындай намысты болып жетілсе, ұлттық құндылықтарымыз 
ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырса, «Мәңгілік Елдің» болашағы баянды, келешегі 
нұрлы болары айқын. Мәңгілік ел идеясының тарихи бастамасына кӛз жүгіртер 
болсақ, кӛне түркілердің осы сипаттағы идеясы үш негізден тұрады. Оның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет