«МӘҢгілік ел идеясы алаш зиялыларының ТҦЛҒалық ТҦҒыры»



Pdf көрінісі
бет36/115
Дата10.02.2023
өлшемі2,86 Mb.
#66930
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   115
Байланысты:
Conference 1.(30.11.2016) (1)

 
 
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ БОЙЫНША БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН САБАҚ 
БЕРУ ӘДІСТЕМЕСІ
 
Қуандық А. Н. 
«Биология» мамандығының 3-курс студенті
«Надан жұрттың күні –қараң, келешегі тұман» 
М.Дулатов
Егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ.Сусыз, құрғақ таса кӛлеңке жерге 
дән ексең ӛнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек ӛспейді, 


103 
ӛнбейді. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты мақсат- 
оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. 
Міне, ӛз ұрпағының ӛнегелі, ӛнерлі, еңбексүйгіш,абзал азамат болып ӛсуі үшін 
халық педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылықпен оқу-тәрбие 
үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады. 
Оқытушының міндеті білімді кӛбейту емес, осы білімдерін ӛз бетімен алуға 
мүмкіндік беретіндей құралмен қамтамасыз ету және оқушының жекелей 
дамуы, жеке тұлғаның қалыптасуы, ӛзін ӛзі жетілдіру және қоршаған әлемді 
жетілдірудің инновациялық қажеттіліктерін қалып- 
тастыру. Білім беру үрдісінде жаңа технологияларды дамыта оқыту, оқу-тәрбие 
үрдісінің сапасын жоғарлатуды кӛздейді.Осы тұрғыдан бүгінгі күні жаңа 
технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып 
тәрбие беру мұғалімнің басты міңдеті. Сондықтан әрбір педагог сапалы білім 
беру үшін сабақты үнемі қалыптасқан формада ӛткізуден кӛрі оқытудың жаңа 
технологиясын, жаңа әдіс-тәсілдерін және дәстүрлі емес сабақ түрлерін ӛткізген 
дұрыс. Бұл бағытта білім берудің әртүрлілігі, нұсқадағы мазмұны, құрылымы 
ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар 
арқылы жеткізіледі [1] 
Сондықтан қазіргі таңда жаңа технологиялардың бірі ретінде Кейс 
технологиясын сабаққа пайдалану тиімді. Кейс технологиясы оқытушылардың 
дәстүрлі және қашықтықтан кеңес беруін ұйымдастыру кезінде мәтіндік, 
аудиовизуалды, мультимедиалық оқу-әдістемелік материалдарды жинау және 
оларды 
пайдаланушылардың 
ӛз 
бетінше 
меңгеруі 
үшін 
жіберуге 
негізделген.XX ғасырдың басында АҚШ-тың Гарвард университетінің бизнес 
мектебінде пайда болған.Кейс-стади амал-тәсілі термині алғаш рет 
американдық ғалым Коплендтің еңбектерінде пайдаланылған.Копленд 
1921жылы оқытудың нақты жағдаяттар жинағын шығарып, кейс- стади амал-
тәсілін қолдану жолдарын кӛрсеткен.Кейс-стади амал-тәсілін қолдану –қазіргі 
білім беру талабына, оқушының сабаққа деген қызығушылығын туғызатын 
жеке педагогикалық жаңа инновациялық жүйе. 
Кейс технологиясының негізгі мақсаты: 
-Оқушылардың бойында жаңа қасиеттер мен іскерліктерді қалыптастыру; 
-Әртүрлі мәселелерді талдау және оларды шеше білуге қабілетін дамыту; 
-Ақпаратпен жұмыс жасауды үйрету. 
Оқу үрдісіндегі кейстермен жұмыс жасау технологиясы келесі сатылардан 
тұрады: 
1)Кейс материалдарын зерттеушілердің жеке ӛзіндік жұмысы 
(мәселені сәйкестендіру, негізгі баламаларды тұжырымдау,ұсынылған әрекетті 
немесе шешімді ұсыну) 
2)Негізгі мәселені енгізуге және оны шешуге байланысты шағын топтармен 
жұмыс; 
3)Жалпы дискуссиядағы шағын топтардың тұсаукесерлері және тәжірибе 
нәтижелері; 


104 
Кейс технологиясы оқытуда жасалынған әдістемелік материалдармен іске 
асырылады. [2] 
Биология – XXI ғасыр ғылымы. Сондықтан да ол жаңа ақпараттық 
технологиялармен тығыз байланысты. Қазіргі кездегі білім беру жүйесінің 
негізгі мақсаты оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, оның дамуына кӛп кӛңіл 
бӛлу. Бұл пәнді оқыту мұғалімнен зор міндеттерді талап етеді, ӛйткені ол бүкіл 
сыныптың қажеттіліктеріне жауап беруі тиіс. Қазіргі уақытта Қазақстанның 
жалпы орта білім беретін мектептерінің барлығы дерлік интерактивті тақтамен 
қамтамасыз етілген.
Интерактивті әдіс диалогтік әдіс нәтижесінде сабаққа қатысушылар бір – 
бірімен байланыса отырып, мәселелерді шешеді. Интерактивті тақта мектеп 
сыныптарында әр пән бойынша, соның ішінде биологиядан зертханалық 
сабақтарды ӛткізуде оның тиімділігі жоғары.Қарапайым тақта және компьютер 
проекторына қарағанда, инерактивті тақта сабақ мазмұнын кеңінен ашуына 
мүмкіншілігі зор. Интерактивті тақтаны пайдалану кезінде үлкен жетістікке қол 
жеткізу үшін, сабақ кең кӛлемде жоспарланып, керекті материалдарды дұрыс 
дайындау қажет. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің оқу – тәрбие үрдісін 
жүйелі ұйымдастыруына кӛмектеседі. Сонымен қатар мұғалімнің интеллек -
туалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа кӛптеген адами 
қабілеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Мектептегі пәндерді оқыту 
процесінде компьютермен сабақ ӛткізу мұғалім мен оқушы қарым – қатынасы 
жүйесін, олардың іс - әрекетінің мазмұнын, құрылымын, ӛзгерте отырып, 
олардың мотивациялық эмоционалдық ортасына, сезімінің ӛсуіне әсер етеді. 
Сабақта мұғалім интерактивті тақтаны бір емес бірнеше рет пайдалана алады, 
қарапайым тақтаға қарағанда интерактивті тақта пайдалануға ынғайлы, әрі 
уақытты үнемдейді. Интерактивті тақтаны оқытудың басқа тәсілдеріне 
қарағанда кӛптеген жетістіктері бар. Мұғалім әріптестерімен бірге отырып 
сабақ беру мен уақытты үнемдеу ғана емес, сонымен қатар берілген 
материалдардың сапасын да арттырады. Мұғалімдердің пайымдауынша 
интерактивті бағдарлама олардың жартылай жұмысын атқарады. Мысалы, 
белгілі бір материалды интерактивті тақтада орындау арқылы файлдағы 
белгілермен ӛзгерістерді сақтап қалуға, оны сабақта болмай қалған оқушыларға 
қайта түсіндіруге немесе келесі жолы тағы да қолдануға болады.Мұғалім 
оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын меңгеріп, оны пайдалану арқылы 
ӛзінің материалдық базасын толықтырып, әрі уақытты үнемдейді.Сондықтан 
«қазіргі заманда жастарға жаңа технологиямен байланысты әлемдік стандартқа 
сай мүдделі жаңа білім беру ӛте қажет», жас ұрпаққа білім беру жолында жаңа 
технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы 
зор деп білемін [3]. 
Қорыта келгенде, педагогтің ӛз еңбегіне, сапалы кӛрсеткішіне зерттеу және 
талдау жасау біліктілігіне қарай шығармашылық мынандай деңгейлерге 
бӛлінеді: 


105 
1. Ақпараттық – ӛндірушілік: педагог басқаның тәжірибесін ескере отырып 
нәтижеге жету жолындағы педагогикалық міндеттерді шешеді, нақты 
ситуацияларды шешудің тиімділігін талдауды біледі 
2.Зерттеушілік: педагог ӛзінің ізденісінің тұжырымдамалық негізін анықтай 
біледі, оларды еркін қисындырады. 
3.Креативтік. (шығармашылықты елестете білу) – болжаушылық: педагог 
жоғары міндеттерді ұсыну және оларды шешудің әдістерін негіздеу 
қабілеттерін кӛрсетеді. Мұндай қызмет нәтижесінде ӛмірлік шығармашыл 
инновациялық тұлға қалыптасады. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.«Биология анықтамалығы» журналы №3 16-бет 2015ж 
2.«Биология және салауаттылық негізі» №2 13-бет 2016ж 
3.«Биология және салауаттылық негізі»№6 22-23бет 2015ж. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет